Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


-сурет.  Трансқазақстандық теміржол магистралі 112



Pdf көрінісі
бет34/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

3.2-сурет
Трансқазақстандық теміржол магистралі


112
1950 жылға қарай Мойынты-Шу (440 км) учаскесі салынды. 
Сонымен, Транссібір магистралі Түркістан-Сібір магистралімен 
бірігіп, күллі Қазақстан аумағы бойынша өткен алғашқы мериди-
ан жолы пайда болды – Трансқазақстандық теміржол магистралі 
(Петропавловск-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу).
1950 жылдары Қазақстанның солтүстік жəне орталық аймақ-
тарында темір жол құрылысы қарқынды жүріп жатты. 1955–1961 
жылдары Есіл-Арқалық (224 км) жолы төселді, 1959 жылға қа-
рай – Қостанай-Тобол, 1960 жылға қарай – Тобол-Жетіқара. 1950 
жылдары Қазақстанның теміржол желісінің тығыздығы екі есе 
артты. 
1960 жылдары Макат-Маңғышлақ жəне Маңғышлақ-Узень 
(жалпы ұзындығы 900 км-ге жуық) учаскелері төселді.
1964 жылы Қазақстанда алғашқы жол учаскесі электрленді 
(Целиноград-Қарағанды). Осыдан кейін қазақстандық темір жол-
дарды белсенді электрлендіру басталды. 
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның жекелеген 
аймақтары арасындағы қатынас көршілес мемлекеттердің шека-
раларын кесіп өту қажеттілігіне байланысты қиындады. Мұн дай 
қиындықтарды болдырмас үшін Қазақстанда толығымен респу-
блика аумағы бойынша төселген үш жол учаскелері төселді: 
− 
Олардың алғашқысы 2001 жылдың маусымында Ақсу бекетін 
(Павлодар облысындағы қала) Конечная (Дегелен) бекетімен бай-
ланыстырды. «Аксу-Конечная» желісінің 184 километрі 2,5 жыл-
да салынды. Бұл желі Қазақстанның Солтүстігін Шығыспен бай-
ланыстырды. 
− 
Олардың екіншісі Қазақстанның Солтүстігін оның Батысы-
мен байланыстырды. Хромтау-Алтынсарин (Қостанай облысы) 
учаскесінің құрылысы 2003 жылдың 18 қазанында аяқталды. 
Магистраль жолдарының ұзындығы 402,5 км құрайды, станция 
жолдарының ұзындығы - 40,22 км. Мұнда 13 станция жəне разъ-
ездтер, 11 көпір, 151 су өткізу құбырлары орналастырылған. 
− 
Үшіншісі Өскеменді Шар (Түрксіб) бекетімен байланыс-
тырды, бұл Ресей шекарасын екі рет кесіп өту қажеттілігін жой-
ды. Бұрын Шығыс Қазақстан елдің басқа аймақтарымен тек қана 
Ресейдің Локоть бекеті арқылы теміржолмен қатынайтын, яғни 
құрамдар Защита (Өскемен)-Локоть-Семей бағдары бойынша 


113
өтетін. Құрылысқа 60–тан астам мердігерлік ұйымдар тарты-
лып, бас теміржол төсемі жəне 14 км-ден астам бекеттік жолдар 
төселді. Көпір салушылар барлығы 13 көпір, 4 жолқұбырларын, 5 
мал өткелдерін салып, 95-тен астам су өткізу құбырларын төседі. 
2008 жылдың 9 қазанында «Шар бекеті - Өскемен» теміржол 
желісінің құрылысы аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет