Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Бірін-бірі сүю қауіпсіз болатын әлем



Pdf көрінісі
бет71/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Бірін-бірі сүю қауіпсіз болатын әлем 
Біз планетамызды қирата да, емдей де аламыз. Әр күні планетамызға бір тамшы 
болса да махаббат пен емдеуші қуат жолдаңыз. Біздің санамыз қалай ойлап тұрғаны өте 
маңызды. 
Өз еркіндігіңді сезініп, бізге ұнамайтын нәрселерді өзгерте алатындығымызға 
сену рахат емес пе? Маған біздің планетамыз бен уақыт емес, біздің санамыз бен нақты 
жағдайды қабылдауымыз өзгеріп жатқандай көрінеді.
Біз Жерге тұтас бір организм ретінде қарай бастадық. Ол бізге керектің бәрін 
беріп тұр. Жер – үндестікте жұмыс жасайтын организм. 
Бірақ біздер, адамдар, осы жердегі үндестік пен тепе-теңдікті сақтауға 
мойнымызды бұрғымыз келмей, планетамызды жоюға барымызды салып жатырмыз.
Ол біздің қараулығымыздан. 
Кейбіреулер Жерге қамқорлық жайлы айта бастасаң өзінің шешілмей жатқан 
ұсақ проблемаларынан басы қатып жатқанын айтады. “Бір адам нені өзгерте алар 
дейсің” дейді. Тіптен де олай емес. Қайта бір адам енжар қараса, көптің ісі кейін кете 
бастайды. 
Өздерін және планетаны емдеу 


65 
Айықтыру мен емдеу екеуі екі басқа. Айықтыру үшін тым болмағанда екі кісінің 
әрекеті керек. Оның біреуі – сізсіз. Барлығын дәрігер жасайды деп қарап жата беруге 
болмайды, екі жақтап кірісіңіз. 
Әлеуметтік деңгейде де солай. 
Жеке және жалпы бақыт үшін 
Егер сіз тек өзіңізді ғана жетілдіруді ойласаңыз, үндестік болуы қиын. Өзгелерге 
де тілекші болыңыз.
Сіздің ішіңізде тамаша рухани қазына мен үлкен дарын жатыр. Соларды 
планетамыздағы қуаттарды өзгертуге пайдаланыңыз. 
Сөз соңы 
Мен сіздермен белгілі ұстаз Эмметт Фокстың мына сөздерімен бөліскім келеді: 
“Махаббат жеңе алмайтын қиындық жоқ. Махаббат айықтыра алмайтын кесел жоқ. 
Махаббат аша алмайтын есік жоқ. Махаббат көпір сала алмайтын шыңырау жоқ. 
Махаббат жарып өтпейтін қабырға жоқ. Махаббат өтей алмайтын күнә жоқ. Жамандық 
біздің ішімізге қаншалықты терең кіріп кеткенінде тұрған ештеңе де жоқ. Біздің 
болашағымыз қаншама үмітсіз болса да, түйін қанша шатасып кеткен болса да, 
махаббатты сезіну барлық кедергілерді басып өтеді. Егер сіз өзіңізді сүйе алсаңыз, онда 
жер бетіндегі ең бақытты, ең күшті адам болғаныңыз”. 
Сіз мұның рас екенін білесіз. Бұл – ақиқат сөзі. Сіз бақытты және өте құдіретті 
бола алатын сонау бастау нүктесін қалай ғана тапсақ екен? Менің ойымша сіздің өз 
кеңістігіңізге саяхатыңыз басталды. Біз өз ішімізде жасырынып жатқан сол бір Күшті 
санамызбен сезінуді бастадық. Біз ылғи да жайсыз және қобалжумен өмір сүрсек, оны 
ешуақытта иелене алмаймыз. Өзімізді-өзіміз қаншалықты терең тани бастасақ, Әлемнің 
қуатының бізге қолдауын соншалықты тезірек сезінеміз. Біз қиялға келмеген 
жетістіктерге жетуге қабілеттіміз. 
Тағы да бір рет кеудеңізді кере дем алыңыз. Жүрегіңіздің еркінірек соғуына 
мүмкіндік жасаңыз. Өзіңізді тани бастасаңыз – кедергілер бірінен соң бірі қирай 
бастайды. Бүгін сіздің бақытқа жету және Ішкі Күшіңізді сезіну саяхатындағы бірінші 
күніңіз болсын. 
Мен сіздерді сүйемін. 
Луиза Хей 
Орыс тілінен аударылды. 
 
VI-IX. 2003 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет