Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет13/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
20
мақсатқа сәйкестігі мен тиіміділігін, дәрі-дәрмектердің қосалқы әсерін 
дәлелдейтін айқын деректер жинақталады. Сөйтіп, көптеген жағдайларда 
диагноз қою үдерісінде, хирургиялық немесе терапиялық тактика мен 
сырқаттың болжамын анықтауға патологанатом клиника мамандарымен бірдей 
қатынасады деуге әбден болады. Сондықтан да, патологанатом қазір 
клиникалық
 
патолог
 
деп аталатын болды. Жасушалар мен тіндердегі ең 
алғашқы өзгерістерді зерттеу үшін электрондық микроскоп, биохимиялық, 
гистохимиялық, гистоиммунхимиялық және энзимологиялық тәсілдерді 
қолдануға биопсия өте тиімді. Олай болса, ауруды дер кезінде анықтаудың кілті 
тек қана патологанатомның қолында. Цито- және гистохимия, иммун-
гистохимия, радио-автография сияқты жаңа тәсілдерді, әсіресе электрондық 
микроскоппен қоса пайдалану аурудан дамыған құрылымдық өзгерістерді 
функциялық тұрғыдан бағалауға, қалыптасқан үдерістердің мәні мен 
патогенезін, ауытқыған қызметтің компенсациялану деңгейін дұрыс түсінуге 
жол ашады. Сонымен, патологиялық анатомияның теориялық және 
практикалық мәселелерін шешу үшін қазіргі заманда қолданылатын негізгі 
зерттеу объектілерінің бірі биоптат болып отыр. 
Аурудың патогенезі мен морфогенезін айқындау үшін 
эксперименттің
маңызы зор. Аурудың адамға тән үлгісін жануарларға жасау қиын. Дегенмен, 
көптеген аурулардың үлгісі жасалды да, жасалып та жатыр, олар сол 
аурулардың патогенезі мен морфогенезін тереңдеу түсінуге көп септігін 
тигізуде. Адам ауруларының үлгісі дәрі-дәрмектердің әсерін зерттеп, операция 
тәсілдерін клиникада қолданбас бұрын жетілдіру үшін пайдаланылады. 
Сонымен, қазіргі патологиялық анатомияны 
клиникалық
 
патология 
деп
 
атау 
әбден дұрыс. 
Аурудың құрылыстық негізін зерттеу мынадай құрылымдық: организмдік, 
жүйелік, мүшелік, тіндік, жасушалық, субжасушалық және молекулалық 
деңгейлерді қамтиды. 
Организмдік деңгей 
мүшелер мен жүйелердің ауру организмдегі 
арақатынасын саралап, ондағы алуан түрлі өзгерістерді толық қамтуға 
мүмкіндік береді. 
Жүйелік деңгей
– атқаратын қызметі ортақ қандай да болмасын мүшелер 
немесе тіндер жүйесін (мысалы, дәнекер тін жүйесі, қан жүйесі, асқорыту 
жүйесі, т.б) зерттеу деңгейі. 
Мүшелік деңгей
мүшелер мен тіндердегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік 
береді. Кейде бұл өзгерістер жай көзбен жақсы көрінсе, енді бірде – 
микроскопты қолдануға тура келеді. 
Тіндік және жасушалық деңгей
- өзгерген тіндерді, жасушалар мен 
жасушааралық затты жарық оптикасын қолданып зерттеу деңгейі. 
Субжасушалық 
деңгей аурудың ең алғашқы морфологиялық көріністері 
болып табылатын жасуша мен жасушааралық заттың ультрақұрылымдық 
өзгерістерін электрондық микроскоппен байқауға мүмкіндік береді. 
Молекулалық
деңгейде ауруды электрондық микроскопты, цитохимия, 
радиоавтография, иммундық гистохимия тәсілдерін кешенді қолдана отырып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет