Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет151/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
135
қуыстарына жиналған транссудаттың қабынулық экссудатқа (мысалы, асциттің 
асцит-перитонитке) айналуына да түрткі болады. 
Тіндердегі сұйықтықтың азаюы – сусыздану (дегидратация), немесе эксикоз 
(латынша: 
siccus
– құрғау) деп аталады; қандағы судың мөлшері азаяды, яғни 
ангидремия байқалады. 
Эксикоз дамығандардың 
сыртқы пішіні
осы үдеріске тән. Ондай адам қатты 
жүдейді; терісі әжімделіп, мұрыны пістиіп, беті қушиып, көз ұясы үңірейеді. 
Қаны қойылып, қоңыр реңді болады. Сірі қабыршалары құрғап, шырыштанады. 
Кішірейген мүшелерінің қабығы қатпарланады. Эксикоз организм сұйықтығын 
тез және тым көп жоғалтатын тырысқақ, ұзақ мерзімді іш өту мен диспепсия 
сияқты ауруларда кездеседі. Кейде сусыздануға кома да (мысалы, энцефалиттік) 
себеп болады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
136
Қабыну 
Жалпы мағлұмат 
Қабыну
– тіндері әртүрлі агенттердің әсерінен зақымдалған организмнің 
тамырлары мен мезенхималық құрылымдар арқылы жергілікті, кешенді 
жауабы. Бұл жауап кеселді агентті жойып, зақымдалған тіндерді қалпына 
келтіруге бағыталған. Қабыну – потологиялық және физиологиялық үдерістерге 
негізделіп, филогенезде қалыптасқан қорғаныстық–бейімделулік үдеріс. Оның 
құрамында патологиялық та, физиологиялық та үдерістер бар. Осы қос мәнділігі 
– оның өзіндік ерекшелігі. 
ХХ ғасырдың соңында И.И.Мечников қабынуды эволюцияда қалыптасқан 
қорғаныстық жауап деп есептеген. Бұның бір дәлелі 

макрофагтар мен 
микрофагтардың патогендік агенттерді сіңіріп жоюы, яғни фагоцитоз арқылы 
организмді айықтыруы. Бірақ И.И.Мечниковке қабынудың репарациялық мәні белгісіз 
болған. Сондықтан ол қабынудың қорғаныстық сипатын ерекше атай отырып, қабыну 
организмді айықтыруға бағытталған табиғи күш деп танығанмен, толық айқтыру үшін 
қажетті кемеліне әлі жетпеген үдеріс деп бағалаған. И.И.Мечниковтің пікірінше
аурулардың басым көпшілігінің қабыну үдерісіне негізделіп, өлімге ұшырататыны да 
соның дәлелі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет