Бірін-бірі толықтырушы тауарлар (комлементарлы тауарлар) –
бір тауардың бағасы мен екінші бір тауардың көлемі арасындағы
кері қатынасы бар тауарлар немесе қызметтер, яғни бір тауар
бағасының төмендеуі немесе жоғарылауы екінші бір тауар көлемінің
жоғарылауына немесе қысқаруына алып келуі.
Бюджет тапшылығы – белгілі уақыт аралығында мемлекеттік
бюджет шығындарының оның кіріс көздерінен асып кету жағдайы.
Валюта – қағаз және металл ақшалар.
Валюталық бағам – бір ел валютасының екінші бір елдің
валютасына шаққандағы құны.
Валюталық бақылау – үкіметтің ел азаматтары мен фирмалардың
шетел валютасына деген сұраныстарын және төлем балансы
тапшылығын жою үшін өздерінің сыртқы төлемдерін шектеу
мақсатында валюталық бағамдарды қадағалап отыруы.
Валютаның айырбас бағамы – меншікті ұлттық валютаның
шетел валютасының бірлігіне төленетін бағасы.
Гиперинфляция – бағалар деңгейінің өте жылдам қарқынмен
шарықтап өсу құбылысы.
ҒЗТҚЖ (НИОКР) – ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-
құрастырым жұмыстары.
Дәстүрлі экономика – шектелген экономикалық ресурстарды
қолдану-дың тәжірибесі ғасырлар бойы жинақталған және атадан
балаға қалған салт-дәстүрлермен анықталатын экономикалық жүйе.
Девальвация – валютаның заңдық тәртіппен бекітілген құнының
төмендеуі.
Дедукция – жалпыдан жекеге қарай ой түйіндеу және қорытынды
жасау.
Дезинфляция – инфляцияның өсу қарқынының бәсеңдеуі немесе
оның толық тоқтатылуы.
Демпинг – тауарларды олардың өзіндік құнынан төмен қылып
басқа елде сату.
Дефляция – экономикадағы бағалардың орташа деңгейінің
төмендеуі.
Дотация (демеуқаржы) - өнімді өндіру мен өткізуге жұмсалған
шығын алынған пайдамен, табыспен өтелмейтін залалды кәсіп-
орындарды қаржылай қолдау үшін бюджеттен бөлінетін ақшалай
337
қаражат; мемлекеттің зияндарды өтеу үшін не басқа да мақсаттарға
арнап азаматтарға, жекелеген ұйымдарға қосымша төлем ретінде
беретін ақшалай жәрдемі.