109
қатар, əлемдік нарықтан алыс. Сондықтан, дамыған көлік жүйесін
иелену Қазақстан үшін өте маңызды.
Қазақстандағы теміржол көлігінің маңызы өте жоғары. Қа-
зақстанның темір жолдары елдің жүк айналымының 68 % жəне
жолаушылар ағымының 57 % жоғары пайызын қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы темір жолдардың ұзындығы 15 мың км асады. 15
түйіспе пункттер (Ресеймен 11, Өзбекстанмен 2, Қырғызстанмен
1, Қытаймен 1) Қазақстанның теміржол жүйесін көршілес мемле-
кеттермен байланыстырады. Ресей мен Қазақстанның теміржол
жүйелері өте тығыз байланысты.
Қазақстан жалпы ұзындығы шамамен 15 мың километрді
құрайтын темір жолдың тарамдалған желісіне ие; олардың 6
мыңы екі жолды жəне шамамен 5 мыңы – электрлендірілген. Ба-
сты жолдардың ұзындығы - 18,8 мың км, бекеттік жəне арнайы
жолдар - 6,7 мың км. Теміржол саласында 125 мыңнан астам адам
қызмет етеді, бұл шамамен Қазақстан халқының 1%-ын құрайды.
Желінің үлкен бөлігі Қазақстан темір жолдарының басқаруында,
қалған бөлігі Оңтүстік-Орал темір жолдарының басқаруында.
Қазақс танның темір жолдарының сұлбасы 3.1-суретте көрсе-
тілген.
Достарыңызбен бөлісу: