Нуржігіт Алтынбеков
305
(вирустық) РНҚ-ға қарсы бағытталған антиденелер анықталған. Сондай-ақ,
ЖҚН-мен сырқаттанған
кезде қанайналымында қызылша, қызамық (краснуха)
пен парагрипп вирустарына және парамиксовирустар тобына жататын РНҚ-лы
басқа да вирустарға қарсы антиденелердің титрі жоғары болады. Дегенмен,
ЖҚН кезіндегі вирустық инфекция жасушалық иммунитет тапшылығының
салдары ретінде дамиды дейтін де көзқарас бар. Тұқымқуалайтын бейімділікке
де зор мән беріліп жүр.
175-сурет. Жүйелік қызыл ноқта
. Бүйрек шумағы капиллярларының эндотелийіндегі вирустәрізді
қосымшалар (бүйректің электрондық микроскоппен зерттелген биоптаты). 15 000.
Патогенезі.
Аурудың даму барысы жайлы түсінік
вирустың әсерінен Т-
лимфоциттер зақымдалып, олардың имунитетті бақылау қабілеті нашарлайды,
гуморальдық және жасушалық иммунитетті реттеу бұзылады дейтін пікірге
негізделген. Клиника-лабораториялық және иммун-морфологиялық деректер
ЖҚН-мен сырқаттардың организмі жасуша ядросының құрамдас бөліктерінің
(ДНҚ-ның) әсерінен сенсибилизацияланатынын дәйектейді. Иммундық
өзгерістердің басталуына вирустар ғана емес, күн сәулесінің де,
тұқымқуалайтын факторлардың да әсері бар. Гуморальдық иммундық жауап
ядро мен цитоплазманың компоненттеріне, эритроциттерге,
лимфоциттер мен
тромбоциттерге, әсіресе табиғи ДНҚ-ға бағытталған алуан түрлі антиденелердің
қан плазмасына жиналуымен байланысты. Сол негізде қанда иммундық
кешендер көбейіп, тіндерде қабыну үдерісі мен фибриноидты некроз өрістейді.
Бұл үдерістер гиперсезімталдықтың баяу типін бейнелейтіні белгілі.
Жасушалық иммундық жауаптың (гиерсезімталдықтың баяу типіндегі
жауаптың) патогендік әсері тіндерді зақымдай отырып қалыптасқан
лимфоциттер мен макрофагтар шоғырлары арқылы көрініс береді. Ем
дұрыс
қолданылса, ЖҚН баяу әрі қатерсіз ағымды сипат алады.
Достарыңызбен бөлісу: