Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



Pdf көрінісі
бет50/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

3.11-сурет.
Іріктеу бекетін басқарудың интегралданған жүйесі. 
СБ АБЖК құрамдас бөлігі іріктеу процесін (СП АБЖК) 
автоматты басқару кешені болып табылады.
СП АБЖК мақсаттары мен міндеттері тау тілшелерін (ГАЦ 
МН жүйесі), вагон баяулатқыштарды (УУПТ жүйесі) компрессор-
лық бекеттерді (КСАУ КС жүйесі) тау бағдаршамын, үш кезекті 
ағытпадағы вагондар (КБ Г жүйесі) санының көрсеткішін жəне 
бүкіл станция аумағындағы маневрлік локомотивтерді (ГАЛС 
РМ жүйесі) басқару жолымен орындалады. СП АБЖК құрамына 
борттық, посттық, едендік құрал-жабдықтар мен адамдарға 


159
қызмет көрсететін жəне шапшаң жабдықтардың жұмысын бақы-
лайтын жəне протоколдайтын бақылаушы-диагностикалық ке-
шен (КДК жүйесі) кіреді. 
СБ АБЖ негізгі бекеттік операциялар (вагондардың тараты-
луы, поездардың жүруі) орындалатын технологиялық құжат тар-
дың берілуін қамтамасыз етеді.
Жүйе мүмкіндіктерін кеңейту үшін үлкен қуатқа ие заманауи 
ЭЕМ бағдарламалық жабдықтау жүзеге асырылады. 
СБ АБЖ эксплуатациясы жылдарында станцияның тиімді 
технологиялық ерекшеліктерін есепке ала 
тын сəтті, функцио-
налдық міндеттердің біршама мөлшері жинақ талды.
СБ АБЖ іріктеу бекеттері 
нің қатарында қазіргі уақыт ре-
жимінде, станция жағдайының ди намикалық моделінің негі зін- 
де қызмет етеді. Ол график же 
лілеріне ағымдағы дайын құ-
рамдарды тіркейді жəне оларды локомотивтер мен локомотив 
бригадаларымен қамтамасыз етеді. 
СБ АБЖ қазірде жергілікті жүйелер болудан мүлдем қалды. 
Олар өзара байланыса отырып, жол ТҰАБЖ мен өзара байланыс 
орнатады.
Жүк бекетін басқарудың автоматтандырылған 
жүйесі (ЖББАЖ)
Жүк бекетін АБЖ сонымен қатар ақпараттық-технологиялық 
жүйелер классына да қатысты. Бірінші жүйе МИИТ тарапы-
нан жасалынған жəне Москва ІІ - Митьково Мəскеу темір жол 
бекетінің СМ-4 ЭЕМ базасына қолданылды. Жүйе динамика-
лық вагондық модель негізінде келесілерге мүмкіндік жасай-
ды: əр вагонның жай-күйі жəне бар-жоқтығын есептеу; станция 
жұмысын жоспарлау; əрбір вагонмен жұмысты бақылауға алу; та-
сымалданушы құжаттардың өңделуін автоматтандыру; оперативті 
жəне статистикалық есептер жасау. Жүйенің қолданылуы станция 
жұмысының сапалық жəне сандық көрсеткіштерін жақсартты.
ЖББАЖ басты функционалдық құрамы келесілерді қарас-
тырады: 


160
- Станция жұмысын ауысымды-тəуліктік жоспарлау, техноло-
гиялық процесстің орындалу барысын бақылау; 
- ақпаратты поездар мен вагондар бойынша енгізу, жол дең-
гейімен байланысты жүзеге асыру, бекеттік жұмыс бойынша 
тіркеу жəне есептілік;
- пойыздардың келуі мен жүруін тіркеу;
- маневрлік жұмысты жоспарлау, вагондардағы тиеу-түсіру 
жұмыстарын жоспарлау;
- жүк қабылдау-жіберу бойынша, тасымал құжаттарын ресім-
деу бойынша операциялар;
- тасу ақысын есептеу жəне есепке алу, жинақтар мен айып-
пұлларды есептеу;
- тасымал жоспарынының орындалуын есепке алу, жүк жəне 
коммерциялық жұмыс бойынша есептілікті енгізу; 
- натурлық парағы рəсімделген кіреберіс жолдардағы вагон-
дардың қабылдануы мен жіберілуін тіркеу, вагондардың, ком-
мерциялық ақау болған жағдайда жүктердің жіберілу жағдайын 
бақылау;
- көпшілікке арналған қолданыс орындарында (МОП) жүк-
тердің берілуі мен қабылдануын есепке алу, вагондық парақ-
шаларды, жалпы формадағы актілерді жасау, тіркеу мен есеп 
беруді енгізу;
- тиеу-түсіру жұмыстарының орындалуын бақылау, механиза-
торлар мен жүк артушылардың жұмысын есепке алу;
- жүктерді келтіру жəне тасымалдау жұмысының ұйым-
дастырылуын бақылау, автомобиль транспортының жұмысын 
жоспарлау;
- коммерциялық ақауларды тіркеу, олардың ресімделуі, ма-
неврлік диспетчерге ақауларды дұрыстау үшін вагондарды ағы-
туға сұраныс беру; 
- жүктерді іздеу, сақталмаған жүктердің тіркелуін есепке алу-
ды енгізу, коммерциялық актілерді ресімдеу, сақталмаған тасы-
малдарды есепке алуды енгізу;
- қорғауды қажет ететін жүктер жайлы ақпарат, сол жүктерді 
қорғауға алу жөнінде сұраныс даярлау;
- жіберілуі бойынша пойыздарды жасақтауды бақылауға жəне 
есепке алу, вагондардың берілуін қадағалау.


161
Контейнерлік пунктті басқарудың автоматтандырылған жү-
йесі (КПБАЖ)
ДИСКОН жүйесінің маңызды жəне басты бөлігі желілік 
деңгейді автоматты басқару жүйесі, яғни контейнерлік аумақтар 
мен пункттерді автоматты басқару жүйесі болып табылады. 
КП автоматты басқару жүйесі құрылымы жағынан контей-
нерлік пункт қызметкерлерінің (қабылдаушылар мен жіберушілер, 
тауар кассирлері, актілік-презентациялық стол жұмысшылары, 
контейнерлік пункт меңгерушісі жəне т.б.) Қызметі жағынан 
маңызды болып табылатындары АЖО ТВК жəне АЖО ПС.
КП автоматты басқару жүйесінің құрылымы контейнерлік 
пункт жұмысының көлемі мен сипатына байланысты жасалады. 
Үлкен контейнерлік пункттерде КП автоматты басқару жүйесі 
15-20 АЖО-ға дейін біріктіруі мүмкін. Контейнерлік пункттердің 
көпшілігінде, ереже бойынша, ТВК АЖО кешенінде жұмыс жа-
сайтын ПС АЖО өзі жеткілікті. 
ТВК АЖО тасымалданатын құжаттардың несиеден алынуын 
жəне ресімделуін, тасымал төлемдерінің есебін, қосымша жи-
нақтарды, коммерциялық жəне қаржылық есептіліктің енгізілуін 
қамтамасыз етеді.
ПС АЖО-да 100-ден аса функционалдық мəселелер шеші-
леді, олар келесідей кешендерге топтастырылады: «жоспарлау», 
«опе ративті жұмыс», «оперативті құжаттардың берілуі», «анық-
тамалар», «жағдай анализі», «есепке алу жəне есеп беру», «архив-
пен жұмыс», «ДИСКОН жол деңгейімен жəне оның вагондарының 
автоматтандырылған банктерімен жəне контейнерлермен (АБД 
ПВ и АБД ПК) өзара байланыс орнату», «жүйе администраторы».
Контейнерлік пункттердегі технологиялық процестерді олар-
дың жұмыс жасау ерекшелігін есепке ала отырып унификация лау 
қажет; КП автоматты басқару жүйелері жолында «жеке өндірісті» 
қолданудан бас тарту; НСИ орталықтандырылған жүргізу жүйе-
сін (тарифтер, станция, жүктердің, жүк жіберушілер мен жүк қа-
был даушылардың, экспедиторлардың классификаторлары) енгізе 
(барлық АБЖ-ға) жəне өңдей отырып оның ДИСКОН жол жəне 
желі жүйесіндегі автоматты түрде жаңарып отыруын қамта ма-
сыз ету; электрондық құжат айналымының негізінде контейнер-


162
лік тасымалдарды басқарудың қағазсыз технологиясын жасау; 
КП автоматты басқару жүйесін жаңа принциптік аппаратты-бағ-
дарламалық кешендердің негізінде дамыта түсу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет