Нуржігіт Алтынбеков
647
сопақша пішінді құрылымдар қалытасады; әдетте, бұндай өзгеріске тілдің
бүрлі жүлгісінің алдынғы жағындағы орталық сызықтың маңы ұшырайды
(«орталығы индурациялы глоссит»).
Себебі белгісіз
. Кейбір зерттеушілер
глосситтің бұл нысанын аномалияға жатқызады; ауыз қуысындағы
микрофлораның әсері де жоққа шығарылмайды.
СТОМАТИТ
Стоматит
– ауыз қуысының шырышты қабықшасының қабынуы; жиі
байқалады. Ұрттың, ауыз түбінің, таңдайдың қатты және жұмсақ бөлімдерінің
шырышты қабықшасы дербес те, қызылиекпен, тілмен, кейде ерінмен
сабақтасып та зақымдалады.
Стоматит дербес ауру ретінде де, басқа аурулардың бір нышаны немесе
салдары ретінде де дамиды. Дербес ауру ретінде ол бірнеше клиника-
морфологиялық нысанға жіктеледі.
Даму
себебіне
қарай, стоматит мына топтарға жіктелген: 1) жарақаттық
(механикалық, химиялық, оның ішінде дәрі-дәрмектік, сәулелік, т.с.с.); 2)
инфекциялық (вирустық, бактериялық, оның ішінде туберкулездік, сифилистік,
микоздық, т.с.с.) ; 3) аллергиялық; 4) экзогендік (кәсіптік) улардың әсерінен
дамитын стоматит; 5) әртүрлі соматикалық аурулардан және заталмасулық
үдерісімен байланысты аурулардан (эндокриндік, асқорыту және жүрек-тамыр
жүйелерінің аурулары, ревматизмдік аурулар, гипо- және гипервитаминоздар,
т.б.) дамитын стоматит; 6) дерматоздық стоматиттер (күлдіреуік, Дюрингтің
герпестәрізді дерматиті, қызыл түсті жайпақ теміретке, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: