Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


сенсибилизациялы лимфоциттер мен макрофагтар



Pdf көрінісі
бет180/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   832
Байланысты:
струков патан

сенсибилизациялы лимфоциттер мен макрофагтар
қатынасады. 
Иммундық шиеленіс ошағындағы лимфоцит-макрофагты инфильтраттар – ГБТ-
ға негізделген созылмалы иммундық қабынудың бейнесі. 
Нысана-жасушаларды қиратуды, яғни 
жасушалардың иммунологиялық 
цитолизін
, лимфоцит-киллерлердің белок-перфориндері жүзеге асырады (XIII 
тәсімді қара
). Макрофагтар антигенмен иммунитеттің жасушалық медиаторлары, 
яғни лимфокиндер мен жасушалардың үстіне сіңген цитофилді антиденелер 
арқылы спецификалы әрекеттеседі. Сөйтіп, лимфоциттер мен макрофагтар 
өзара түйісіп, жасушалар антиген жайлы өзара ақпарат алмасуына қызмет ететін 
цитоплазмалық дәнекерлер
түзеді. Иммундық негізде дамитын жасушалық 
цитолизге жасушалық антиденелермен, яғни NK- және K-жасушалар да 
қатынасауы мүмкін (XIII 
тәсімді қара
). 
Сондай-ақ, ГБТ-лық жауапта Т-лимфоциттердің де қатынасатындығының 
дәлелі, сенсибилизациялы Т-лимфоциттер арқылы ГБТ-ны басқа организмге 
дарытуға болады. 
Тамырлық-плазмаррагиялы және паренхималық-дистрофиялық үдерістермен 
қосарлана дамып, лимфоцит-гистиоцитті және макрофагты инфильтраттар 


Нуржігіт Алтынбеков 
160
түзген 
қабынуды, 
инфильтраттың 
құрамындағы 
жасушалар 
мен 
сенсибилизациялы лимфоциттер арасындағы байланыстылықты дәлелдегеннен 
кейін ғана иммундық, яғни ГБТ-лық қабыну деп есептеуге болады. Бұл 
гистохимиялық және электрон-микроскоптық деректермен ғана дәйектеледі (78-
суретті қара
). 
ГБТ-ның клиникалық және морфологиялық бейнесіне антиген дарытқан 
терінің туберкулин типті жауабы, контактылық дерматит (контактылық 
аллергия), аутоиммундық аурулар, бірқатар вирустық және бактериялық 
(туберкулез, бурцуллез, туляремия) инфекциялардағы жауап жатқызылады. 
ГБТ-ның морфологиялық бейнесі – гранулематоз («
Пролиферациялы (өнімдік) 
қабынуды
» 
қара
). 
ГБТ-ны клиника мен экспериметте анықтау үшін қолданылатын бірқатар критерийлер 
мен тәсілдер бар. Іn vivo ГБТ антигенді теріге дарыту тәсілімен анықталады. Ол үшін 
ГБТ бір жануардың лимфоидтық мүшесінің жасушасы арқылы, яғни пассивті 
дарытылады. ГБТ-ны іn vinro анықтау үшін: антигеннің немесе бейспецификалық 
антигендік тітіркендіргіштің әсеріне лимфоциттердің бласттрансформациялық жауабы, 
антигенді тіндік ортада лимфоциттердің қалыпты фибробластыларға цитопатогендік 
әсер феномені, антигендік әсерден макрофагтар қызметін бәсеңдететін жауап және 
антигенге «қаныққан» аутоэритроциттердің лимфоциттерге сіңетін жауабына 
негізделген тәсілдер қолданылады. 
ГЖТ мен ГБТ-лық жауап иммунпатологиялық үдерістің даму барысында 
қосарлануы немесе бірі екіншісіне ұласауы да мүмкін. 
Иммунитеттің трансплантациялық
жауабы – реципиент организмінің тектік 
тұрғыдан жат донорлық трансплантантқа жауабы; яғни 
трансплантантты 
аластау жауабы
. Трансплантанттың антигені қанайналымына араласып, 
спецификалық 
антиденелердің 
және 
трансплантантты 
жайлайтын 
сенсибилизациялы лимфоциттердің түзілуіне түрткі болады. Трансплантантты 
аластауда сенсибилизациялы лимфоциттер басты рөл атқарады, сондықтан 
трансплантанттық иммунитет пен ГБТ ортақ бейнелі үдерістер. 
Аластау жауабының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет