Нуржігіт Алтынбеков
625
349-сурет. Терең кариес.
Дентин жұмсарып, каверна қалыптасқан.
Кариес шалған тісті микрорентгенграфиялық тәсілмен зерттегенде, бұл
аурудың барлық кезеңінде кіреуке мен дентиннің әр жері минералынан
айырылып, енді бір жерлері қайта минералданғаны байқалады. Минералдардың
көбі кіреукеге сілекейден келеді. Тістің зақымдалмаған
жеріне жақындаған
сайын, тінінде минералдар көбейе түседі. Терең кариес кезінде дентиннің тіс
қуысымен шектес жерлерінде минерал көп болады, ал басқа жерлерде минерал
аз, сондықтан ол жерлердегі дентиннің сұлбасы да көмескі. Кариестің даму
барысында тістің зақымдалмаған қатты тіндерінде кальций азаяды, кіреуке мен
дентиннің тұрақтылығы кеміп, тістегі фосфатазаның әсері төмендейді. Сол
себепті фосфатазаның әсерінен тіске тұнатын кальций фосфаттары азайып,
кариес өрши түседі.
Кариестің жоғарыда сипатталған морфологиялық түрлерімен қатар, дамуы мен ағымы
өзгеше, көбіне балаларда
немесе кальций алмасуы бұзылып, дұрыс қалыптаспаған
тістерде байқалатын варианттары да бар. Ол варианттар мыналар: 1)
қоршама
(циркулярлық)
кариес
тістің мойын тұсынан басталып, сақиналай қоршап алады; тез
өршіп, мөлдір дентинді өңір түзбей, тістің тіндері қатты зақымдалады; 2)
ерте кезеңдік,
яғни
кіреукеастылық кариес
кіреукенің
астынан өрбиді; 3)
бүйірлік кариес
тістің
бүйірінен басталып, қоршама кариес тәрізді дамиды, бірақ баяу өрістейді; 4)
стационарлық
кариес
кіреукені ғана зақымдайды,
одан әрі өрістемейді; көбіне бірінші
молярларда байқалады; 5)
ретроградтық
(керіағар)
кариес
тістің ұлпасы жағынан
басталып, алдымен дентинді зақымдап, кейін үстіне
қарай өрістеп, кіреукені де
қамтиды. Оның микробейнесі әдеттегі кариестегідей, бірақ сұлбасы теріс бейнелі
(Абрикосов А.И,.1914), гетерогенді немесе тістің жарақатынан, аномалияларынан
дамыған іріңді пульпиттен туындап, балалармен ересектерде де байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: