Нуржігіт Алтынбеков
142
Тінге жиналған экссудатта қанның сұйық бөлімінен гөрі жасушалар көп
болса, оны
қабынулық жасушалы инфильтрат
деп атайды; құрамында
гематогендік немесе гистиогендік жасушалар үлесі басым болуы мүмкін.
Пролиферация
(көбею) – қабынудың зақымды тіндерді қалпына келтіруге
бағытталған соңғы фазасы. Көбінесе мезенхиманың камбийлік жасушалары мен
В- және Т-лимфоциттер, моноциттер көбейеді. Қабыну ошағындағы жасушалар
көбейе келе, толысып, басқа жасушаға айналады (
трансформация
):
мезенхиманың
камбийлік жасушалары
фибробластыларға
; В-лимфоциттер
плазмацитке
(XII тәсім), ал Т-лимфоциттер басқа жасуша түріне ауыспайтын
сияқты. Моноциттер
гистиоциттер
мен
макрофагтарға
бастау болады.
Макрофагтардан
эпителиоид
және «
алып
»
жасушалар
(бөгде
денелік пен
Пирогов–Лангханс жасушалары) туындайды.
Фибробластылар өзінің әр көбею кезеңіне сәйкес,
коллаген
белогы мен
гликозамингликандарды
өндіріп,
аргирофильді
мен
коллагенді
талшықтар
және
дәнекер
тіннің
негізгі
заты
пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: