Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет11/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   832
Байланысты:
струков патан

клиника-анатомиялық бағыт

Ауырғанда организмнің қалыпты функциясы бұзылады, сондықтан ол да 
тіршіліктің құрылымдық және функциялық өзгерістері тығыз сабақтастықта 
жүзеге асатын бір көрінісі. Өзіндік құрылымдық негізі болмайтын функциялық 
өзгерістер болмыста жоқ. Сондықтан патологиялық анатомия 
құрылым
мен 
функцияны тығыз сабақтастықта
қарастырып,
бірлестік қағидаты 
негізінде зерттейді. 
Патологиялық үдерістер мен ауруларды зерттеу барысында патологиялық 
анатомия олардың себептеріне (этиология), даму механизмдеріне (патогенез), 
ол механизмдердің морфологиялық негізіне (морфогенез), аурулардың әр қилы 
ақырына, яғни аурудан айығу мен оның механизмдеріне (саногенез), мүгедектік 
пен асқынулық зардаптарына, өлім мен оның механизмдеріне (танатогенез) 
ерекше назар аударады. Сондай-ақ, патологиялық анатомия диагноз жайлы 
ілімді де жетілділіріп отырады. 
Соңғы жылдарда патологиялық анатомия аурулардың дәрігерлік көмекпен 
байланысты (ятрогения) өзгерістеріне (патоморфоз) ерекше назар аударуда. 
Патоморфоз
— кең ауқымды ұғым; бірде ол адамның тұрмыстық жағдайына 
байланысты болып, сырқаттану мен өлім-жітімнің үлестік құрамын, яғни 


Нуржігіт Алтынбеков 
19
зерттеу аурулардың жалпы сипаттық өзгерістерін көрсетсе, енді бірде, нақты 
бір аурудың – нозологияның 
(нозоморфоз
), әдетте дәрі-дәрмектермен 
емдегенде 
(терапиялық
патоморфоз
) қалыптасқан тұрақты клиника-
морфологиялық өзгерістерін бейнелейді. 
Ятрогения
(терапиялық патология), 
яғни дәрігерлік іс-әрекеттерден (дәрі-дәрмекпен емдеу, инвазиялық диагностика 
тәсілдері, операциялық көмек) дамитын аурулар әр алуан, олардың дамуына 
дәрігерлік қателік себеп болады. Соңғы ондаған жылдарда ятрогениялар 
біртіндеп көбеюде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет