Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет45/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Экономикалық жүйелер
– экономиканың өзара байланысқан 
элементтерінің жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу 
өлшемдері бойынша әртүрлі сыныптамасы бар:
1. Ашықтылық дәрежесі бойынша:
1.1. Жабық экономикалық жүйе
– бұл барлық іскерлік белсенділік 
операциялардың ел ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың 
ұйымдастырылуы.


52
1.2. Ашық экономикалық жүйе
– бұл экономиканың халық ара лық 
экономикалық қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, 
бұл жерде ұлттық валютамен қатар шетел валютасы қолданылады.
2. Меншік қатынастары бойынша:
2.1. Дәстүрлі экономикалық жүйе
– ғасырлар бойы сақталған 
салт-дәстүрлерге негізделген қатынастар.
Бұл жүйенің сипатты белгілері:
- өнімді өндіру, бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге 
негізделеді;
- әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс 
қарқынының тым төмен болуы;
- техникалық прогресстің шектелуі;
- халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан 
тұрақты түрде артып отыруы;
- сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы;
- мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі.
2.2. Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе
– орталықтандырыл-
ған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік 
меншіктің орын алуына негізделген қатынастар.
Сипатты белгілері:
- өндіріс құрал-жабдықтарына деген мемлекеттің меншіктің орын 
алуы;
- экономиканы орталықтан жоспарлау;
- өндірушілердің монополиялануы;
- ресурстардың орталықтандырылған қоры.
- ынталандырудың нарықтық жүйесінің болмауы.
2.3. Нарықтық экономикалық жүйе
жеке меншікке, жеке 
мүддеге, еркін бәсекелестікке негізделген қатынастар.
Сипатты белгілері:
- өндіріс факторларына деген жеке меншіктің орын алуы;
- кәсіпкерліктің еркіндігі және таңдау мүмкіндігінің болуы;
- шаруашылық субъектілерінің дербестілігі;
- шаруашылық субъектілерді жеке мүдделеріне сай ынталандыру;
- өндірушілер арасындағы, тұтынушылар арасындағы бәсекелестік, 
бұл ешкім нақты экономикалық билікке ие болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет