Қағаз ақшалар – айналым құралы ретінде қолданылатын қағаз
белгілері.
Қалыпты пайда – фирманың өзінің кәсіпкерлік қабілетін жүзеге
асыруы-на және өз аумағында ұстанып қалуына мүмкіндік беретін
кәсіпкерлік табыстың ең минималды көлемі; жасырын шығындар.
Қалыпты тауарлар – табыс өскенде (қысқарғанда) тұтынушының
кез-келген бағамен үлкен (кіші) көлемде сатып алуға дайын тауарлары.
Қоғамдық игіліктер – нарық жағдайында өндіріле алмайтын
және өндірісі мемлекетпен қамтамасыз етілетін қоғам үшін маңызды
пайдалылықтар алып келетін тауарлар немесе қызметтер.
Қолда бар табыс – жеке табыс салықтарын төлегеннен кейінгі
тұтыну мен жинақтауға арналған жеке табыстар.
Қосарлы есептеу – аралық өнімдер құнын жалпы ішкі өнім
құрамында есепке алу.
Қосылған құн – фирманың сатуға тиіс тауар құны мен сол
тауарды өндіруге қолданылған және сатып алынған ресурстар құны
арасындағы айырмашылық; жалақы, пайыз, рента және пайда сияқты
табыстардың теңдігі.
Құнның еңбектік теориясы – кез-келген тауар құны оның
өндірісіне жұмсалған еңбектің шамасымен анықталатын дәлелдейтін
маркстік тұжырымдама.
Құрылымдық жұмыссыздық – тұтыну тауарларына сұраныс
құрылы-мының және өндірістегі технологиялардың өзгеруіне
байланысты болатын жұмыссыздық; фирмалар тарапынан кейбір
мамандықтарға сұраныстың қысқаруынан немесе мүлдем жоғалуынан
сол мамандық иелерінің мәжбүрлі түрде ұзақ уақыт бойы жұмыссыз
қалуы.
Қызмет, қызмет көрсету – тұтынушының, фирманың және
мемлекеттің ақшаға айырбастай алатын қолға ұстап, көруге
болмайтындардың барлығы.
«Қымбат» ақшалар саясаты – экономикалық белсенділікті тежеу
үшін айналымдағы ақша массасын қысқарту саясаты.
Күтімдер – тұтынушылар мен фирмалардың болашақта қандай
жағдайлар орын алатындығы туралы жеке пайымдаулары.
Лаффер қисығы – салық мөлшерлемелері мен салықтық түсімдер
арасындағы байланысты көрсететін және салықтық түсімдерді
343
максимумға жеткізетін салық мөлшерлемесінің тиімді деңгейін (0-ден
100%-ға дейін) анықтайтын қисық сызық.