Нуржігіт Алтынбеков 23
Ресейде ең бірінші патологиялық анатомия кафедрасы 1849 жылы Мәскеу
университетінің медицина факультетінде терапевт И.В. Варвинскийдің
бастауының арқасында ашылды. Кафедраны И.В. Варвинскийдің шәкірті проф.
А.И. Полунин (1820-1888) басқарды. А.И. Полунин мәскеулік патологанатомдар
ғылыми мектебінің іргетасын қалап, патологиялық анатомияны клиника-
анатомиялық тұрғыдан зерттеу бағытын бастап берді. Бұл кафедрада Мәскеу
университетінің құрамында 140 жыл болғанда да, 1930 жылдан бастап І Мәскеу
медицина институтының патологиялық анатомия кафедрасы аталғаннан бері де,
бір дәстүр қатаң сақталуда – кафедраның «аса таяғы» ұстаздан шәкіртке үздіксіз
ұласып, 1849 жылдан бері осы кафедраның жеті түлегі – А.И. Полунин,
И.Ф..Клейн, М.Н. Никифоров, В.И. Кедровский, А.И. Абрикосов, А.И. Струков,
В.В. Серов дәстүрді үзбей жалғастырып отырды.
Мәскеу патологанатомдары ғылыми мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі –
М.Н. Никифоров (1858-1915) Мәскеу университетінің патологиялық анатомия
кафедрасын 1897 жылдан 1915 жылға дейін меңгерді. Ол грануляциялық тін,
қайталамалы сүзек, хорионэпителиома туралы ғылыми еңбектер мен
патологиялық анатомияның оқулығын жазып, Ресейдің біраз қалаларында
патологиялық анатомия кафедрасын басқарған көптеген шәкірттер түлетті. М.Н.
Никифоровтың ең дарынды шәкірттерінің бірі А.И. Абрикосов 1920 жылдан
1952 жылға дейін Мәскеу университетінің патологиялық анатомия кафедрасын
меңгеріп,
КСРО-да
патологиялық
анатомияның
ғылыми
және
ұйымдастырушылық
негіздерін
қалады.
Ол
кеңестік
патологиялық
анатомияның негізін қалаушы ретінде шын мәнінде танымал. А.И. Абрикосов
–
өкпе туберкулезінің алғашқы бейнесі, миобластылардан өнетін ісік, ауыз қуысы
мен бүйректің патологиясы жайлы және басқа да мәселелерге арналған аса
атаулы еңбектердің иесі. Ол студенттерге арналған 9 рет жарық көрген оқулық
пен дәрігерлерге арналған көптомдық еңбек жазып, көптеген шәкірттер өсірді.
А.И. Абрикосов – Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Балалық шақ аурулары патологиялық анатомиясының негізін салған М.А.
Скворцов (1876-1963) пен патологиялық анатомияны нозологиялық бағыт
тұрғысынан оқытуды бастаған, жалпы патология, инфекциялық патология,
геронтология мен соғыс жарақаттары мәселелеріне және биология мен
медицинаның философиялық негіздеріне арналған ғылыми еңбектерімен әйгілі
И.В. Давыдовский (1887-1968) де осы Мәскеу патологиялық анатомия
мектебінің аса беделді өкілі болып табылады. И.В. Давыдовский – Социалистік
Еңбек Ері, Лениндік сыйлықтың лауреаты. А.И. Абрикосовтың шәкірттерінің
ішінде І Мәскеу медицина институтының патологиялық анатомия
кафедрасынан түлеп, патологиялық анатомияның дамуына айтарлықтай үлес
қосқан С.С. Вайльді (1898-1979), кейін еңбек жолын Ленинградта жалғастырған
В.Т. Талалаевты (1886-1947), Н.А. Краевскийді (1905-1985)