Батыс тарих философиясыныњ негізгі



Pdf көрінісі
бет4/42
Дата21.09.2023
өлшемі1,93 Mb.
#109557
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
қazaқtanu-tarih-filos.

 
1
 
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ САНА 
МӘСЕЛЕСІ 
 
1.1
 
Уақыт ағыны мен мәдениет аясындағы қазақ философиясы
Ұлттық философия – халықтың өзін өзі тұрақтандыратын және
оның барлық әрекеттеріне негіздеме беретін, оның асқақ мұраттарын 
қалыптастыратан рухани ізденіс аймағы. Ұлтымыздың философиясын, 
дүниетанымын зерделеудегі басты мәселе біздің өскелең ұрпаққа басқа 
елдермен терезесі тең боларлық рухани қор жинадық па, жинамадық па 
деген сұраққа барып тіреледі. Адамзат қол жеткізген ғылыми-
техникалық жаңалықтардың нәтижесінде ел мен ел қарым-қатынасы тез 
өрбіп, күн өткен сайын кеңейіп келе жатыр. Бұрындары ұшы-қиыры 
жоқтай болып көрінетін үлкен әлем бүгінгі коммуникация 
құралдарының күрделенуінің арқасында бір ауылдай кішігірім болып 
қалған сияқты. Осы заман талабы философиялық мұраны да кең 
тұрғыдан қарастыруды қажет етеді, өйткені бүгінгі халықаралық 
байланыстар, бүгінгі мәдени сұхбат деңгейі томаға тұйықтыққа жол 
бермесі хақ. Сондықтан да мәдени қор жасау өз халқымыздың қолда бар 
мәдени мұрасы мен рухани игіліктерін сақтап, оны жаңғыртумен 
шектелмесе керек. Рухани қазынамызды байытуда бүкіл әлемдік 
алдыңғы қатарлы, озық ой үлгілерінің тәржімаланып, жалпы жұрттың 
қолына жеткізу ісі аса маңызды да жауапкершілікті бастама екендігі 
сөзсіз. Онсыз біз ұлттық философиямызды өрелі өркениеттілікке бас 
бұрғанын іс жүзінде емес, тек сөз жүзінде ғана көрсетіп қойған болар 
едік
Егер қазақ тіліндегі философиялық мәтіндерге және жалпы 
қазақ философиясына келсек, онда осы дүниетанымдық жүйеге тән 
ерекшеліктерді ескеру қажет. Профессор Ә. Нысанбаев қазақта Декарт, 
Кант, Гегель сияқты философиялық жүйе құрған ойшылдар болмаған 
дейді. “Сірә, көшпелі халықта ондайлардың қажеттілігі де тумаған 
шығар. Бірақ, біз өзімізге этникалық тегіміз жағынан келсек мың 
жылдан аса мәдениетіміз, тарихымыз, философиямыз бар халықпыз. 
Философия дегенде оның халықтық және кәсіби формаларын айтуымыз 
керек… Міне, осы әлемдік философия тұрғысынан қазақтың ұлттық
рухы әлем образы мен менталитетінің қалыптасуы мен даму тарихы 
тұжырымдалды. Басқаша айтқанда, қазақ ғарышында, оның ұлы 
даласында қалыптасқан ойы әлемдік философия тарихының құрамдас 
бөлігіне айналды. Ал бұл тарихтың субъектілері болып қазақтың дана 
хандары, билері, жыраулары, ақындары, ағартушылары мен ғалымдары, 
ойшылдары есептеледі” [1]. 



Тарихқа ХІV-XV ғасырдан “қазақ” деген атпен енсек те, деп 
жалғастырады ойын Ә. Нысанбаев, түркі, қыпшақ мәдениетінің төл 
мұрагерлерінің біріміз. Сондықтан халқымыздың дүниетанымы мен 
ойлау мәдениетінің де мың жылдан аса тарихы бар деуге әбден болады.
Халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі оның болмыс-тұрмысынан 
аңғарылуы заңды, сондықтан араб-парсы мистикалық пәлсапасын қазақ 
халқы дәл сол күйінде қабылдап қоймай, өзінің өмір сүру тәсілінің 
ерекшелігіне сай қабылдаған [1]. 
Философияны “даналық” түсінігімен байланыстырар болсақ, онда 
бұл соңғы ұғым “білімнің жоғары синтезі”, белгілі бір нәрсе туралы 
“толық жетілген білім” деген мағынаны білдіреді. Демек, философия 
осындай білімге деген құштарлық, ал бұл даналықтың объектісі - менің 
өзімнен тыс табиғат және адамзат әлемі, сонымен қатар, өзім және 
феномен ретіндегі білімнің өзі (ескерте кетейік, антикалық дәуірде 
философия білімге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетуді білдірді). 
Дүниедегі өзінің орны туралы, жеке және қоғамдық өмірдің мақсат-
мүдделері туралы, өзінің өмірлік ұстанымы мен іс-әрекеті туралы ойлана 
отырып адам белгілі бір философиялық көзқарастар қалыптастырады. 
Өзінің мәдени деңгейіне байланысты, арнаулы немесе жалпы білім 
дәрежесіне орай, әртүрлі өзара әңгімелесудің әсерімен және бұқаралық 
ақпарат құралдары мен әдеби кітаптардан алынған мағлұматтарын 
жинақтай отырып, ол өзінің жеке өмірлік философиясын, жүйелі және 
ғылыми негізделген болмаса да өз дүниетанымын құрастырады. Кейде 
қарапайым тұрмыстық және өндірістік жағдайлардағы “бір сәттік” 
дүниетанымның өзі де қанағаттандырарлық болуы мүмкін. Белгілі 
француз философы Огюст Конт (1798-1857) философияның дәуірі өтті 
деп санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша 
“позитивтік” ғылымдар - физика, математика, химия және т.б. 
философияны керек етпейді. Олар барлық мәселелерді өздері шеше 
алады, олар “өздерінше” философия. Бұл көзқарас позитивизм деген 
атауға ие болды. Позитивизмнің кейбір елестері қазіргі Қазақстанды да 
кезіп жүр. Кейбір білім саласындағы шенеуніктер мен «методистердің» 
философияны ЖОО-да оқытылатын пәндер қатарынан алып тастау 
туралы ұсыныстары неге тұрады! Сонда дүниетаным қалыптастыруды 
салафилер сияқтыларға берейік те, не болатынын қарап жүрейік.
Контпен келісуге бола ма? Ол үшін кітапхана сөрелеріндегі әр 
елдерден басылып шыққан жүздеген, тіпті мыңдаған философиялық 
кітаптар мен журналдарға көз жүгіртіп, жоғары және орта арнаулы оқу 
орнындарында философияның оқытылатынын ескерсек те жеткілікті. 
Ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері, саясаткерлер мен өнер 
адамдарының философиялық еңбектерге деген қызығушылығын жоққа 
шығару мүмкін емес. Және бұл қызығушылық өсе түсуде, сондықтан 
жоғарыдағы Конттың пікірі өзін ақтамайды. 



Философия тарихындағы әмбебаптылық тенденциялар мен 
дәстүрлер философияның ұзақ уақыт бойы сақталуына ықпал етеді. 
Табиғи, адамзаттық және идеалдық әлемнің мәнін тануға деген 
әмбебапты ұмтылысты философия қалай жұзеге асырады немесе, 
басқаша айтқанда, философия қалай “болады?„. 
Жауабы айдан анық: философия дегеніміз адам рухының (немесе 
“ойлауының”, “зердесінің” және т.б.) сөз арқылы болуы. “Бастапқыда 
Сөз болды” деген тезистің философияның қалай “болатынына” қатысы 
бар. Француз философы Альбер Камюдің мынадай пікірі бар: “Адамның 
адам болуы көбінше оның пікір айтқанынан гөрі, үндемей қалуының 
арқасында”. Бұл біздің өміріміздің кейбір жағдайларында белгілі бір 
ақиқатты білдіргенімен, қойылып отырған мәселеге келгенде оны 
қанағаттандыра алдмайды. Себебі жалпы тіл, сөз біздің ойымыздың 
нақтылығын білдіреді. 
Сонымен бұл “сөз”, бұл білім мен даналық не туралы дейтін болсақ, 
оның “жалпы бар нәрсе”, өмір сүретін нәрсе туралы екендігі философия 
тарихынан белгілі болды. Бұл тұрғыдан алғанда, оның ең бастапқы 
саласы, іргетасы онтология, болмыс туралы ілім болып табылады. 
Мұнан ары біз болмыстың деңгейлерінің осы типологиясын пайдалана 
отырып, философиялық білімнің әртүрлі салаларын жеке дара жүйелеп 
қарастырамыз. Философиялық білімді жіктеуде көптеген әдіс-
тәсілдердің бар екендігін ескерткеніміз жөн. Мысалы философиядағы ең 
кең танымалы ретінде теориялық философия және практикалық 
философия деген бөлінісі. Оның біріншісіне болмыс теориясы 
(онтология) мен таным, білім теориясы (гносеология) жатады. 
Екіншісінің өзегін, ең алдымен этика құрайды, оған құқық 
философиясы, тарих философиясы және т.б. жатқызылуы мүмкін. 
Философияның теориялық және практикалық деп бөлінуі өзінің 
бастауын антикалық классикадан алады. Аристотель үшінші бөлігін 
ерекшелеп, оны “пойетикалық философия” деп атады. Бұл 
шығармашылық мақсаттағы білімді көздейді, ал оның негізін сөз 
шығармашылығының эстетикасы - риторика және поэтика құрайды.
Ақырында, өз кезегінде бірнеше “әлемдерге” бөлінетін адамзат 
рухының болмысына (мысалы, наным-сенімдер әлемі, адамгершілік 
және эстетикалық құндылықтар әлемі, ғылым әлемі, ментальдық 
қабілеттер мен мүмкіндіктер әлемі және т.б.) қатысты филоссофия 
мынадай салаларға бөлінеді, мысалы, дін философиясы, этика, эстетика, 
рух феноменологиясы және философиясы, философиялық герменевтика, 
жаратылысы жағынан философиялық болып табылатын психология 
және риторика, ғылым философиясы, және де философиялық 
антропология және т.б. 
Зерттеушілердің басым бөлігі философиялық дүниетанымның 
қалыптасуында ғылыми деректермен қатар миф пен діннің ерекше рөлін 


10 
атап көрсетеді. Әр халықтың өзіндік мифологиясы мен сенім-
нанымдары бар екендігіне күмән келтірмейміз. Сол себепті қазақ рухани 
дүниесінен бастау алатын қазақ философиясы туралы айту орынды.
Философияның тек рационалдық парадигмаға негізделген 
батыстық түрінен басқа да формалары жеткілікті. Мысалы, К.Ясперс 
өзінің “Тарихтың мәні мен міндеттері” атты еңбегінде философтардың 
мынадай типтерін атап өтеді: 
- Адамгершілік өлшемін берген әулиелер… 
- Философиялық жасампаздар… 
- Философиялық жаңғыртушылар… 
- Ұлы жүйе құрушылар… 
- Даналық өрісіндегі философтар 
- Поэзиядағы философтар…
Сонымен, философия болмыстың мәнін осылай игерумен 
(немесе оны құрайтын заттардың, құбылыстардың, жағдайлардың, 
деңгейлердің, процестердің және т.б. мәнділігі), адамның әлемге 
қатынасының мәнін және ондағы адамның мәнділік орнын танумен 
айналасады. 
Философия дүние мен адамның қатынасындағы әмбебапты 
негіздерді зерттейді. Оларды өзара байланыстырып, қабыстырып тұрған 
тетік – мәдениет, ал ол қашанда этникалық сипатта болады. Егер 
философия мәдениеттің рухани мәйегін, өзегін, күре тамырын құраса, 
онда әрбір этномәдениеттің өзіндік философиясы бар екендігі анық. 
Осыдан әлемде қанша ұлттық жетілген мәдениеттер бар болса, сонша 
ұлттық философиялық жүйелердің болатындығы анық дәлелденеді. 
ұлттық философияда ұлттық мәдениет өз қисындылығына жетеді. Бұл 
арада философия мен жеке ғылымдардың арасындаұы айырмашылық 
анық көрініс табады. Табиғаттану ғылымдарынан өзгеше философия, 
(метафизика) пәні физиканың арғы жағында жатыр. Айталық, неміс 
химиясы жоқ, бірақ неміс философиясы бар [2]. 
Философтын ойы бойынша, негізінен алғанда, Жаңа дәуірге – 
машиналық индустрия пайда болғанға дейін - қазақ жеріндегі ең тиімді 
шаруашылық формасы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сондықтан, 
біздің арғы бабаларымыз мындаған жылдардың шеңберінде осы іспен 
айналысты. Ол, біріншіден, табиғатқа бас иіуді, оған табынуды талап 
етті – казақ халқы басқа да Шығыс халықтары сияқты ешқашанда 
табиғаттың патшасы болу, оны өз еркіне сай етіп қайта өзгерту 
мақсатын өз алдына қойған жоқ. Сондықтан, ежелден қазақ халқының 
қазіргі тілмен айтқанда экологиялық санасы биік етеді, оған тән саяси 
формалар – соғыс демократиясы, әрі кеткенде – алғашқы феодалдық 
қатынастар, дамыған феодализм қазақ жерінде ешқашанда болған жоқ, 
ол көшпелілік шаруашылық формасының табиғатынан шығады. 


11 
Екіншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және 
гносологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек 
көңіл бөлінеді; 
Үшіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбіне 
экзистенциялдық тұрғыдан қаралады және ол көшпелілік өмір туған 
жеріңнің ұлан-ғайыр уақыт пен кеңістік әлемінде жалпы дүние 
болмысымен барынша бауырластығын сену көркемдік таным игілігінің 
маңызды бір шарты болып табылады. Кешегі мен бүгінгінің бәрін аялап, 
адамзат ұрпағын бір-бірімен сабақтастырып жатқан алмаймыз. Бұл 
дүние – нақты құбылыс пен адам бауырластығынан туатын шындық.
Төртіншіден, 
көшпелі 
халықтың 
арасындағы 
әлеуметтік 
айырмашылықтар аэ болғандықтан тендікке негңзделген әділеттілік 
құндылығы. Сондықтан да бүгінгі танда жүріп жатқан қайта әлеуметтік 
топталу – рестратификация – (аса байлар мен қатар кедей, 
қайыршылардың пайда болуы) адамдардың жан-дүниесінде ауыр 
жарақаттар қалдыруда; 
Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау – 
бұл да халықтың қанына терең сіңген құндылық болып табылады. 
Онымен тығыз байланыста бар нәрсеге қанағат ету де қазаққа тән нәрсе; 
Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден горі жоғары ұстау 
– ол да көшпенділік өмір салтынан шығатын құндылық; 
Жетіншіден, үне бойы көшіп-қону барасында әрқашанда неше-
түрлі қиындықтарды, қауып-қатерлерді бастан кешуге тура келеді – ол 
ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етеді. Сондықтан, беске келген 
жылқының жылында ойнап, 14-15-ке келгенде батырлықты армандап, 
біздің бабаларымыздың көбі 20-25-інде елін аман сақтау жолында 
өмірлерін қия білген. Ұлы Отан соғысында қазақ азаматтары осы ұлттық 
қасиетті бүкіл әлемге айқын көрсетті. Қазақ халқының дербестігін 
көтере алмай жүрген кейбір арам пиғылды саясаткерлар оны білуі 
қажет; 
Сегізіншіден, көшпелінің өмірі қысқа, үне бойы қауып-
қатерлерден, соқтығыстардан тұрганнан кейін ол күнбе-күнге өмірді 
бағалап өмірден алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға 
айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, неше-түрлі 
сайыстарға қатысу, “бір сырлы, сегіз қырлы болу” – бабаларымызға тән 
нәрселер болған; 
Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген ашықтық, 
қиналғандарға риясыз қол ұшын беру – бұл да біздің халықтың керемет 
қасиеттерінің бірі; 
Оныншыдан, көшпелілердің негізгі құндылықтарының бірі – ата-
ананы, үлкендерді сыйлауы.
Қасабек 
А. қазақ философиясының басқа да бітімдік 
ерекшеліктеріне назар аударады. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер 


12 
мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, 
билер мен серілер - бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті 
құбылыстарын тілге тиек етіп, жалпы алғанда жоғарылай даму 
тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық, саяси, мәдени, 
сайып келгенде философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. 
Бұны да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік 
ерекшелгі деп атап айтуға болады [3].
Қазақ халкының философиялық дүниетанымын танып-білу үшін 
философиялық пен қарапайым саналардың арақатынасы мәселесінің 
басын ашып алуымыз қажет. Философиялық әдебиетте қарапайым 
сананы эмпирикалық тәжірибе, эмпирикалық сана, эмпирикалық 
біліммен шектейтін көзқарастар кездеседі. Бұл пікірлермен келісу қиын. 
Әрине, эмпирикалық білім қарапайым санадан төмен, оның құрамдас 
бөлігі ғана., эмпирикалық түсінік эмпирикалық фактіні адам санасында 
жәй бекітіп қана қояды, ал қарапайым сананың ауқымы мен мүмкіндігі 
мол, оның жалпылап, қорыту қабілеті бар. Бірақ бұл қорыту 
философиялық-ғылыми емес, қарапайым деңгейде ғана. Белгілі философ
О.А. Сегізбаев атап көрсеткендей, «философиялық сана – фактілерді 
біліп қою ғана емес, сонымен бірге тәжірибенің нәтижелерін түсініктер 
түрінде қорыта білу. Қарапайым сана, әрине, оны жасай алмайдың. 
Сондықтан да қарапайым сана тәжірибені нақты-сезімдік бейнелерде 
белгілей отырып, философиялық сананың негізін қалыптастырады десек 
дұрыс деп ойлаймыз. Осыдан келіп қарапайым сана мен философиялық 
сананы бір-біріне қарама қарсы қоюдың қисынсыз екені түсінікті. 
Жазбаша философиялық шығармалар қазақта кейінірек пайда 
болды, ал оған дейін қазақ халқы өзінің философиялық ойларын 
вербальдық формаларда бейнеледі. Рухани дамудың вербальдық кезеңін 
жер бетінде өмір сүріп отырған халықтардың барлығы да басынан 
кешкен, себебі дамды қоршаған ортаның өзі вербальды. Адам сөздің 
көмегінсіз, тек елестету арқылы объектілер мен олардың арасындағы 
қатынастарды есінде сақтап қала алмас еді” [4]. 
Төмендегідей қазақ философиясының ерекшеліктерін атап өткенді 
жөн көрдік:
1. Қазақ философиясы философиялық емес сарындағы даналық 
тәжірибесіне жатады (М. Орынбеков, І. Ерғалиев, Т. Рысқалиев және 
т.б.); 
2. Қазақ философиясы табиғатқа бас июмен, оны тәңірі тұтумен 
сипатталады, оның терең экологиялық мазмұны бар (Ғ. Ақпанбек, С. 
Мырзалы, А. Қасабек және т.б.); 
3. Қазақ философиясы көшпелілік менталитетпен тығыз 
байланысты (Д. Кішібеков, Ж. Молдабеков, С. Ақатай және т.б.); 
4. Қазақ философиясы онтологиялық және гноселогиялық 
мәселелерден гөрі этика мен антропологияға көбірек көңіл бөледі; 


13 
5. Қазақ философиясында аксиологиялық мәселелерге, әсіресе 
рухани құндылықтарға ерекше назар аударылады (Ә. Нысанбаев, С. 
Нұрмұратов және т.б.);
6. Қазақ философиясы өзінің ғарышпен, әлеммен үндестігі арқылы 
сипатталады (М. Хасанов, Қ. Нұрланова); 
7. Философиялық мәселелер, қазіргі тілмен айтқанда, негізінен 
экзистенциалдық, 
дидактикалық 
және 
прагматикалық 
сипатта 
қарастырылады; 
8. Қазақ философиясында нәпсіден, байлықтан, табыстан гөрі ар-
намыс, қанағат, тәубе, әділеттілік және тағы басқалары жоғары 
қойылады, алудан гөрі беру дәріптеледі; 
9. Ұжымдық мүдде жеке мүддеден жоғары қойылады (Сегізбаев О. 
А. және т.б.).
Қазақ философиясының болмысы мен мәні, шын мәнісінде, 
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ел философтары тарапынан 
кең талқылана басталды. Өйткені, осыған дейін бұл философия жөнінде 
теріс ұстындар басымдық танытып келді. Оларды былай топтастыруға 
болады: 
1. Еуропаорталықтық позиция бойынша, шынайы философияны тек 
Батыс өркениеті қалыптастыра білді, өйткені онда философия туралы 
рефлексия бар. Шығыста философия емес, тек дана ойлар ғана болды. 
2. Көшпелі халықтардың философиялық ойға жету қабілеттілігіне 
күмән келтірушілер де жеткілікті. Олардың пікірінше, номадалар 
варварлық сатыдан көтеріле алмаған, оларға рационалдық пайымдаудан 
гөрі, көркем бейнелеу тән. 
3. ХХ ғасырға дейін философия тарихында “прогресс сатылары” 
деген түсінік үстемдік етіп келді. Бұл түсінік бойынша, ғылым мен 
философияны ұштастыра білген озық халықтар және тарих көшінде 
кенже қалып қойған, “артта қалған” ұлыстар бар. Соңғыларын тек 
ағартушылық әрекет нәтижесінде озық философиямен таныстыруға ғана 
мүмкіндік бар (”өркениеттендіру”, ”аккультурация” ілімдері). 
4. Кеңес Одағында да қазақ философиясы болды деп ешкім ашық 
айта алмады. Шоқан, Абайлардың өздері де орыс мәдениетінің 
ықпалымен кейбір философиялық ойларға жетті делінді. 
Осы пікірлер арасынан философия Шығыста болған жоқ, тек 
Батыста қалыптаса алды дегенді ерекше біліп алу қажет. Өйткені бұл 
мәселені шешіп алмай, қазақ философиясы туралы айту артық болар еді.
Қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән. Ол 
адам тіршілігін қалыптастыратын дүниетанымдық әмбебаптылық 
дәрежесінде қолданылады. Сондықтан да шығыс „философемі” дәстүрлі 
көркем және діни әдебиеттерде малтығып, философия тарихшыларын 
философиялық жүйені әлеуметтік аспектіде зерттеуге, дүниетанымдық 
бағыттағы текстерді тануға итермелейді.


14 
Дүниетанымдық типтердің алмасуы барысында философиялық 
еңбектерде мифологиялық, дәстүрлік және жаңашылдық кезеңдер 
ерекшеленеді. А.Х.Қасымжанов қазақ халқының рухани мәдениетіндегі 
мынадай кезеңдерді бөліп алады: “1. Мифология. 2. Ренессанс (Қайта 
өрлеу). 3. Ағартушылық’’ [5].
Біздің ойымызша, қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы түркі 
тайпаларының этникалық бірігуі тұсында қалыптасқан. Этникалық 
процестердің жойқын күші Исламдық Ренессанстың біріктіруші 
шеңберін бұзып шықты. Бұл процесті әртүрлі бағалауға болады. 
Қалыптасушы этностар (қазақтар, қырғыздар, өзбектер және т.б.) 
тұрғысынан көшпелі орталық-азиялық империялардың құлауы жағымды 
оқиға болды. Бірақ , сонымен бір мезгілде көрші отырықшы империялар 
бас көтеріп, номадтарды жаулап алуға дайындалды. Қазақ мәдениетінің 
дәстүрлі кезеңі түркі номадизмінің мәнін өз бойына неғұрлым толық 
сіңірген, өйткені ол ХХ ғасырдың басына дейін көшпелі мал 
шаруашылығын сақтап келді.
Философиядағы дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасы ең 
алдымен уақыттың белгілі бір социум өмір қамының негізі ретіндегі 
түсінігімен байланысты. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында уақыт 
адамнан бөлінбеген және ‘’уақытты өткізу (немес өлтіру)’’ ол үшін 
мүлдем жат. Дәстүрлі дүниетаным уақыттың сызықтық емес циклдік 
өлшемін пайдаланады және оның негізіне кәдуілгі табиғи ритмдер 
жатады. Мысалы, қазақтың ай атауларын алайық - “көкек’’- құстардың 
оралу уақыты, “мамыр’’- жаңару кезеңі, “отамалы’’- мал барынша 
тойынады, “қазан’’- шөптің таусылуы, “қаңтар’’- күннің қысқарылуы, 
қаңтарылуы және т.б. Минут, сағат, секунд сияқты уақыттың линиялық 
өлшемдерінің орнына қазақтар “ат шаптырым’’, “ет асым’’, “сүт 
пісірім’’, “бие сауым’’ және т.б. қолданады. 
Егер Батыс дүниетанымында (бос кеңістік және абсолюттік 
шексіздік идеясына негізделген) адам “күнделікті тірлікпен’’ басылып 
қалса, онда номад бұл мәселені шеше алды. Табиғатпен оңаша қалған 
адамға әр бір мезет құнды және бұл әлемдегі өз болмысының 
үйлесімділігінің сақтауға мүмкіндік береді. “Қалай жағдай?’’ деген 
сұраққа көшпенді жақсы көңіл-күймен “әдеттегідей’’ деп жауап береді.
Көшпелінің 
дәстүрлі 
дүниетанымы 
болмыстың 
тұлғалық
тылсымдық ырғақтарға мән береді. Адам өмірі өткінші жағдайдан “бақи 
дүниеге’’ өтпелі кезеңі ретінде қарастырады. Бұл өмірде адамға 
мәңгілікпен жақындасу мүмкіндігі беріледі. Ең басты шарт - “адам 
болу’’ (Абай).
Жыл санаудың он екі жылдық белгілі циклын жеке тұлғаның өзіне 
де қолдануға болады. Циклдер арасындағы аралық жылдар ерекше 
маңызға ие болады (мүшел жас - 13, 25, 37, 49, 61…). Күн 
белсенділігінің он бір жылдық циклдері де өмір қамының ырғақтарына 


15 
ықпал етеді. Өзге мысал: Ресей профессоры А.Жабин 11842 белгілі 
қайраткерлердің өмірбаянын зерттей келе, адамдардың шығармашылық 
белсенділігінің 15 жылдық циклі болады деген қорытындыға келді. 
(“Известия’’ 1996 жыл, 24 шілде). Жыл санаудың он екі жылдық 
циклінен өзге қазақтарда “қозы жасы’’- 10 жас, “қой жасы’’- 15 жас, 
“жылқы жасы’’- 25 жас және “патша жасы’’- 40 жас туралы көзқарастар 
да кездеседі.
Дәстүрлі 
дүниетанымда 
уақыт 
басымдылығын 
жоғалтып, 
жаңашылдықтарға бейімделе бастайды. Мысалы, көшпелілердің 
дәстүрлі құдайы Тәңірі уақыт өте келе, Алланың бейнесімен бірігіп 
кетеді, Албасты бірте-бірте исламның зұлым рухтарының қасиеттерін 
бойына сіңіріп, ал Баба Түкті Шашты Әзиз мұсылман әулиесіне 
айналады. Осы тұрғыда бұл мәселені А. Байтұрсынов өзінің 
“Қобыланды аңызындағы әйел бейнесі’’ мақаласында қарастырады. 
“Кең байтақ… және өзгелерге толығымен таңсық болған қазақ даласы өз 
ұлдарына ұлттық сипат пен халықтық ерекше бет-бейнені әуел бастапқы 
тазалығын бүлдірмей ұзақ уақыт сақтап қалуға септігін тигізді. Сыртқы 
ықпалдан жерана арқылы қозғалған қазақтар әдет-ғұрпын, өз халқына 
(номадқа) тән өзіндік өмір тәртібін сақтап қалды’’ [6, 49 б.]. 
“Қобыланды” эпосының бірнеше варианттары болды. Оның қыпшақтық 
вариантында тәңірішілдік пен шаманизмнің көптеген элементтері 
кездеседі және бұл қазақтардың исламға өту жағдайын бейнелейді. 
Бұрынғы наным-сенімнің көрінісі ретінде кейіпкердің бірінің анасы 
Көктен кемпір мифтік қырымен ерекшеленеді. Эпоста жаңа, мұсылман 
дініне орын берген ескі наным-сенімге деген халықтың терең ықыласы 
байқалады. Кейіпкердің анасы Аналық - мұсылман әйелінің символы. 
“Бұл - өзгенің қуанышымен және қайғысымен өмір сүретін әйел” (Ә. 
Бөкейханов). Оның күйеуі ескі номадтық тәртіптерді, ата-бабаның 
наным-сенімін ұмытқысы келмейді. Ол бағынышты жан ретіндегі әйелге 
деген мұсылмандық көзқарасты қабылдағысы келмейді.
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымын қарастырғанда бірнеше 
тарихи салыстырулар жүргізуге болады. Батыс Рим империясының 
құлауымен Европада батырлық ғасырлар орнайды [7]. Алайда батырлық 
кодекстің осалдығы, оның институционалды емес, жеке тұлғалық сипат 
алуында болды. Көсемге деген адалдық индивидуалдық әлеуметтік 
жүйеге сүйенеді. Ұзақ уақытқа шыдайтын берік әлеуметтік және саяси 
институттар құруға батырлар қабілетті емес. Оның мысалын 
Аттилланың өлімінен кейін батыс ғұндардың құлауынан байқауға 
болады. Қазақ мәдениеті дәстүрлі кезеңінің өзіндік санасының үстем 
формасы батырлық эпосы болып табылады. Эпос әлемі әдетте дәстүрлі. 
Онда қиын-қыстау ахуалдардағы жүріс-тұрыс қалыптары ( агрессияны 
тойтару, стихиямен күрес және т.б.) көрініс табады. Эпикалық дәстүрлі 
кеңістік мынадай оппозицияға негізделеді: “біздікі және біздікі емес 


16 
(бөтен),” “достар – дұшпандар”. Және бұл белгілі бір формаға ие 
болады. Мысалы, қазақтың батырлық жырларында шексіз дала “біздікі” 
деп есептеледі және оның ар жағында жау бар деп саналады. Батырлық 
кезең әрқашанда оқиғаларға толы, қиын-қыстау ахуалдарда ол қоюлана 
түседі. 
Этномәдениет уақытын бағыттарына қарай шартты түрде 
реликтілік (сақталу) және динамикалық (өзгермелі), архаикалық (көне), 
актуальды (өзекті) және футуристік (келешектік) деп бөлуге
болады (Л. Н. Гумилев, А. Тойнби). Бұл жерде біз моральдық бағалауға 
ұмтылмаймыз. Мысалы, тоталитарлық жүйеде утопиялық болашаққа 
(коммунизмге) бола бүгінгі күн құрбан болатын. Алайда, әдетте 
болашаққа бағдар ұстанған динамикалық жүйелер өміршең болып 
келеді. Уақыттың өткен шақтан бүгінгі арқылы болашаққа қарай 
ағатыны сияқты жаңашылдық мәдениеттер де үлкен жетістіктерге қол 
жеткізуі мүмкін. Табиғат әрқашан Қазақстан тұрғындары үшін
абсолюттік және мәңгілік дүние бастауы, бірден бір ақиқат болды.
Ол өздігінен жаратылған, тіршілік етудің имманенттік себептері мен
факторларының, белсенділік пен эволюцияның негіздері болды. 
Адамдарға алғашында табиғат заңдарына мойынсұнып қалтқысыз 
бағыну ғана қалды. Оның себептерін түсініп және соған өз
болмысын құрып, табиғат катаклизмаларынан қашқақтап отырды.
Табиғат бұл жерде адамдарға тұрмыстың формалары мен әдістерін,
көшпенділіктің немесе егіншіліктің таңдауларын белгілеп беретін
ғалам ретінде көрінеді. 
Көне заманда адамдарды күн сайын рудың немесе тайпаның
дүниетанымдық ұстанымына адалдығын дәлелдеп отыруға мәжбүр
етті, өйткені тіршілік етудің ауыр және қатал жағдайлары
руластардың әлеуметтік бағдар мен салттардан бұлтаруына жол
бермеді, әйтпесе оларға рудан аластауы, көп жағдайда мұның арты
өлімге апарып соқтыратын еді. Дүниені сезіну айқындала түсті, 
дүниені түсіну айқын әрекеттерге итермеледі, дүниетаным нақты
жағдайдан туатын, шын айқын болды. Табиғат дүниенің аяқталған
қалыпты жағдайы, ал адам табиғаттың бір бөлшегі ғана болды.
Алайда, адамзат баласының даму эволюциясының нәтижесінде 
еңбектің практикалық және жаңғыртушылық қызметі бірте-бірте
түсінікті бола түсті, сөйтіп табиғи ортаны адам қажетіне бейімдеп,
қайта жаңғырту жүзеге асырылды. Егіншілік пайда болады,
жинаушылық бау-бақша өсіруге айналады. Үй малдарына шөп
шабу іске асады. Табиғи ортаны бейімдеуден адамдар оны өңдеуге
ауысады. Оның енді бір формасы аңдарды қолға үйрету болды.
Жабайы жылқыны қолға үйрету жабайы мал өсіру мен
көшпенділікке жол ашты. Бұл сол заманда прогрестік құбылыс
болды. 


17 
Табиғи ортаны өзгертудің пайда болуы философиялық көз-
қараста адамның айқын мақсатты қызметін, мақсат қою факторын
өмірге келтірді. Мұның өзі адамның табиғаттан бөлініп дербес
тіршілік иесі болып қалыптасуының алғы шарты еді. Адамның
мақсаткерлік қызметі объективтік процестің шешуші формасы
болып табылады. Біртұтас, бірақ қарама-қайшылықты процесте ол
табиғи заңдылық және адамдардың мақсаткерлік қызметі ретінде
көрініс тапты. Тұтас дүние қалпы енді үнемі адамдардың мақсатты
қызметімен, оның „табиғи бөлшегі” емес, оның әміршісі,
өзгертушісі болуға ұмтылған әрекеті нәтижесінде бұзыла бастады.
Әзірге мұнда ешқандай оғаштық жоқ еді бірақ көп ғасырлардан
кейін бұл әрекет экологиялық және антрапологиялық дағдарысқа 
әкеп соқтырды. 
Табиғат әлемі адамдардың мақсаткерлік қызметінің барысында
адам әлеміне айналады. Енді қажеттіліктің ”темірдей ерік-жігерін”
талап ететін табиғи заңдылықтар емес, адамдардың ерікті қызметі
шешуші рөл атқарды. Олар сыртқы жағдайлардың детерминациясы
сияқты емес, бостандық заңы бойынша әрекет етті. Осының өзі
жалпы алғанда кейіннен тіршілік етудің дүниетанымдық бағдарына
жеткізеді. Қоғамдық санада олардың өзі-ақ әлеуметтік мінез-
құлықтың нормалары, салты, дағдысы ретінде қалыптасады да,
адамдардың қауымдастығының, сондай-ақ қазақтың арғы тегінің де
өмір сүруін реттеп отырды. 
Қазақтардың арғы тектері дүниетанымы қалыптасуында ерекше рөл 
атқарған генотеизм діннің атауы ретінде ғылыми қолданыста да, 
тұрмыстық қолданыста да әртүрлі мағынаға ие. Белгілі бір пайғамбарлар 
немесе оның ізбасарлары арқылы негізгі қаланған діндердің 
көпшілігімен салыстырғанда генотеизм ертеде пайда болғанына 
қарамастан, халық дүниетанымының негізінде табиғи, тарихи жолмен 
қалыптасқан дүниетаным болып саналады. Онда адамның қоршаған 
табиғатқа, оның тылсым күштеріне деген қатынасымен байланысты ерте 
діни және мифологиялық көзқарастар да ерекше орын алады.
Адамдар қазіргі күні де қайғы-қасіреттен құтылу осы өмірдегі 
қайырымды қылықтар мен игілікті істердің арқасында деп пайымдайды. 
Сондықтан да бата орындалды деп түсінеді. Мазмұндалған бұл 
материалдан жер бетінде игілікті өмір сүрудің жалғыз жолы рухтар мен 
құдайлар алдындағы бағыныштылықты уағыздайтын дін ретіндегі 
генотеизмнің идеологиялық мәні айқын көрінеді. Оның тағы бір 
еркшелігі адамдардың бұл өмірдегі әртүрлі қылықтары мен 
қылмыстары, сондай-ақ жақсылықтары оның өлгеннен кейінгі 
тағдырына әсер етпейді. 
Генотеизм қарапайым малшылардың діни санасында терең және 
берік орын алған. Генотеизмге тән мәнді белгі ретінде оның діни 


18 
мәнділігі жазбаша түрде сипатталмағанына және насихат түрінде 
уағыздалмағанына қарамастан тарихи тұрғыдағы тұрақтылығын да 
айтуға болады. Ол отбасылық және ру-тайпалық деңгейде ұрпақ 
арасындағы үздіксіз байланыс жолымен жалғасты. Оның маңызды 
себептерінің бірі көшпенділер өмірінің ерекше экономикалық 
шарттарымен 
сипатталады. 
Генотеизмнің 
моральдық-этикалық 
түсініктері 
ақын-жыраулардың 
адамгершілік 
көзқарастарының 
қалыптасуы мен дамуына тікелей ықпал етті, бұл олардың 
шығармашылығынан айқын аңғарылады. 
Қазақтың ата тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы 
– олардың бақылайтын, қабылданатын, дүниеге сезімдік тұрғыдан
жақын болуы, бұл болмыспен тамырластығы уақытты, кеңістікті, 
адамның ішкі дүниесі, тіршілік етудің басқа да жақтарын, болмыс
мәнін, ар-ождан бастауларын түсінуінен өз көрінісін тапты. Мұның
бәрінің нақты өмірде нақты түп тамыры бар, осыдан келіп басқа
ешбір дүние түсінігімен шатыстыруға болмайтын дүниенің ұлттық
образы, дүниетанымы пайда болады. 
Қазақтың ата тегінің мәдениетіне назар аудару ондағы этностың
менталитеті ұғымын түсінуге мүмкіндік береді. Яғни, бұдан қоғам
мүшелерінің барлығына қатысты және индивидуалдық деңгейде
көрінетін қоғамда ұжымды түрде қалыптасатын ойлау және психика
құрылымын ұғынамыз. Мәдениеттің бұл „ферменті” әрбір адамның
әлеуметтік мінез құлқында шешуші рөл атқарады. Өйткені ол оның
санасында орныққандықтан оған қоғамдық қозғалыстың жолын
айқындайды, сан қилы өмір сәттеріне бағдар береді, ең бастысы,
барлық объективті мүмкіндіктердің ішінен өз қалауын таңдауға жөн
сілтейді. Егер түйсік дәрежесіндегі қалау архетиптік қалыптың
базасында жүзеге асып, инстинктер импульстерде көрініс тапса, ал 
менталитет „ғылыми мінез-құлық” пен әдет-ғұрыптардың жиынтығы
негізінде бағдар таңдауы талап етеді, бұларды тәрбие мен білім
беру т.б. арқылы коллектив береді. 
Осыдан кейін Шығыста қабылданған он екілік санаққа орай он екі 
жылдық өлшем қалыптасты. Мұның өзі кейбір рухани мистикалық 
бастауларды ұстанды. Мәселен, жылан жылы бақытсыздық жылы 
болып саналды, өйткені әдетте он екі жыл сайын осы жылы жұт келеді. 
Жылқы мен қой жылдары бақытты болып саналады, әдетте бұл 
жылдары мал қоңды, халық тоқ болды. Түнгі аспанға көз салған 
көшпенділер көк күмбезінде сексен сегіз шоқжұлдызды белгіледі. Олар 
ерекше мәнге ие болды. Өйткені аспан жарты шар ретінде көз көрім 
әлемді жауып тұрушы және жұлдыздар қозғалысы төменгі әлемге 
байланысты, оған елеулі ықпал етеді деп санады. Егер бірінші он екі 
айдан тұратын жылдық циклге көңіл аударар болсақ, олар белгілі бір
шоқжұлдыздарға сай құрылды. Уақытты одан әрі түсіну он екі жылдық 


19 
циклге алып келді оған тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, 
жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз енеді [8]. 
Қазақтың ата тегінің даму үстіндегі уақыт ұғымы болмыс пен 
тікелей қатысты құбылыстан, сезімдік нақтылықтан шығып, эволюция 
барысында фенелогиялық және циклдік сападағы кезеңдерге, „тірі
хронологияға” және одан әрі ұзақ жыл санау жүйесіне өткеніне
қарамастан өз бойларында нақты болмысқа тән қасиетін сақтап қалды. 
Санасыз инстинкттердің немесе саналы импульстердің, бұлардың екеуі 
де бірден пайда болады, серпінді формалары түрінде қалады. Мұның өзі 
тарих барысында айтарлықтай өзгеретін, бірақ ешқашан базистік өзегін 
жоғалтпайтын архетип немесе оның көрінісі ретінде бағалауға негіз 
болады. Уақытты бұлай түсіну арқасында ол образды және эмоционалды 
сипатқа ие болады, бұл оның сезімдік нақтылыққа жақын екендігін 
білдіреді. Қазақ философиясының нақты болмысқа тәнділігі мен сезімдік 
нақтылығы осыдан көрінеді.
Қазақ философиясының нақтылы халықтық көрінісіне мақал-
мәтелдер 
жатады. 
Бірнеше 
ғасырлар 
бұрын 
пайда 
болған, 
данышпандықтың сүзгісінен өткен, мәңгілік өмір сүруге құқылы, біздің 
заманымызға дейін жеткен қазақтың мақал-мәтелдері, ертегілері бүгін де 
өз маңызын жоғалтпай, өзінің жарқын бейнесімен халықтың 
адамгершілік-психологиялық дамуының тарихи жолын нұрға бөлеп тұр. 
Қанатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер, аңыздар мен өлеңдерге, айтыс 
пен толғауларға еніп кеткен. Мақалдар халықтың қуанышы мен 
қайғысын, даналығы мен өмірлік тәжірибесін білдіретін ең кеңінен 
таралған формасы ғана емес, моральдық нормалардың өзіндік кодексі де 
болып табылады. Мақалдардан көрінетін моральдық кодекс балалық 
шақтан кәрілікке дейінгі тәрбиеде маңызды рөл атқарады. Қазақ 
мақалдарының тақырыбы барлығын қамтиды. Ол өмірдің барлық қырын 
құрамына енгізеді: күнделікті тұрмыстан тарихқа, өмірге дейін, 
халықтық этика нормаларының кең кодексін қамтиды. /М.С. 
Орынбеков/. 
Көшпелі өмір тәртібіне сай қазақ халқының өз еңбек әрекетіне 
деген көзқарас мақалдарда бейнеленеді. Бақыттың көзі ретіндегі еңбекке 
деген көзқарас көп мақалдарда кездеседі. Мысалы, “таяқпен құлын 
табасың, құлынмен тұлпар табасың, тұлпармен бақытыңды табасың’’. 
Архаикалық өмір тәртібін бейнелейтін қазақ мақалдарын зерттеу 
олардың идеялық мазмұнының өзегі “жаман адам’’ мен “жақсы адам’’ 
түсініктерінен құралатынын көрсетеді. Қолдаушы формула “жақсы 
адам’’ мен кінәлаушы “жаман адам’’ отбасылық өмірдегі де, қоғамдық 
өмірдегі де моральдық нормалардың бүтін жиынтығын білдіретін 
қорытындылаушы түсініктер болды. “Жақсы’’ мен “жаман’’ халықтық 
мораль тұрғысында былайша бағаланады немесе сыналады: “Жақсы іске 
келеді, жаман асқа келеді’’, “Жақсыдан қашпа, жаманға баспа’’. 


20 
Қазақ мақалдарында қайырымдылықтың зұлымдықпен күресі 
мәселесі үлкен орын алады. Халықтың қолдайтын барлық жүріс-тұрыс 
нормалары мен принциптері, жағымды бағаланатын адамгершілік 
әрекеттердің барлығы қайырымдылық болып табылады. Ал халықтың 
кінәлайтын, қолданатын әрекеттері мен қылықтарының барлығы
адамның қоғамдық және жеке өміріне зиян келтіретін нәрсенің бәрі 
зұлымдық болып табылады. Сонымен қатар қайырымдылық ақылмен 
және біліммен байланыстырылады, адамгершілік өмірде үлкен мәнге ие 
болып, зұлымдыққа қарсы күресте маңызды құрал ретінде бағаланады.
Қазақтың халық даналығы адам абыройын түсіретін моральдық 
принциптерді қатал айыптайды. Және керісінше, батырлық, патриотизм, 
төзімділік сияқты жағымды адамгершілік қасиеттер бағаланады. “Ер’’ 
түсінігі туралы мақалдар өте көп. Мысалы, “Ерді намыс өлтіреді, қоянды 
қамыс өлтіреді’’. Мыңжылдық тәжірибеден туындаған “Таспен ұрғанды, 
аспен ұр’’ деген даналықты айту үшін қазақ халқы небір қиын-қыстау 
күндерді 
бастан 
өткізді. 
Көшпендінің 
кең 
пейілділігі 
мен 
қонақжайлылығы мына мақалдан көрініс табады: “Кездескен адамыңды 
сыйла, мүмкін оны соңғы рет кездестірген шығарсың’’. 
Көпғасырлық халық даналығы адамгершілік-этикалық идеяларға 
толы. Тарихтың бүкіл өн бойындағы өзара қатынастарды реттеп 
отыратын адамгершіліктің қарапайым нормалары бүкіл халықтың 
жинақтаған тәжірибесінің нәтижесі мен қорытындысы болып табылады. 
Біз мазмұндалған материалдың өзектілігін рухани ақиқаттар тұрғысынан 
жеткізуге тырыстық, бірақ оның алғы шарты кез-келген философиялық 
проблематика сияқты философияның өз дамуының ішкі (имманентті) 
қажеттіліктерімен қатар, әлеуметтік дамудың сыртқы қажеттіліктерімен 
де сипатталады.
Өзінің табиғатқа көзқарасы қалыптасқаннан бастап, осы күнге 
дейін түпкі ипостосия ретінде қарайтын және мәңгілік әрі өткінші емес 
болмысты біртұтас дүние деп тани отырып, қазақ халқы өзінің этноспен 
шендесуіне қол жеткізді, өйткені оның табиғатқа жақындығы мейлінше 
айқын әрі талас туғызбайтын еді. Ғасырлар бойы эволюция барысында 
қазақ әрқашан табиғатқа қайта оралып отырды. Бұл оның бірінші 
ажырамас белгісі болды. Оның тіршілігіне тән екінші бір қасиет – оның 
түп негізіндегі қайшылық. Бұл қайшылық ғұндардың, үйсіндердің, 
қаңлылардың ара қатынастарынан, мал өсіру мен егіншіліктің, көшпенді 
және отырықшы тайпалардың кей кездерде қайшылықтарға дейін жетіп, 
соғыс жолымен шешуге дейін баратын өзара әрекеттерінен туған еді.
Бұл амбиваленттілік осы халықтың бүкіл тарихымен қатар жүреді. Ол 
адамдар санасына әлеуметтік материяға тереңдей еніп, бітіспес таластар 
туғызды.
Қазақ философиясында даналық үлгілері ауызекі мәдени ақпаратты 
берудің тиімді тәсілі – поэзиялық үрдіс арқылы түйінделген. Батыста 


21 
философиялық пайымдаулар рационалдық ғылыми әдістемені мұрат 
тұтса, еуразиялық дала көшпелілерінде даналық әдеп талаптарымен 
синкретті түрде көрініс табады. Қазақ философиясы соңғысына жақын.
Профессор М. Орынбековтың пікірі бойынша, идеялардың 
мыңдаған жылдық құпиясын өз бойына жинақтаған қазақ философиясы 
тарихы бұгінгі таңда орасан зор мәнге ие болды. Өз ұлтының түп-
тамырына, салт-санасына және ерекшелігіне назар сала бастаған жаңа 
тәуелсіз мемлекеттер үшін мұның маңызы ерекше зор. Жаңа 
мемлекеттің 
тарихи-қоғамдық 
аренасындағы 
орталық 
ұғымы 
„төлтумалылық”, өзіндік болмыстылық. Бұл енді өзінің барлық 
мүшелерінің өмірлік доминанттарының жалпылығы және өзіне тән 
ерекшелігіне негізделген қоғамның дербестігін, сапалық айқындылығын 
білдіруге жұмсалады. Бұл жерде қоғамдық тұрмыстың әр қырлары, 
қоғамдық сананың онтологиялық және гносеологиялық аспектілері, 
тіршіліктің қалыптасқан элементтері және дамудың ішкі бастаулары
ажырамас 
бір 
салаға 
бірігеді. 
Әртүрлі 
философтар 
мен 
мәдениеттанушылар өзіндік болмыстың орны жайында ой түйе келіп, ол 
– тарихтың қозғаушы күштерінің бірі, мәдениеттің өміршеңдік өзегі, 
ғылымның мәдени өзегі, қоғам дамуының үдемелі қағидасы деген ұғым 
қалыптастырған. 
Жоғарыда келтірілген дәлелдемелер “қазақ философиясы” сөз 
тіркесін нық қолдануға жеткілікті деп ойлаймыз. Әрине, “қазақ 
философиясы” ұғымы ары қарай зерттеуді талап ететін мәселеге жатады.
“Қазақ философиясы” деген терминнің қисындылығы, біздің 
ойымызша, төмендегідей негіздермен айқындалады. Біріншіден, ұлттық 
философия әр халықтың болмыс формаларымен тығыз байланысты. 
Өйткені әр халықтың орналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру 
дағдыларына байланысты ортақ мінез-құлық ережелері, жүріс-тұрысы, 
тыныс-тіршілігі қалыптасады.
Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің 
құрылымы, оның жасарын күштері туралы тұрпайы түсінік – бұл қазақ 
философиясының бастапқы кезеңі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген 
көзқарас болған жоқ, сондықтан да философияның басты бағыттары да 
айқындалмаған еді. 
Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, коғам дамуының 
көп сатыларында алдыңғы орыңа экономикалық мүдделер мен саяси 
қызметке қарағанда философиялық, этикалық, діни т.б. проблемалар 
шығады. Олар азаттық және адам еркіндігі, діни сенім және ақыл-ой, 
сүру және адамгершілік қасиеті, бостандық пен құлдық, керек болса
«қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған алтын ғасыр” және «ақыр заман” 
туралы және басқа мәселелер. 
Зерттеу объектіне қайта оралайық. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің 
утопиядан бас тартып, антиутопияға бағдар ұстанғанын тарихи 


22 
талдаулар дәлелдейді. Батырлық ғасырларға қарамастан “Гүлстан” және 
“Жерұйық” идеяларын “Зарзаман” идеясы алмастырды. Қазақ утопиясы 
өзінің бастауын шыңғыс тұқымдарының номадалық ұлыстарының 
дағдарысы кезеңінен алады (Сайф Сараи. Гүлстан). Бұл идеяның 
классикалық көрінісі “Бірінші қазақ философы” Асан қайғының 
(Ш.Уәлиханов) шығармаларында орын алады. Асанның “Жерұйығы”
өзінің амбиваленттілігімен сипатталады: “жұмақ бағы” тәртіп пен 
Хаостың, адам мен табиғаттың, өлім мен мәңгіліктің, дәстүр мен 
жаңашылдықтың үйлесімділігі болып табылады. Тарихи тағдырға орай 
қазақтың дәстүрлі мәдениеті өзінің органикалық дамуын үзуге мәжбүр 
болды. Егер еуропалық этностар Ренессанстан Реформация арқылы 
Ағартушылыққа өтсе, ал Ислам Реннессансының дәмін татқан
евразиялық номадалардың ұрпақтары Зарзаманға батты. Зарзаман 
ағымының көрнекті өкілдері Шортанбай, Дулат, Мұрат дәстүрлі 
мәдениеттің дағдарысын көрсетіп, оны тәуелсіздіктің жоғалуымен 
байланыстырды. Олардың қайғысы феодализмнің жаңғырығы да емес, 
орыс мәдениетін жек көрушіліктің формасы да емес, жаңашылдықты 
қабылдауды теріске шығару да емес. Зарзаман тығырыққа тірелген 
жағдайды ұғынды білдіреді: дәстүрлі құндылықтарды қайта бағалау 
қажет, бірақ еркін таңдау жоқ, аяқ-қол империялық темір бұғаумен 
құрсауланған.
Дәстүрлі мәдениетке қатысты Ресей мәдениетінің аккультуралық 
жаңашылдық рөлі туралы ұзақ жылдар бойы мынадай схемалар – 
пайымдаулар үстемдік етті: Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ 
халқын жоңғарлардың қырғынынан аман сақтап қалды (бірақ XVІІІ 
ғасырдың ортасына қарай Абылайхан жоңғарларды толығымен жеңіп, 
Ресеймен және Қытаймен қалыпты қатынас орнатты); 2 қазақтар Ресей 
арқылы Европаның озық мәдениетімен танысты (бұл “таныстық’’ 
үндістердің американдықтармен таныстығына ұқсас); 3. Қазақстанда 
артта қалған феодализмнің орнына озық капитализмнің элементтері енді 
(бұл “жетістік’’ те үндістердің тағдырына ұқсас). 
Бірақ, күрделі тарихи шарттар мен орны толмас орасан зор 
шығындарға қарамастан қазақ мәдениеті уақыттың талабы мен 
Тағдырдың сынына абыроймен жауап бере білді. Қазақтардың
этномәдениетін күлден қайтып пайда болатын мифтік құс Феникспен 
салыстыруға болады. Мәдениеттің дәстүрлі негіздерін қайта жаңғырту 
әрқашанда жағымды процесс болып табылады. Адам өзін ұғыну үшін 
өткенге бет бұрады, онан сабақ алып, келешек даму жолын таңдайды. 
Алайда 
жаңашылдықты 
түгел 
теріске 
шығарып, 
дәстүрді 
абсолюттендіретін біржақты ұстаным да бар (архаизм). 
Архаизм 
ескілікті 
көксейді, 
дамудың 
өткен 
кезеңдерін 
қалыптастыруға тырысады. Зерттеушілер бұл типке фундаментализм, 
партикуляризм, ортодокстық сияқты белгілерді қосады. Әрине, 


23 
этномәдениет өзінің беріктілігін сақтауға, мәдени архетиптерінен 
алшақтамауға тырысады. Екінші жағынан адамның жаңашылдығы, 
жемістілігі және шығармашылдығы да белгілі. Архаизмнің бірнеше 
мысалдарын келтірейік. А. Тойнбидің пікірінше, архаизм менталитетте, 
мінез-құлық типтерінде, өмірде, дінде және саясатта көрініс табады. 
Мысалы, Германияда архаизмнің көрінісі ретінде – тевтонизм мен таза 
арийлік идеясын жандандыру, Израильде өлі тіл - ивритті тірілту, 
Үндістанда санскритті тірілту сияқты талпыныстарды айтуға болады. 
Дәстүршілдік 
дүниетаным 
тірі 
жүйелерді 
ұйымдастырудың 
фундаментальды принциптеріне сәйкес келмейді. Дж. Холденнің 
эволюциялық ілімі бойынша тұйық жүйелер дегенерацияға ұшырайды. 
Росс Эшбидің кибернетикасы жабық және қатаң жүйелерде энтропия 
ұлғаяды және коллапс туады деп тұжырымдайды. Қазақстандағы 
азаматтық қоғамды ру-тайпалық басқару және хандық билікпен 
алмастыруға, исламды тәңірішілдікпен және шаманизммен алмастыруға 
және т.б. шақырған ұстанымдарды архаизм ретінде бағалауға болады.
Әрбір халықтың рухани мұрасында әлемдік мәдениеттің жалпы 
қазынасын байытатын құнды ойлар болатыны белгілі. Халықтың бай 
рухани мұрасын зерттеу тек осы мәселені зерттеушілер үшін ғана 
маңызды емес, сонымен қатар бүгінгі күнгі адамдардың өзара 
адамгершілік қатынастарын дұрыс пайымдау үшін де қажет, болашақта 
адамзаттың адамгершілік процесінің заңдарын дұрыс түсінуге көмек 
береді.
Кез-келген дамудың мұраты сабақтастық идеясымен тұтас 
байланыста екендігі белгілі. Осыған байланысты біз ақын-жыраулардың 
дүниетанымының қалыптасуына ықпал еткен идеялық бастауларға 
тоқталғанды 
жөн 
көрдік. 
Өйткені, 
олардың 
өздерін 
де, 
шығармашылығын да халық даналығының қайнар бұлақтары суарып 
отырды. Олардың қатарына ерте түркі әдеби ескерткіштерін, дала 
тайпаларының 
әлеуметтік-саяси, 
адамгершілік, 
философиялық 
көзқарастарының белгілі дәрежеде квинтэссенциясын білдіретін мақал-
мәтелдер түріндегі халық ауыз әдебиетін жатқызуға болады. 
Дүниетанымның қалыптасуына исламға дейінгі және ислам діндері де 
үлкен ықпалын тигізді. Адам жанын ашылған кітаптай оқитын, туған 
даласымен физикалық тұрғыда да, рухани тұрғыда да байланысты 
болған 
бізге 
белгілі 
және 
белгісіз 
данышпандардың 
шығармашылығындағы уақыт жібінің сабақтастығы дәл осындай өлшем 
арқылы айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет