А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Драмалық шығармаларды оқытуға даярлық



Pdf көрінісі
бет99/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Драмалық шығармаларды оқытуға даярлық. 
Бастауыш және орта 
буын сыныптарда оқытылатын шағын ертегі, мысал, әңгімелерге инсцени-
ровка жасау, рӛлмен оқу, рӛлдік ойындар жүргізу т.б. жұмыс түрлері — дра-
малық шығармаларды танып-білудің алғашқы бастамасы болып есептеледі.
Оқушылардың театрдан, сахнадан кӛрген түрлі қойылымдары
олардың драма табиғатын тани түсуіне кӛмектеседі. Оқушылардың драма-
лық туындыларды оқып үйренуін күшейтуде мектептегі драма үйірмесінің 
тигізер әсері мол.
Бастауыш сыныптар мен орта буын сыныптарға оқытылатын мысал 
жанрындағы шығармалармен инсценировка жаздыру, оқушылардың ӛздеріне 
ойнатып кӛрсету кӛптеген шығармашылық жұмыстардың тууына жәрдем-
деседі. Мәселен, И.А.Крыловтан Абай аударған мысал ӛлеңдер сюжетінің
жеңілдігі мен композициялық құрылымының қарапайымдылығы жағынан 
тӛменгі сыныптардың ӛзіне инсценировка жаздыруға қолайлы шығармалар 
болып табылады. Бұл ретте «Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі», 
«Емен 
мен 
шілік», 
«Есек 
пен 
бұлбұл», 
«Піл 
мен 
қанден»; 
А.Байтұрсынұлының «Егіннің бастары», «Қартайған арыстан», «Қайыршы 
мен қыдыр» сияқты мысал ӛлеңдеріне инсценировка жасатуға болады. 
Бастауыш сыныптарда инсценировканы қарапайым бір-екі оқиға тӛңірегінде 


206 
жасата отырып, оқушылардың ӛздеріне сахналық декорация мен рӛлдік 
костюмдердің кӛмегімен рӛлмен ойнатып кӛру оқушы қызығушылығын 
тудырады. Драмалық шығармалардың ерекшелігін тануға кӛмектеседі. Ал 
орта буын сыныптарда драмалық шығармалардағы тартыстың мазмұнын 
бірнеше түрде ӛзгерте отырып ойнату, салыстырту драма жанрын терең 
түсіндіруге мүмкіндік туғызады. Мәселен, бір шығарманы бірнеше топқа 
тапсыра отырып, тартыстың мазмұнына қарай комедия жанрында, трагедия, 
драма жанрында алмастыра отырып ойнату, салыстырту аса қызықты да 
тиімді нәтиже кӛрсетеді.
Инсценировка, киносценарий құрастыру оқушылардың кӛркем мәтінді
терең әрі шығармашылық жолмен түсінуіне игі ықпалын тигізеді. Сонымен 
қатар кино, сахна ӛнеріне деген қызығушылығын да арттырады. Оны тӛменгі 
сыныптарда да, жоғары сыныптарда да орындатуға болады. Сынып ерекше-
лігіне қарай орындататаны жұмыс мазмұны да түрлі дәрежеде болып келеді.
Тӛменгі сыныптарда мұғалім ондай жұмыстарды қалай орындаудың үлгісін 
ӛзі кӛрсетеді. Кинодан үзінді кӛрсету, оның құрылымдық элементтерін 
талдату, оқыға желісін саралату аса маңызды. Киносценарий, инсцениров-
калар жасату, сондай-ақ кӛркем мәтінді ықыласпен, оймен оқуға, кӛркем 
мәтінді кӛз алдына келтіріп, бейнелі түрде қабылдауына әсерін тигізеді. 
Киносценарий құрастыру үшін бір оқиға, бір кӛріністі ғана таңдап алуға 
болады. Шағын шығармаларды тұтастай алуға да болады.
Инсценировкалар негізгі бір оқиға айналасында құрастырылады. Ол 
үшін оның эпизодтары назарға алынады. Ӛздері құрастырылған инсцениров-
калар мәтіні бойынша оқушылар оны сахнаға әзірлейді. Кейде инсцени-
ровкалы сабақ ӛтеді. Инсценировкада кейіпкер сӛздеріне ерекше кӛңіл бӛлі-
неді. Ең маңыздысы шығармада ерекше орын алатындарын теріп алуға 
болады.
Балалардың театрдан, клубтан кӛрген түрлі спектакль, қойылым-
дары олардың драма табиғатын тани түсуіне кӛмектеседі. Оқушылардың
драмалық туындыларды оқып үйренуін күшейтуде мектептегі драма
үйірмесінің де тигізер кӛмегі аз емес. Айталық, мектеп сахнасында
И.А.Крыловтың «Құмырсқа мен шегіртке» мысалына инсценировка
жасау- оқушылар үшін қызықты шығармашылық іс әрі танымдық маңы-
зы үлкен нәрсе. Мұндағы рӛльдер: құмырсқа, шегіртке және автор. Же-
ңілтек шегіртке мен еңбекқор құмырсқаның іс-әрекеті балалар үшін
әсерлі де тартымды. Бар оқиға автордың тұжырымына, идеясына (Еңбек
етпеген - ішіп- жемейді) жауап болады.
Драмалық шығармаларды оқыту орта буын сыныптарда басталып,
жоғары сыныптарда міндетті оқу бағдарламаларына сәйкес жалғастырыла 
жүргізіледі. Драмалық шығармаларды оқыту мен талдау жұмысы оқу пәніне 
және оның әдістемелік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 
Әдістемелік талаптар пәннің және оқытылатын шығарма ерекшеліктері 
негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алғанда драмалық шығарманың басты 
ерекшеліктерінің бірі – оның диологты әрекетке құрылуы, театр сахнасында
кӛрсетуге лайықталып жазылатындығы.


207 
Драмадағы кӛркем тіл монологтан және кейіпкерлер арасында ӛрбитін 
диалогтан құралады. Диалог кӛбіне сахналық әрекетке айналады. 
К.С.Станиславский сахнада «сӛйлеу дегеніміз әрекет ету» дейді
1
. Ӛйткені 
пьеса кейіпкері ӛз ойын тек сӛйлеумен ғана емес, үндемеу арқылы да
аңғарта алады. Іштей сӛйлеу, үзіліс жасау, ым, ишара, қимыл — осының бәрі 
қосыла келе драма ерекшелігін құрайды. Онда дауыс ырғағы, сӛйлеу мәнері
де шешуші рӛл атқарады. Сондықтан драмалық шығарманы сыныпта 
дауыстап оқу да талдаудың алғашқы және басты кезеңі болып саналады.
Дауыстап оқу драмалық оқиғаны, характерді, олардың арасындағы қақты-
ғысты оқушының кӛз алдына әкеледі. Онсыз шығарма идеясын ашу, шығар-
мадағы тартысты ұғыну мүмкін емес. Сол себепті драманы ӛнер туындысы 
ретінде терең түсіну де қиындық туғызады.
Әдіскер-мұғалім Т.С.Зепалованың ―Уроки литературы и театр‖ атты 
еңбегінде драмалық шығарманы оқудың бірнеше түрін атап кӛрсетеді:
1.
Мұғалімнің оқуы. 
2.
Рӛлмен оқу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет