Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет69/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

Айтылым 
 
10-тапсырма. 
Ғаламтор желісінен еліміздің көркем жерлері туралы 
мәліметтер қарастырыңыз. Өзіңізге ерекше ұнағандарын айтып беріңіз. 
 
11-тапсырма. Топтық жұмыс. 
Саяхатта болатын қауіп-қатерлердің 
алдын алу туралы ойталқы құрыңыздар. 
 
 
5.6.
ЕЛІМІЗДЕГІ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ ҚАНДАЙ? 
 
Тыңдалым. Айтылым 
12-тапсырма
.
Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз. 
 

Шипа, мөлдір, тұйық көл, мәлім, сауықтыру орындары, шынар, қапыда 
қоршауда қалу, мерт болу, дулыға, мүсін.
13-тапсырма.
Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз. 
а) Әлемдегі ең әдемі жүз жер туралы қызықты мәлімет берілген 
шетелдік басылымдарға Қазақстанның қай өлкесі енгізілген деп санайсыз? 
ә) Әдетте жер-су атауларының шығу тарихы туралы ел ішінде аңыздар, 
түрлі әңгімелер сақталады. Сіз сондай тарихи аңыздардың қайсысын білесіз?
Оқылым. Айтылым 
 
14-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
 
 
Бурабай 
 
 
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы 
өңірі – Бурабай. Ол – емдік қасиетімен және әсем табиғатымен халықтың 
жүрегінен орын алған көл. Ол Көкше тауының шығыс жақ етегінде теңіз 


79 
деңгейінен 320,9 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 4,5 км, ені – 3,9 км, 
орташа тереңдігі – 4,5 м. Көл суы жұмсақ әрі мөлдір. Ең терең тұсында да 
түбі көрініп жатады. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, 
алабұға, сазан, табан, шортан балықтар мекен етеді. Бурабай көлін 
бұрынғылар Күміскөл деп атаған.
Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған 
Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті 
тізбегі – Шортанды, Үлкен Шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, 
тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты 
мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар. 
Бурабай көлі – географиялық атау болса, мұндағы сауықтыру орны 
Бурабай шипажайы 
деп аталады. Бурабай көлінің жағасында аты аңызға 
айналған «Абылай алаңы», «Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Жеке батыр» деп 
аталатын табиғат ескерткіштері бар. Оларды көрген жан таңғалмай тұра
алмайды. 
«Абылай алаңы» – табиғаты ерекше орын. Оны қарағайлы ормандар 
мен жартастар қоршап тұрғандықтан, бұл жер басқа жерлерге қарағанда 
жылы.
«Оқжетпес» шыңы туралы да ел аузында түрлі аңыз-әңгімелер бар. 
Солардың бірі – тасқа айналған батыр туралы аңыз. Шыңда тұрған үш шынар 
батырдың үш әпкесі екен дейді. Батырдың үш әпкесі бірінен бірі өткен сұлу 
болады. Оқжетпес батыр әпкелеріне қорған болады. Бірде жау шауып
төртеуі қапыда қоршауда қалады. Олар Бурабайдай табиғаты көркем туған 
жерлерін жау қолына бермейміз деп Оқжетпес батыр шыңға айналыпты, 
әпкелері оқ жетпейтін шынарға айналыпты.
«Жұмбақтас» хан алдында басына теңдік тимесін сезген соң, көлге 
құлаған қалмақ қызының тас бейнесі делінеді. 
«Жеке батыр» – аңыз бойынша қалың жауға жеке шауып, мерт болған 
алып ер. Алыстан тауға қарасаңыз, оның дулығасын, қалың қабағын, қыр 
мұрнын, иегі мен сақалын көргендей болады. Бұл – табиғат шебердің өз 
қолымен жасаған мүсін-тауы.
https://zharar.kz/id/9331 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет