Нуржігіт Алтынбеков
143
Қабыну кезіндегі көбею үдерісіне эпителий де қатынасады (XII тәсімді қара).
Ол әсіресе тері мен кілегейлі қабықшаларда (асқазан, ішек) жақсы көбейеді.
Эпителий
көбейе келе, полип қалыптастыруы мүмкін. Қабыну ошағындағы
көбею үдерісі зақымның жазылуын (репарация) қамтамасыз етеді. Дегенмен,
көбею үдерісіндегі эпителийлік құрылымдардың жетілуі үшін
дәнекер тін
толысуы қажет (Гаршин В.Н., 1939).
Барлық компоненттері қалыптасқан қабыну үдерісі құрсақта даму кезеңінің
соңында ғана байқалады. Шаранадағы, жаңа
туған сәби мен баладағы
қабынудың бірқатар ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі – оның құрамында
альтерация және пролиферация басым болады;
өйткені олар филогенездік
тұрғыдан көне үдерістер. Қабынудың жас шамасына байланысты екінші
еркешелігі – баладағы жергілікті үдеріс жайылып, жалпы сипат алуға
(генерализация) бейім; баланың иммунгенездік мүшелерінің
және бөгендік
тіндерінің құрылымы мен қызметі толық жетілмеген.
Қабынуды реттеу.
Қабынудың даму барысы гормондық, жүйкелік және
иммундық әсер арқылы реттеледі. Гипофиздің соматотроптық гормоны (СТГ),
дезоксикортикостерон, альдестерон сияқты қабынуды үдететіні (
қабынуды
үдеткіш
гормондар
),
ал
глюкокортикоидтар
мен
гипофиздің
адренокортикотропты гормоны (АКТГ) бәсеңдететіні (
қабынуды тежейтін
гормондар
) белгілі жайт.
Холинергиялық
заттар
қабынуды үдететін
гормон
сияқты қабынулық медиаторларды көбейтсе,
адренергиялық
заттар
, керісінше,
медиаторлар белсенділігін бәсеңдетіп, қабынуды тежейтін гормон тәрізді әсер
етеді. Қабынулық үдерістің
даму қарқыны мен бейнесіне
иммундық
ахуалдың
да
ықпалы бар. Қабыну әсіресе антигенмен дем бергенде (сенсибилизация) өте
қарқынды; қабынудың бұл түрі
иммундық
, яғни
аллергиялық
қабыну деп
аталады. («
Иммунпатологиялық үдерістерді
»
қара
).
Қабынудың
ақыры
оның этиологиясы мен сипатына, организмнің ахуалы
мен ол дамыған мүшенің құрылымына байланысты.
Тіндер ыдырағанда қалатын
өнімдерді ферменттер ыдыратып, фагоциттер сіңіріп жояды. Жасушалар көбейе
келе, қабыну ошағына біртіндеп дәнекер тін өседі. Егер қабыну ошағы онша
үлкен болмаса, бұрынғы тіндер қайта қалпына келеді. Қабыну ошағы тым
ауқымды болса, зақымды жерді тыртықтық дәнекер тін жайлайды.
Достарыңызбен бөлісу: