Нуржігіт Алтынбеков
177
Бейімделулік (адаптациялық) және
компенсациялық үдерістер
Организмнің фило- және онтогенезде қалыптасқан,
сыртқы ортадағы
өзгерістерге бейімделу (адаптациялық) қабілеті.
Бейімделу
– организмнің сыртқы ортамен арақатынасын жүзеге асырып,
бүкіл тіршілік үдерістерін қамтитын, мәндік ауқымы кең биологиялық ұғым. Ол
биологиялық түрдің сақталуын қамтамасыз етеді; деннің сау кезеңіне де, ауру
кезіндегі жағдайға қатысты.
Компенсация
– организімнің аурулық зақымдарын
түзетіп, өзін өзі сақтауға арналған қысылтаяңдағы бейімделулік үдерістің бірі.
Сондықтан компенсациялық жауап жекетұлғалық (индивидуал) және
әржағдайлық (ситуациялық) болады. Бұдан компенсация мен бейімделу мәні
мен мазмұны жағынан әртүрлі үдерістер екені аңғарылады. Дегенмен, бірқатар
патологтар бұл үдерістерді
бірге қарап, компенсациялық-бейімделулік
үдерістер деп топтастырып атауды жөн көреді.
Бұл тұжырымды дұрыс деуге
болмайды.
Бейімделу (адаптация)
Бейімделу патологияда әртүрлі әрекеттік жағдайлардың бейнесі болып, тіннің
(мүшенің) әрекеті тым қарқынды, төмен немесе бұрмалануы мүмкін.
Сондықтан
оған қатысты патологиялық үдерістердің бейнесі: 1) атрофия; 2) гипертрофия
(гиперплазия); 3) организация (беріштену); 4) тіндік құрылымның өзгеруі 5)
метаплазия немесе 6) дисплазия болуы ықтимал.
Атрофия
(грекше:
a
– жоқ;
trophe
– қорек; қазақша – сему, солу. -
Ауд
.) –
тіршілікте мүшенің, тіннің, жасушаның көлемі кішірейіп, қазметі нашарлайтын
үдеріс.
Мүшенің кішіреюінің бәрін бірдей атрофияға жатқыза беруге болмайды.
Онтогенезде мүше мүлде қалыптаспауы (
агенезия
), ұрықтық бастама күйінде
қалуы (
аплазия
) немесе шала жетілуі (
гипоплазия
) мүмкін. Организмнің барлық
мүшелері мен жүйелері толық үйлесімде жетілмей қалса, оны
ергежейлілік
деп
атайды.
Атрофияның физиологиялық және патологиялық түрлері бар.
Достарыңызбен бөлісу: