37
қызметтерді) өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері
немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер. Сондықтан
оларды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі уақытта, олардың
негізгі түрлеріне еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет және ақпарат
жатады.
Экономикалық теорияда өндіріс факторларын талдаудың маңызы
өте зор.
Осыған сәйкес, өндіріс факторларына
деген екі ғылыми
көзқарас қалыптасқан: олар – маркстік және маржиналистік.
1. Маркстік тұжырымдама өндірістің үш факторын бөліп көрсетеді:
1) адамның еңбегі; 2) еңбек заттары; 3) еңбек құралдары. Адамдардың
еңбек үдерісінде өңдеуге түсетін табиғат заттарын
еңбек заттары
деп атайды. Олардың екі түрі орын алады, біріншіден, табиғаттың
тікелей берген заттары (балық, мұнай, газ, т.б.), екіншіден, өңдеуге
түскен еңбек заттары (шикізат).
Еңбек құралдары
деп адамдардың
солардың көмегімен еңбек затына ықпалын білдіретін құралдарын
айтады. Еңбек құралдарына машиналар, станоктар, жабдықтар, құрал-
саймандар, өндірістік ғимараттар, жолдар және басқалары жатады.
Еңбек заттары мен еңбек құралдары бірігіп жиынтығында өндіріс
құрал-жабдықтарын құрайды. Ал өндіріс құрал-жабдықтарын және
өндірістік
тәжірибесі бар, еңбек құралдарын
іс-әрекетке икемдеп
қосатын
адамдарды қоғамның
Достарыңызбен бөлісу: