54
Ауыра қалсаң өлетіндей болу, жұмыста сөз ести қалсаң қызметтен қуылатындай
көріну өз санаңды жігерсіздендіретін ойларға итермелей береді. Егер сіз өзіңізді өзіңіз
қорқыта бастағаныңызды сезіне бастасаңыз, төңірегіңіздегі сүйкімді нәрселерден
таңғажайып жасап алыңыз да, ойыңызды соған аударып жіберіңіз. Ол батып бара
жатқан күн, әсем яхта, раушан гүлі, т.с.с. болуы мүмкін.
Осы жаттығуды ұдайы
жасасаңыз өзіңіздегі ескі әдеттерден арыласыз.
3. Ендігі тәсіл – ол ӨЗІҢЕ-ӨЗІҢ ЖҰМСАҚ, ШЫДАМДЫ ЖӘНЕ МЕЙІРІМДІ
БОЛУ. Орен Арнольдтың мынадай сөзі бар: “Я Құдай, мен төзім туралы дұға оқимын.
Оның маған тап қазір келгенін қалаймын”.
Төзім - өте қуатты құрал, біздің көбіміз оны
тезірек келе салмады деп қиналамыз. Біз оны тез ала салғымыз келеді. Біздің күтуге
төзіміміз жетпейді. Бір нәрсеге кезекке тұра қалсақ, қобалжи бастаймыз. Көлігіміз
жолдағы
тығынның ортасында қалса, денеміз түршіге бастайды. Біз барлық
сұрақтарымызға жауапты тез ала салғымыз келеді. Сонымен бірге,
барлық жақсы
нәрселер бізде бола салса дейміз. Төзімсіздік – бұл танымға қарсылық.
Біздің санамыз - әсем бау-бақша деп санаңызшы. Оның аумағында өзіңе деген
жеккөрініштің де гүлі жайнап тұр. Кәрі ағаштың “қорқыныш” деген керексіз бұтағын
да баяғыда шауып тастау керек еді. Осыларды алып тастасаңыз ғана сіздің бау-бақша
тұрған жеріңіздің аумағы тазарады. Олардың орнына шаттық
пен жайлылық дәндерін
егіңіз.
Бастапқыда ештеңе де өзгермегендей болуы мүмкін. Бірақ, ізгілік дәнін себуді
тоқтатпаңыз. Сіз төзімді болсаңыз, сіздің жеріңізде жаңа жеміс ағаштары өсіп шығады.
Сана жайлы да нақ осыны айтуға болады. Сіз белгілі-бір “ойларды” егесіз. Олар сіз
қалаған жемістерді береді. Бірақ бұған төзім керек.
Достарыңызбен бөлісу: