Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Жамылғылық эпителий ақауының тікелей жабылуы



Pdf көрінісі
бет200/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   832
Байланысты:
струков патан

Жамылғылық эпителий ақауының тікелей жабылуы
– жазылудың ең 
қарапайым жолы; беткейлік ақауды эпителий біртіндеп баспалап, ақырында 
эпителийлік қабатпен жабылады. 
Көздің қасаң қабықшасындағы және кілегейлі қабықшалардағы ұсақ ақау 
қабыршақтанып жазылады. Оның даму барысында, жарақаттың үстіне 
жиналған қан мен лимфа кебірсіп, қабыршық түзеді. 3-5 тәуліктен кейін, астын 
эпителий жайлаған соң, қабыршық түсіп қалады. 
Жарақаттың бірден бітеліп жазылу жолы
(
per primamm intentionem
) тері 
мен оның астындағы тіндер зақымдалған, тегіс жиекті жарақаттарға тән. 
Құйылған қан ұйып, жарақатты құрғап, кебірсуден және бактериялармен 
ыластаудан сақтайды. Нейтрофилдердің протеолиздік ферменттері ұйыған қан 
мен тіннің өлексесін жидітеді. Біртіндеп азайған нейтрофилдердің орнын басқан 
макрофагтар эритроциттер мен тіннің жидімеген қалдығын сіңіріп жояды 
(фагоцитоз); жарақаттың жиегінде гемосидерин пайда болады. Жарақатқа 
жиналған өлексе алғашқы күні-ақ экссудатқа араласып, сыртқа бөлінеді немесе 
жарақатты тазалағанда кетеді; бұл жарақаттың 
алғашқы тазалану
кезеңі. 2-3 
тәулік аралығында пайда болған фибробластылар жарақаттың қарама-қарсы 
жиегіне қарай өрістеп көбейеді және жаңа капиллярлар түзіліп, 
грануляциялық 
тін
қалыптасады. Бірден бітелген жарақаттағы грануляциялық тін қабаты 
қалың болмайды; жұқа ғана. 10-15 тәулік шамасында грануляциялық тін толық 
жетіліп, жарақатты нәзік тінді тыртық жайлайды. Жиектері жібек жіппен 
немесе кетгутпен түйістірілген хирургиялық жарақат жылдам жазылады. 
Жарақаттағы жіп пен кетгутты бөгде денелік алып жасушалар сіңіріп жояды, 
сондықтан олардың жазылу үдерісіне залалы бола қоймайды. 
Жарақаттың кейін бітеліп
(
per secundam intentionem
), яғни іріңдеу арқылы 
жазылуы (грануляция арқылы жазылу – 
per
granationem
), әдетте тіндері езіліп, 
өлексеге айналған, бөгде денелер мен микробтар ыластаған ауқымды 
жарақаттарға тән. Жиектері қанталап, сулы ісініп, тез арада өлі тінмен шектес 
демаркациялық 
іріңді қабыну
нышандары көрініс береді. Алғашқы 5-6 тәулікте 
жарақат өлекседен тазарады (
жарақаттың екіншілік тазаруы
), жиектерін 
грануляциялық 
тін 
жайлайды 
(Аничков 
Н.Н.,1951). 
Жарақаттағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет