Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет730/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   726   727   728   729   730   731   732   733   ...   832
Байланысты:
струков патан

316-сурет. Инфекциялық мононуклеоз. 
Бауырдың қақпалық жолында ауқымды мононуклеарлық 
инфильтраттар шоғырланған. 
Жүйке жүйесінде менингэнцефалит пен полирадикулоневрит дамиды. 
Менингэнцефалит
дамыса, мидағы қан тамырларының төңірегіндегі тін мен 
мидың жұмсақ қабықшалары қан кернеп, сулы ісінеді, онда лимфоциттер мен 
гистиоциттер және мононуклеарлар көбейеді, қан тамырларының төңірегінде 
қанды дақтар пайда болады. 
Өлімнің себептері
. Инфекциялық мононуклеозбен сырқаттар көбіне 
талағы 
жыртылып
немесе 
полирадикулиттен
өршіген 
салданудан шеткі тынысалу 
әрекеті тоқтап,
немесе геморрагиялық диатез бен қосымша инфекциядан 
өледі.
РНҚ-лы вирустар дамытатын аурулар 
Бұл топтан қызылша мен эпидемиялы паротит сипатталады. 
ҚЫЗЫЛША 
Қызылша
(
morbilli
, латынша: 
morbus
– ауру) – балаларға тән өте жұқпалы 
инфекциялық ауру; тынысалу жолы мен конъюнктиваның шырышты 
қабықшасы катарлы қабынып, теріде дақты-папулалы бөртпелер пайда болады. 
Үш жасқа жетпеген балалар мен ересектер қызылшамен сирек ауырады. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Қызылшаны көлемі 150 нм РНҚ-лы вирус 
қоздырады. Ол миксовирустар тобына жатады. Адам мен маймылдың тінінде 
өсіргенде (культура) вирус осы ауруға тән алып жасушалар түзеді. Ол 
науқастың көмейі мен тынысалу жолдарындағы секретте және қаны мен зәрінде 
болады. Ауа-тамшы арқылы жұғып, тынысалу жолының жоғарғы бөлімі мен 


Нуржігіт Алтынбеков 
578
көздің конъюнктивасына қоныстайды. Вирустың организмге негізгі кірер орны 
конъюнктивалық қалташа сияқты, өйткені науқаспен қарым-қатынаста 
болғандардың коньюнктивасына 15 сағат аралығында реконвалесценттің қан 
сарысуы тамызылса, қызылшаның алды алынады. Вирус шырышты 
қабықшаның эпителийін дистрофияға ұшыратып, қанға өтіп, қысқа мерзімді 
вирусемия туындатады да, лимфоидтық тінге жайылып, онда иммундық 
өзгерістер өрістейді. Бұл кезде вирусемия айқындау көрініс алып, ұзаққа 
созылып, бөртпелер пайда болады. Бөртпелер жойылған кезде, организмдегі 
вирустар да жойылып бітеді. Бірақ соңғы жылдары қызылшаның вирусы 
организмде ұзақ сақталатыны жайлы пікір айтылып жүр. Бұл аурудың мерзімі 
2–3 апта. Қызылшаның вирусы эпителийдің бөгендік қызметі мен 
фагоцитоздың қарқынын тежеп, инфекцияға бағытталған антиденелердің 
(мысалы, дифтерия антитоксині) титрын төмендетеді. Сондықтан анергия 
қалыптасып, қосымша инфекцияның дамуына, туберкулез сияқты созылмалы 
үдерістердің асқынуына қолайлы жағдай туады. Сол себепті өте жұқпалы 
болып, эпидемия қаулататындықтан, қызылша бұрын өте қауіпті болатын; ол 
әсіресе 1–2 жастағы балалар мен шала туғандар үшін, заталмасулық үдерісті 
бұзып, рахитпен сырқаттар мен басқа аурулардан әлсірегендер үшін қауіпті. 
Қызылшамен ауырғандарда өте тұрақты иммунитет қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   726   727   728   729   730   731   732   733   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет