Нуржігіт Алтынбеков
593
дамиды. Инфекция
туылу кезінде
жұқса, неонаталдық кезеңнің ең алғашқы
күндерінде-ақ нәресте
жалпы инфекциялық ауруға
(аурудың жалпы нысанына)
ұшырайды
.
Токсоплазмоздың көмескі бейнелі немесе жасырын нысанымен сырқат, бірақ
сырт көзге дені сау сияқты әйелдер өте ауру нәресте тууы мүмкін, сондықтан
серологиялық тәсілдермен (токсоплазмамен комплемент байланыстыру, тері
сынағын қою; Сейбин–Фельдман бояуын қолдану) бұл аурудың көмескі бейнелі
нысанын дер кезінде анықтаудың маңызы зор. Оның үстіне, кейде жүкті
әйелдегі антиденелердің мөлшері эмбрион мен құрсақтағы нәрестені
токсоплазмадан қорғап қалу үшін жеткіліксіз болады.
Жүре болатын токсоплазмоз
шырышты қабықшалар мен терінің зақымды
жері арқылы жұғады. Ас арқылы жұққан цисталар асқорыту жолында еріп,
паразит лимфа немесе қан арнасына өтіп, лимфалық түйіндер мен ішкі
мүшелерге қоныстап, ол жерлер қабынады, ауру латентті болса, паразит тек
циста ғана түзеді. Цистатасымалдаушылық көптеген жылдарға созылуы мүмкін.
Патологиялық анатомиясы
. Тума токсоплазмозбен
ерте кезеңдік
фетопатияға
ұшырағандардың
миында
бірқатар тума кемістіктер болады; ми
сыңарлары кішірейіп (
микроцефалия
), ми иірімдерінің ұзына бойына ұсақ
қуыстар тізбектеледі, ми тінінің зақымды жерлері тығыз (
глиоз
) және
сарғыштау (
кальциноз
) келеді (324-сурет). Кейде
гидроцефалия
байқалып, ол
тым меңдеп кетсе, қарыншасын лайсаң сұйықтық кернеп, ми сыңарлары жұқа
қабықты қуысқа айналады.
Достарыңызбен бөлісу: