Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Патогенезі .  Тума токсоплазмоздың



Pdf көрінісі
бет751/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   747   748   749   750   751   752   753   754   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патогенезі

Тума токсоплазмоздың
патогенезі токсоплазманың жұғу көзімен 
және гематогендік жолмен жайылған мерзімімен тығыз байланысты. Егер 
токсоплазма 
эмбрионға
жұқса, ауыр ақаулар қалыптасып, ұрық 
өледі

Токсоплазма 
феталдық кезеңнің бас кезінде
жұқса, мида зақымның ізі қалып, 
ерте кезеңдік фетопатия
орын алады. Инфект 
кешеуіл кезеңде
 
жұқса

жаңа 
туғандарда
 айқын бейнелі менингэнцефалит
, яғни 
кешеуіл кезеңдік фетопатия 


Нуржігіт Алтынбеков 
593
дамиды. Инфекция 
туылу кезінде
жұқса, неонаталдық кезеңнің ең алғашқы 
күндерінде-ақ нәресте 
жалпы инфекциялық ауруға
(аурудың жалпы нысанына) 
ұшырайды

Токсоплазмоздың көмескі бейнелі немесе жасырын нысанымен сырқат, бірақ 
сырт көзге дені сау сияқты әйелдер өте ауру нәресте тууы мүмкін, сондықтан 
серологиялық тәсілдермен (токсоплазмамен комплемент байланыстыру, тері 
сынағын қою; Сейбин–Фельдман бояуын қолдану) бұл аурудың көмескі бейнелі 
нысанын дер кезінде анықтаудың маңызы зор. Оның үстіне, кейде жүкті 
әйелдегі антиденелердің мөлшері эмбрион мен құрсақтағы нәрестені 
токсоплазмадан қорғап қалу үшін жеткіліксіз болады. 
Жүре болатын токсоплазмоз
шырышты қабықшалар мен терінің зақымды 
жері арқылы жұғады. Ас арқылы жұққан цисталар асқорыту жолында еріп, 
паразит лимфа немесе қан арнасына өтіп, лимфалық түйіндер мен ішкі 
мүшелерге қоныстап, ол жерлер қабынады, ауру латентті болса, паразит тек 
циста ғана түзеді. Цистатасымалдаушылық көптеген жылдарға созылуы мүмкін. 
Патологиялық анатомиясы
. Тума токсоплазмозбен 
ерте кезеңдік 
фетопатияға
ұшырағандардың 
миында
бірқатар тума кемістіктер болады; ми 
сыңарлары кішірейіп (
микроцефалия
), ми иірімдерінің ұзына бойына ұсақ 
қуыстар тізбектеледі, ми тінінің зақымды жерлері тығыз (
глиоз
) және 
сарғыштау (
кальциноз
) келеді (324-сурет). Кейде 
гидроцефалия
байқалып, ол 
тым меңдеп кетсе, қарыншасын лайсаң сұйықтық кернеп, ми сыңарлары жұқа 
қабықты қуысқа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   747   748   749   750   751   752   753   754   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет