Батыс тарих философиясыныњ негізгі


Билеуші және оның мемлекетінің белгілі бір территориямен



Pdf көрінісі
бет19/42
Дата21.09.2023
өлшемі1,93 Mb.
#109557
түріМонография
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Байланысты:
қazaқtanu-tarih-filos.

Билеуші және оның мемлекетінің белгілі бір территориямен 
байланысын тарихи ұғыну. 
Орталықазиялық түркілік тарих философиясында «атамекен», 
«туған ел», «киелі жер» ұғымдарына үлкен мән берілген. Захир ад-дин 
Бабыр өз туындысында әсіресе өз атамекені Ферғана өңірінің тамаша 
табиғатын ерекше сүйіспеншілікпен жырлайды: 


100 
«Әндіжанның батысына қарай жеті йиғаштай жердегі тағы бір қала 
– Маргилан. Бұл – жаныңа керектің бәрі бар берекелі қала. Мұнда анар 
мен өрік мол өседі. Анардың бір түрі донақалан деп аталады; оның тәтті 
шырынынан сары өріктің қышқылтым дәмі білінеді. Бұл анар-лардан 
семнан анары ғана артық деп айтуға болады. 
Өріктің тағы бір түрі болады, оның дәнін алып, орнына өзге жеміс 
жармасын салады да кептіреді, мұны сұбхани деп атйды, өте дәмді. 
Құс пен аңда есеп жоқ, ақбөкен аяқ басқан сайын ұшырасады». 
Ұлы 
Моғолдар 
империясы 
Моғолстан 
және 
басқа 
да 
орталықазиялық ата қоныстармен, тіпті бүкіл көшпелі-отырықшы мәде-
ни ареалдармен өз байланысын үзбеген.
Тарих философиясы тұрғысынан этномәдениет және белгілі бір 
территорияның 
арасындағы 
үйлесімділік 
өркендеудің 
шешуші 
факторының біріне жатады. 
Кез келген қалыптасқан мәдениет бос кеңістікте емес, 
адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау 
мәңгіге берілген енші емес. Ол, А.Тойнбидің тілімен айтқанда, тарихи 
ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті – 
оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін 
қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан 
мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау. Қауымдық 
қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әр жағрафиялық 
белгілері халық сансында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған 
орта киелі таулардан, өзендер-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, 
аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-
әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра 
ретінде қалдырылған.
Кеңістік пен мәдениеттің арақатынасы табиғи ортаны «өзімдікі» 
және «өзгенікі» деп бір-біріне қарсы қою арқылы айқындала түседі. Бұл 
қарсы қою, әсіресе, мифологиялық дүниетанымда әсерлі көрсетіледі. 
«Мифте, – деп жазады Ш.Ыбыраев, – адамзаттық (человеческое) және 
адамзаттық емес (нечеловеческое) (дию, албасты, марту, жезтырнақ, 
шойынқұлақ, жалғыз көз дәу т.б.) болып бөліну ретінде көрінсе, клас-
сикалық эпоста біздікі (ноғайлардікі, қыпшақтардікі, қазақтікі, т.б.) және 
жаудікі (қалмақтікі, қызылбастікі, ындыстікі) деген ұғымдарға лайық 
жіктеледі» [94, 137]. 
Қазақ эпосын және басқа да мәдени мұраларын зерттеушілер 
«өзгенікіне» тек беріде пайда болған қалмақтарды ғана емес, сонымен 
қоса сонау ерте заманнан көшпелілермен тартысып келген отырықшы 
империяларды да жатқызады (Қытай, Иран, Үрім, Орыс, т.б.). 
Кеңістікті «біздікі» және «өзгенікі» деп бөлу оппозициясы тек 
суперэтностар арасында емес, сонымен бірге мәдени-шаруашылық 


101 
типтер арасында да жүргізілген. Әрине, көшпелілер мен отырықшылар 
арасындағы «бітпес жауластық» бар деген әсіре бейнелеуге жатады. 
Кеңістік аясындағы мәдениеттің автохонды екендігін шешудің 
басты жолы осы мәдениетті құраған этникалық бөліктерді, этно-мәдени 
аймақты мәңгі өзгермейтін тұтастық ретінде емес, «жанды тарихи 
құбылыс күйінде қозғалыс үстінде қарау, көршілес халықтардың тарихи 
тағдырымен салыстыра отырып, әрбір этникалық топтың өзінің қазіргі 
негізгі жеріне қай уақытта жылжыды, міне, осындай межелерді анықтау 
арқылы жүзеге асады [94, 49]. 
Кеңістік және автохонды мәдениет мәселесін шешу үшін біз оқшау 
алынған 
этнос 
көлеміне, 
ол 
енетін 
үлкен 
өркениеттің 
(суперцивилизацияның) өріс аймағына жылжу керек. Өткені қазіргі 
этностардың көпшілігі қоңыс аударудың ассимиляциялық процестердің, 
топтасу мен жіктелудің нәтижесінде қалыптасқан. Бұған мысалдар 
жеткілікті. Айталық, Иран мен Солтүстік Үндінің халықтары арийлік 
топтардың оңтүстікке қарай қоныс аударуы негізінде, француздар галл 
тайпалары мен франктардың араласуы, орыстар ежелгі славян тайпала-
рының көршілес угро-финн, скандинавтық, түріктік компонеттерді өзіне 
сіңіруі нәтижесінде қалыптасқан. Соңғы кезде қалыптасқан латинамери-
кандықтар туралы айтпаса да түсінікті. Қазақтың этникалық террито-
риясы да көп ғасырлық қалыптасу нәтижесінде айқындалды. Аталған 
тарихи-мәдени процестерсіз Бабыр бастаған бұрынғы түркілік көшпелі-
лердің Ферғанадан Ауғанстан мен Үндістанға қоныс аударуын, басқа 
этникалық жұртта алып мемлекет құруын түсіндіру қиынға соғады. 
5. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет