Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


Автоматтандырылған ақпараттық-анықтамалық



Pdf көрінісі
бет46/76
Дата22.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#109860
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
Байланысты:
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ КӨЛІКТЕ

3.2.2 Автоматтандырылған ақпараттық-анықтамалық 
жүйелер «ДИСКОР»
«ДИСКОР» – ТҰАБЖ, ММИӨ, «Экспресс», жəне т.б. ке шен-
дерін, сонымен қатар бағдарламамен қамтамасыз ететін түрлі 
құралдарды өзара байланыстыратын жүйе. Заманауи техно-
логиялар («клиент-сервер» жəне Intranet) негізінде «ДИСКОР» 
жүйесі жол қызметінің тиеу жəне түсіру, жылжымалы құрам 
қызметі, вагон қабылдау жəне беру секілді негізгі жұмыстары ту-
ралы мəліметтер алып тұруға мүмкіндік береді. 
Жүйенің ақпаратқа мүмкіндігі құжат атауы жəне құрылу 
мерзімі бойынша шығу кестелері түрінде келеді, сонымен қатар 
графикалық жəне аналитикалық формада ретроспективті анализ 
жүргізуге мүмкіндік береді.
«ДИСКОР» клиенттік АЖО конфигурациясы мен орнату 
про цесін жеңілдететін Web-технологиялар негізінде қызмет көр-
сетеді. Əмбебап бағдарламалық қамтамасыздандыру ретінде 
Web көру бағдарламалары (мысалы, MS Internet Explorer) қолда-
нылады. Бағдарламалық модульдер мен олардың күйге келтіру 
қызметі серверде сақталады жəне тұтынушыларға нұсқаның ав-
томатты түрде жаңару өлшеміне сəйкес орналастырылады. 
Жүйе жаңа формаларды өңдеуге жəне жаңа функционалды 
мүмкіндіктерді алуға қолайлы болып табылады. Біріншісі клиент-
тік бағдарламалық жабдықтаудың оңтайлы күйге келтіруі мен 


149
шығу формаларын арнайы өңдеуді қолдану арқылы, ал екіншісі 
өңдеушіге арнайы бағдарламалық интерфейсті жеткізу есебінен 
мүмкін болады. «ДИСКОР» шығу формалары публикацияла 
-
ры ның mainframe жүйесімен интеграциясын мысалға келтіруге 
болады. Қазіргі уақытта «ДИСКОР» публикация жүйесі «ДИС-
КОР» жүйесін кеңейтуге қызмет етіп жатыр, бұл тұтынушыға 
бір бағдарламалық құралдан «ДИСКОР» деректеріне, сондай-ақ 
mainframe жүйесіндегі «ДИСКОР» кіріс формаларына да мүмкін- 
дік алады. 
Əмбебап деректер базасын қолдану «ДИСКОР» жəне басқа 
да теміржол ақпараттық жүйелерін интегралдай отырып өңделе-
тін ақпаратты кеңейтуге мүмкіндік береді. Қалыптастыру үшін 
«ДИСКОР» жəне ТҰАБЖ деректер жүйесі қолданылатын «ОКПВ 
жəне ДИСКОР салыстырмасы» формасын мысалға келтіруге 
болады. Бағдарлама Excel электрондық кестелерін редакция-
лау жүйесімен интегралданған, бұл есептік формаларды құруға 
жəне жүйе деректерін арнайы есептер үшін негіздеме ретінде 
қолдануға мүмкіндік береді. 
ДИСКОР жүйесі үш төменгі есептен тұрады:
а) ЭЖБАААЖ (эксплуатациялық жұмысты басқарудың авто-
маттан дырылған ақпараттық-анықтамалық жүйесі);
б) ӨКТЖБ (өнеркəсіп кəсіпорындарының тиеу жұмыстарын 
бақылауы);
в) ССЖААЖ (сыртқа сатылатын жүктердің ақпараттық-анық-
тамалық жүйесі).
«ДИСКОР» деректер базасы алғашқы оқиғаларды ( мыса-
лы, нақты вагонға тиеу) емес, агрегатталып қойған оқиғаларды 
(негізінен есептік көрсеткіштерді) сақтауға арналған. Деректерді 
идентификациялау үшін «көрсеткіш» түсінігі енгізілген. Əрбір 
көрсеткішке шартты нөмір (0 ден 32000 ға дейінгі) тиесілі, 
бұдан бөлек, ол төрт қосымша сипатпен (есептік мерзімді 
есеп 
темегенде) анықталған болуы мүмкін. Арнайы анықтама 
көрсеткіштің қосымша сипаттамасы болып табылады. Ол бой-
ынша сақталатын деректің уақытша көлемі анықталады. База-
да фактілік есеп уақытындағы деректер сақталады, тəуліктің 
бірінші жартысындағы факт, айдың басынан бастап жиналған 
факт, сондай-ақ жоспарлық көрсеткіштер: тəуліктік жоспар, ко-


150
эффициент бойынша айлық жоспар, тəуліктің басындағы жоспар 
мен тəулік аяқталғаннан соңғы жоспар, тəуліктегі орташа норма, 
өткен жылғы жоспардың орындалуы жəне т.б. Осындай қосым-
ша сипаттаманың қолданылуы аналитикалық есеп жүргізуге 
мүмкіндік береді.
Деректер базасы көптеген кестелерден тұрады, бірақ ең негіз-
гісі барлық уақыттағы көрсеткіштер сақталған кесте болып та-
былады. Бұл кесте деректерінің бөлігі алғашқы болып табыла-
ды жəне əр түрлі кешендерден ешқандай өзгеріссіз көшіріледі 
(немесе қолмен енгізіледі), бірақ есеп бағдарламалары арқылы 
осы кестеге енгізілетін деректердің үлкен бөлігі, оның ішінде 
қарапайым сомалау (айдың басынан бастап бөлім бойынша) да 
есептік болып табылады.
Ақпарат жинаудың бірреттілігін қамтамасыз ету үшін «ДИС-
КОР» тапсыру файлдарының жүйесін қолданады. Мұндай файл-
дар ретінде негізінен арнайы құрылған құрылымдық мəтіндік 
файлдар қолданылады. Оларды құру үшін есептер кешенінде 
бағдарламалар жасалынған. Берілетін файлдар ретінде Excel 
кестелері қолданылады, олар есеп формалары ретінде кейбір 
мəселелерде беріледі. 
Қазіргі уақытта «ДИСКОР» берілетін файлдары ТҰАБЖ, 
ММИӨ, ЖВИӨБК, «Экспресс», вагон шаруашылығы АБЖ ке-
шендерінде қалыптасады (3.9 – суретті қара).
ТҰАБЖ кешенінде барлық типтік есептік көрсеткіштер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет