Он тілде оңай сөйлейтін қазақ қызы Көп тілді меңгерген полиглот қазақ қызы – Жұлдызай Назарқызы Форт.
Мамандығы дәрігер әрі психолог болса да, ол он шақты тілді өздігінен
меңгерген. Жұлдызай қазақ, орыс тілдерін қоспағанда алты тілде
жетік сөйлейді. Ал соңғы үйренген швед және грек тілдерін білу деңгейі, өзінің
айтуынша,
нан тауып жей алатындай халде екен. Кейде біз тілдік орта жоқ дегенді сылтауратып, шет тілдерін үйренуді
кейінге шегере береміз. Ал біздің кейіпкеріміз «тілдік ортаны өзіңіз әдейілеп
іздеуіңіз керек» дегенді айтады. Ол: «Қазіргі заманауи технологияның
дамыған заманында тілдік орта жоқ деу – жай ғана сылтау. Ғаламтор арқылы
да тілдік ортаны тауып, қалыптастыруға болады», - дейді.
Тіл үйрену, әрине, оңай шаруа емес. Десе де, Жұлдызай Назарқызы
неғұрлым көп тіл білген сайын өзге тілді меңгерудің соғұрлым оңайға
түсетінін айтады. Себебі ағылшын тілінің 70, орыс тілінің 60 пайызы өзге
тілден енген сөздер екені белгілі. Тіпті ағылшын тілінде қазақ тіліне де ұқсас
сөздер бар екен.
Жұлдызай Назарқызы елімізде жүргізіліп отырған үш тұғырлы тіл
саясатын өте дұрыс шешім деп санайды. Осы орайда Жұлдызай өз
тәжірибесімен былай бөліседі:
- Адам ең болмаса бір шет тілін үйренсе, миында тілді үйрену сызбасы
пайда болады. Егер үш тіл білсең, өзге тілді үйрену оңайға түседі. Тіл
үйренуге, ең алдымен, қызығу керек.
Шын ниетіңмен қызықсаң ғана
қандай да бір
жетістікке жете аласың. Содан кейін қаншама шетелдік
компаниялар мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істеп жүріп байқағаным,
шетелдіктердің өзінің туған тілін білетін қазақтарға деген
құрметі ерекше болады екен. Шетелдік компанияға жұмысқа орналасқанда, олар ең бірінші
саған «ағылшын тілін білесің бе?» деп емес, «ана тіліңді білесің бе?» деген
сауал қояды. «Әрине, білемін, ол менің ана тілім ғой» десең, сені ерекше
құрметтеп, сыйлайды. Ал «білмеймін» десең, саған