208
Драмалық шығарманы оқыту әдістемесі жайлы әдіскерлердің кӛбі
шығарманың сыныпта оқылғанын құптайды. Әрине, шығарманың кӛлеміне
қарай жекелеген бӛліктерін оқуға да болады.
Пьесаны сыныпта оқу ұжымдық еңбек болып саналады. Оқушылардың
кейіпкерлерді оқу үстінде елестетуі — психологиялық акт. Сондықтан
мұғалім елестету актісіне қиял қосқаны тиімді.
Драма мәтінінде кейіпкер
портреті болмайды. Дәл прозалық шығармалардағыдай кейіпкер портреті
болмағанымен, афишада кейіпкердің жасы, ерекшелігі, қызметі, киімі, мінезі
т.с.с. сілтемелер беріледі. Сондықтан кейіпкерді елестетудің ӛзі шығар-
машылықты, типтік образдарды білуді қажет етеді. Кейіпкерді елестете
алған оқушы оның тіл мәнерін де ескере алады.
Сыныпта оқылмас бұрын сол шығарма жайлы шағын кіріспе әңгіме
жүргізген жӛн. Мұғалім пьеса жайлы тұжырымды анықтама беруі керек.
Шығарманың тақырыбы, жазылу уақыты, тарихи фоны, құрылысы, әдебиет-
тегі мәні тетрдағы орны туралы мәлімет береді.
Сол шығарманы қоюшы
режиссерлер мен кейіпкерді сомдаған сахна шеберлері туралы да дерек
берген орынды.
Бастауыш және орта буын сыныптарда шағын ертегі, мысал,
әңгімелерге инсценировка жасау, рольмен оқу, ойнау т.б. сияқты
жұмыста – драмалық шығарманы танып білудің бастамасы. Ал
мектеп
практикасында мұндай тәжірибелер жиі кездеседі. Әдебиет мұғалімі
осыларға мән беріп, оларды кӛлемді драмалық шығармаларды оқытуға
кірісер алдындағы даярлық жұмыстар ретінде бағалап, ескергені жӛн.
Орта буынның 8-сыныбында Д.Исабековтің «Әпке» драмасы оқыты-
лып келеді.
Жоғары сыныптарда, яғни 11- сыныптарда драматургияны
оқытуға сағаттар біршама кӛбірек бӛлінеді. Бірақ оның ӛзі жекелеген
жазушылардың ӛмірі мен шығармашылығына берілген жалпы сағат санының
құрамына енгізгенін айтып ӛттік.
Мұның себебі жалпы бағдарламада әңгіме, повесть, роман, поэма,
лириканы оқып, талдауға кӛп сағат бӛлініп, драмалық шығармаларды
оқытуға аз мӛлшерде орын берілуімен байланысты.
Драмалық шығармалар — кӛркем әдеби шығармалардың ішінде
ӛзіндік орнын белгілеген сала. Драмалық шығармалар кӛркем ӛнер туындысы
болғандықтан эстетикалық циклды құраушылар қатарына жатады. 5-7-
сыныптардағы әдебиет сабағы оқушыларды кӛркем ӛнер туындылар арқылы
тәрбиелеуде,
білім беруде сурет, музыка сияқты сабақтар кӛмекші бола
алады. Ал жоғары сыныптарда оқушының кӛркемдік тәрбиесі тек әдебиет
сабағына ғана жүктелген. Олай болса жоғары сыныпта білім беру үдерісінде
драмалық шығармалардың алатын орны мен дүниетанымдық, дамытушылық
қасиеттері, әдістері нақтылы түрде анықталып, жүйеленуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: