қабыну емес ,
некроз үдерісі ғана. Альтерациялы қабыну концепциясы Р.
Вирхов ұсынған (кейін қателік деп танылған) «нутритивтік теория» негізінде
қалыптасқан-ды, сондықтан қабынудың бұл нысаны
паренхималық қабыну деп аталған.
Қабынудың морфологиялық нысандары Э КССУДАТТЫ Қ АБЫНУ Экссудатты қабыну кезінде экссудация фазасы басым болып, тіндер мен
дене қуыстарына экссудат жиналады. Экссудаттың құрамы мен қабынудың
дамыған жеріне қарай, экссудатты қабыну: 1) ұйымалы; 2) фибринді; 3) іріңді;
4) шіритін; 5) геморрагиялы; 6) катарлы және 7) аралас түрлерге жіктеледі.
Ұйымалы қабыну . Ұйымалы экссудаттың құрамына 2%-дай белок кіріп,
шамалы ғана жасушалар араласады. Қабынудың бұл түрі, әдетте жедел ағымды.
Көбіне қабыну сірі қабықшалы қуыстарда, кілегейлі мен ми қабықшаларында,
кейде ішкі мүшелерде, теріде дамиды.
Морфологиялық бейнесі. Сірі қабықшалы қуыстарға экссудат жиналып, оған
сыдырылған мезотелийдің бірен-сараны және бірлі-жарым нейтрофилдер
араласады. Бұл экссудат – ылайсаң сұйықтық. Сірі қабықша толыққанды
болады.
Ұйымалы менингиттің де бейнесі тап осындай.
Кілегейлі қабықшалар қабынса, толыққанды болып, экссудатқа сыдырылған эпителий мен шырыш
араласып,
ұйымалы катар дамиды (төменде берілген катарлы қабынудың
сипаттамасын қара). Ұйымалы экссудат
бауырдың синусоидтық кеңістіктерінің
төңірегіне (65-сурет),
миокардтың бұлшықет талшықтарының арасына,
бүйректің шумақтар қабықшасының саңылауына жиналады.
Тері қабынса,
мысалы күйсе немесе үсісе, эпидермисінің астына сұйықтық жиналып,
күлдірейді.