38
технологиялық жаңарудың қозғаушы күші, өндіріске жаңа идеяларды
және жобаларды енгізудің көзі ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, қазіргі экономистер
өндіріс факторларына
сәйкесінше, экологиялық факторды және уақытты жатқызады.
Экологиялық фактор
бұл жерде экономикалық өсудің импульсі
ретінде қоршаған ортаның ластануымен
байланысты өндіріс
мүмкіндігінің шектеулілігін түсіндіреді.
Уақыт факторы
да өндірісте
қолданылатын және оның тиімді жұмсалуын көрсететін шектеулі
ерекше ресурс ретінде көрінеді.
2.3. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі.
Үнемділік
Уақыттың әрбір нақты кезеңінде
экономикалық ресурстардың
шектеулілігі мәселесі орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: