Нуржігіт Алтынбеков 627
кішірейіп, азаяды, кейін пульпациттер де азаяды. Жасушалар азайғанда,
пульпаның дәнекер тіндік негізі тор тәрізденіп, шорланып, айқындала түседі
(
торланып семген пульпа ).
Дистрофия одонтобластыларды шарпиды, көбіне
оның гидропиялы нысаны өрістеп, кейде майлы дистрофия да орын алады.
Пульпаның коллаген талшықтары мукоидты және фибриноидты ісінуі де
мүмкін. Іріңді пульпит дамып, тіс қуысы бітеу болса, пульпаны
некроз да
шарпиды. Кариестік қуыспен ұштасқан пульпаға анаэробтық шіріткіш
бактериялар түссе,
гангрена өрістейді.
Гиалиноз қан тамырлары мен
коллагендік талшықтарды қамтуы мүмкін. Семген пульпадан кейде ұсақ
амилоидты денешіктер ұшырасады. Онда кальциноз дамып,
пульпалық петрификат жиі қалыптасады. Кальций тұздарының тұнбасы көп болса,
пульпада зат алмасулық үдеріс бұзылып, тістің қатты тіндеріне кері әсерін
тигізіп, кариесті асқындыра түседі.
Дентиклилер – жұмырлау сопақша
құрылымдар. Олар бірде пульпаның өзінде жайғасса, енді бірде дентинге
жабысып, тіс қуысының қабырғасында орналасады немесе дентиннің ішінде
болады (
интрастицийлік дентиклилер ). Дентиклидің өте жетілген және шала
жетілген түрлері бар.
Өте жетілген дентиклиді одонтобластылар түзеді, олар
шектейтін жаңа дентин тәрізді.
Шала жетілген дентиклилер дәнекер тін
кальцинозға ұшырағанда дамып, тіс сауытының ұлпасы семген жерлерінде
қалыптасады. Дентиклилер – көбіне созылмалы пульпит пен пародонт
ауруларының салдары. Ал, жекелеген және көптеген
пульпаішілік кисталар әртүрлі патологиялық үдерістердің салдары ретінде дамиды.