Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет203/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   832
Байланысты:
струков патан

гидронефроз
дамиды (87-
сурет). Жұлын мен мида бөгет туындаған ми ішіндегі сұйықтық қарыншаларды 
кернеп, тіндері семіп, 
гидроцефалия
орын алады. 
87-сурет. Гидроцефалия. 
Жүйкелік атрофия
импульс өткізгіштері үзіліп, мүше мен жүйкелік жүйе 
арасындағы байланыс тоқтағанда дамиды. Атрофияның бұл түрі көбіне 
жұлынның алдыңғы қимыл нейрондарды (полиомиелит; беттік нервінің 
невриті) немесе өзіне қатысты белгілі жүйкелік сабақтары зақымдалған 
көлденең жолақты бұлшықеттерге тән. Көлденең жолақты бұлшықет біркелкі 


Нуржігіт Алтынбеков 
179
солмайды, сондықтан олардың көлденең кесіндісінен кейбір бұлшықет 
будаларының жуан күйінде сақталғанын, ал бүршіктене көбейген ядролары ғана 
сақталған басқа будаларының семіп немесе мүлде жойылғанын көруге болады.
Семген бұлшықет талшықтарының арасын дәнекер және майлы тіндер жайлап 
кетеді. Мүшенің массасы көбейіп, көлемі ұлғайып, 
жалған атрофия
дамиды. 
Физикалық және химиялық факторлардан дамитын атрофия
сирек үдеріс 
емес. Сәулелік әсерден атрофия, әсіресе сүйек кемігі мен жыныстық мүшелерде 
айқын бейнелі болады. Йод пен тиоурацил қалқанша бездің жұмысын тежеп, 
семдіреді. Ішкі секреция бездерінің атрофиясы кейбір гармондардың әсерінен 
дамиды. Мысалы, АКТГ мен кортикостероидтарды ретсіз қолданғанда 
бүйрекүсті бездері семіп, оның қызметі жеткіліксіз болады. 
Адаптациялық атрофияның ерекше түрінің бірі – 
тимустың жедел 
инволюциясы

Иммунпатологиялық үдерістерді
» 
қара
). 
Семген мүшенің 
сыртқы пішіні
әртүрлі. Көбіне мүше кішірейіп, үсті 
тегістеледі (тегіс атрофия). Кейде, мысалы бүйректің, бауырдың үсті түйіршікті 
немесе бұдырлы келеді (
түйіршікті атрофия
). Гидронефроз, гидроцефалия 
немесе жалған гипертрофия дамығанда мүшеге сұйықтық жиналып немесе 
майлы тін өсіп, паренхимасы семгенімен, көлемі, керісінше, ұлғаяды. Кейде 
майлы клетчатка мүшені, мысалы бүйректі қоршап өседі. 
Маңызы
. Атрофияның организмге әсері мүшенің қаншалықты кішірейгеніне, 
қызметінің қаншалықты нашарлағанына байланысты. Егер атрофия мен склероз 
тым асқынбаса, алдында айтылғандай, мүшенің құрылысы мен қызметі қалпына 
келе алады. Кейде семген мүше, тіпті қалпына толық келуі де ықтимал. Әрине, 
тым асқынған атрофия қайтымсыз. 
Мысалы, эксперименттегі егеуқұйрықтың артериясы тарылған жақтағы 
бүйрегі семеді, ал кейін екінші бүйректің артериясын одан бетер тарылтса, 
бұрын семген бүйрек қайта ұлғаяды (Коган А.Х., Серов В.В.,1983). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет