Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет68/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

 
5-тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
1. Қазақстандағы туристік нысандар қандай топтарға бөлінеді? 
2. Қандай табиғи-рекреациялық нысандарды білесіз? 
3. Қазақстандағы тарихи-археологиялық ескерткіштерді білесіз бе? 
4. Республика аумағындағы тәуеп ету (діни) туризм нысандарын атаңыз. 
 
6-тапсырма. 
Сұрақтар бойынша пікір алысыңыз. 
 
1)
Сіз қазақстандықтар қайда демалады деп ойлайсыз? 
2)
Сіз Қазақстандағы қандай тарихи орындарға барғыңыз келеді? 
3)
Елімізде туризм саласы қаншалықты дамыған деп санайсыз? 
4)
Әлем елдерінің туризмі, ерекшеліктері туралы не білесіз? 
Грамматика 
Салыстыру мәнді құрылымдар: 
онымен салыстарғанда, оған 
қарағанда, гөрі 
секілді сөздер және сөз тіркестерімен беріледі. 
Мысалы, Елімізде таулы аймақтан гөрі кең жазық дала, қыр басым. 
Жазылым 
 
7-тапсырма. 
 Берілген ойды жалғастырыңыз: 
Баянауылмен салыстырғанда Көкшетаудың ..... 
Туристерге ірі қалалардан гөрі ...... 
Оңтүстікке қарағанда ..... 
8-тапсырма.
 Турист мәдениеті, саяхаттаушы білуге тиіс жауапкершілік 
туралы он сөйлем көлемінде шағын эссе жазыңыз. 


78 
 
9-тапсырма. 
Мәтінге 
сәйкес 
ақпараттарды 
нақтылаңыз,
толықтырыңыз. 
 
Шарын шатқалының тамаша көрінісі кез келген жанды таңғалдырады. 
Шарын өзенінің аңғарында Шаған тоғайы сақталған. Мұндай тоғай дүние 
жүзінде екі жерде: АҚШ-тағы Колорадо штатына қарасты Үлкен каньон мен 
осы Шарын шатқалында ғана кездеседі екен. Осындай табиғаттың тамаша 
сыйы саналатын орынға туристерді көптеп тарту үшін еліміз ... . 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет