Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет34/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Ресурстардың шектеулілігі
– 
барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру 
мүмкін еместігінің көрсеткіші. Ресурстардың шектеулілігі қоғам 
алдында экономикалық таңдау мәселесін туындатады. Ол әр өндіріс тің 
ресурстың шегінің болуымен және экономикалық мақсаттардың көп 
болуымен түсіндіріледі. Сондықтан ресурстар шектеулі болғандық тан 
оларды тиімді пайдалану қажет.
Экономикалық таңдау
– берілген шығындар деңгейінде қоғам-
ның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының 
орындалуы кезінде бірдей балама нұсқалардың ішінен ең жақсысын 
таңдап алу. Кез келген қоғамның алдында әрдайым шектеулі 
ресурстардың ахуалы мен бағытын анықтау мәселесі тұрады. Пайда 
болған мәселелерді шешудің ең жақсы нұсқаларын таңдап соны 
жүзеге асыру барысында экономикалық субъект экономикалық 
рационалдылыққа және ұтымды шешім қабылдауға жүгінеді.
Экономикалық рационалдылық
немесе 
ұтымды шешім 
қабылдау
– бұл ұтымды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын 
жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе 
ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды 
шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Сондықтан экономикалық 
теорияда әрбір шаруашылық жүргізуші субъект аса жоғары нәтижеге 
жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, 
фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын 
көтеруді мақсат етеді.
Экономикалық таңдау мәселесі үнемдеу мәселесімен тығыз 
байланысты болып келеді. 
Үнемдеу мәселесі
дегеніміз – берілген 


39
экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға 
игіліктерді дұрыс ойластырып және шектеп жұмсауынан туындайтын 
мәселелер, демек соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге 
осы игілікті жеткізе алу. Алайда, балама қажеттіліктерді шектеулі 
игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық 
әрекеттердің шығындары туралы айтып өтуіміз керек, себебі кез 
келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Нақты 
өмірде адамдар үнемі баламалы (баламалы) шығындармен кезігіп 
отырады. Бір өнімді өндіре отырып біз екінші бір өнімді өндіруден 
бас тартуымыз қажет. Ұтымды субъект болашақ шығындарын есепке 
алып қоймай, сонымен қатар, ол оңтайлы экономикалық таңдау жасау 
үшін қолданыла алмаған және жіберіп алған өндірістік мүмкіндіктер 
шығындарын да есепке алуы қажет. Яғни, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет