57
Өзіміздің ата-аналарымызбен қатынас
Сіз ата-анаңызды түсінуге тырыссаңыз, олар да сізді түсінеді.
Біздің ата-аналарымыз біз қалағандай болмады-ау
деген теріс сезімнен арылу
керек. Ол үшін олардың өткен өмірін, көрген тәрбиесін зерттеген жөн. өйткені олар
өздері өскен ортаның үлгісімен ғана өмір сүріп келеді. Осылай еткенде оларды кешіру
оңайға түседі.
Түсіну
арқылы кешіру, кешіру арқылы махаббат келетінін түсініңіз. Егер біз
ата-аналарымызды сүйе және кешіре алсақ, онда бізде өмірде кездескен әрбір адамнан
қанағат алатын мүмкіндік бар.
Жасөспірімге өзін-өзі құрметтеу қажет
Жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсау көбейіп барады. Өз өмірі үшін
жауапкершілікті мойнына алуға күші жететіндер азайып жатса керек. Бұл
проблеманың, біздер ересектер олардан өмірдің түрлі жағдайларында белгілі бір
қылықтар күтетінімізге тікелей қатысы бар. Біз олардың өз мінезімізге ұқсас болғанын
қалаймыз. Осымен біз оларды езгіге салып тұрған жоқпыз ба?
Он жас пен он бес жастың арасы өтпелі кезең. Ол
мерзімде жасөпірімдер
төңірегіндегі жағдайларға қалыптасуға тырысады. Олар өз қатарластарының алдында
жерге қарап қалмау үшін бәрін жасауға әзір. Осының артына шын сезім жасырынып
қалады. Олар өздерін қалай болса сол күйінде көрсетуден қорқады.
Балалардың ұялшақ,
тілазар болуына, мектепте үлгерімі нашарлауына
түсіністікпен қарай білу маңызды. Үйде оларға сенім мен сүйіспеншілік жетіспесе олар
оны сырттан іздейді.
Балаларға “олай етпе, былай жүрме” деудің орнына
олардың әрбір қадамына
масаттана қарау керек. Ол өз пікірі, өз ойы, өз қылығы бар болып қалыптаса берсін,
онда тұрған не бар? Балаларды айыптаудың да, көзқарастарына қарсы тұрудың да
пайдасынан зияны көп.
Достарыңызбен бөлісу: