339
Жинақтауға деген шекті бейімділік
– қолда бар табыстың кез-
келген өзгеруіндегі жинақтаудың үлесі; қолда бар табыс өзгерісінің
жинақтау көлемінің өзгерісіне қатынасы.
Жиынтық пайдалылық
– өнімнің жалпы көлемінің белгілі бір
бөлігін тұтынудан алынатын жалпы пайдалылық.
Жиынтық сұраныс
– экономикада әртүрлі бағалар деңгейінде
өндірілген жиынтық өнім көлеміне экономикалық субъектілердің
жұмсайтын жиынтық шығындары.
Жиынтық ұсыныс
– бағалардың
әрбір деңгейінде ұсынылуы
(өндірілуі) тиіс тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі немесе
экономикада өндірілген нақты жалпы ішкі өнім көлемі.
Жұмыс күші
– он алты жастан бастап және одан жоғары жастағы
жұмыс істейтін азаматтардың және жұмыссыздардың жалпы саны;
еңбекке жарамды барлық экономикалық жағынан белсенді халық.
Жұмысбастылық деңгейі
– жұмысы бар азаматтардың жұмыс
күшінің жалпы санындағы үлесі.
Жұмыссыздық
– еңбекке жарамды халықтың белгілі бір уақыт
аралығында белгілі бір себептермен жұмыс істемеуі немесе жұмыс
таба алмау жағдайы.
Жұмыссыздық деңгейі
– жұмыс күші құрамындағы жұмыссыз
адамдар-дың үлесі; жұмыс күшінің жұмыссыздардың жалпы санына
қатынасының жүз пайызға көбейтіндісі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
– толық жұмысбастылық пен
ресурстардың экономикаға толық тартылуы жағдайында орын алатын
және инфляция қарқынын үдетпейтін
жұмыссыздықтың қалыпты
деңгейі.
Икемділік коэффициенті
– сұраныс (немесе ұсыныс) көлемінің
пайыздық өзгеруінің тауар бағасының пайыздық өзгеруіне қатына-
сының нәтижесі.
Икемді сұраныс
– мәні 1-ден үлкен сұраныс икемділігінің
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің
сұраныс көлемінің
пайыздық өзгеруінен аз болу жағдайы.
Икемсіз сұраныс
– мәні 1-ден кіші сұраныс икемділігінің
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің сұраныс көлемінің
пайыздық өзгеруінен көп болу жағдайы.
Икемді ұсыныс
– мәні 1-ден үлкен
ұсыныс икемділігінің
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің ұсыныс көлемінің
пайыздық өзгеруінен аз болу жағдайы.
340
Икемсіз ұсыныс
– мәні 1-ден
кіші ұсыныс икемділігінің
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің ұсыныс көлемінің
пайыздық өзгеруінен көп болу жағдайы.
Импорт
– берілген елдің жеке тұлғаларының, фирмалардың және
үкіметтің басқа елдерде өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып
алуға жұмсайтын шығындары.
Достарыңызбен бөлісу: