Нуржігіт Алтынбеков
648
факторлар); инфекциялық созылмалы ойық жаралар мен витамин А тапшылығы
(жалпы факторлар).
Лейкоплакияның екі нысаны бар: жайпақ лейкоплакия және сүйелді
лейкоплакия.
Жайпақ нысаны
дамыса, гистологиялық тәсілмен зерттегенде
базал мембранасы мен түйіршікті қабаттары өсіп, паракератоз бен акантоз орын
алғандықтан, көпқабатты жайпақ эпителийдің қалыңдағаны көрінеді.
Акантозды жолақтар дермаға терең жайылып,
олардың төңірегіне жұмыр
жасушалар шоғырланады.
Сүйелді нысаны
болса, эпителийдің негізінен базал
қабаты көбейіп, қалыңдайды. Сондықтан да түйіншектердің үсті бұдырлы
болады. Дермаға едәуір лимфоциттер мен плазмалы жасушалар жиналады.
Лейкоплакия көп жылға созылады. Сүйелді
нысаны карциномаға жиі
ұласатындықтан (50%-дайы), лейкоплакия
ракалдылық
аурулар
тобына жатады.
ІСІКТЕР
Ауыз қуысының ісіктері де эпителийлік, мезенхималық және меланинтүзетін
тіндерден, шеткі жүйкелік жүйеден туындайды; тератомалар да байқалады.
Олар қатерсіз де, қатерлі де болады («
Ісіктерді
» қара). Басты ерекшелігі –
өмір
үшін маңызды үдерістер
(тағамды шайнау, жұту, тынысалу)
бұзылып
,
бетте
косметикалық ақаулар
қалыптасады.