А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Педагогика ғылымы мен әдістеме ғылымының ара қатынасы



Pdf көрінісі
бет11/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Педагогика ғылымы мен әдістеме ғылымының ара қатынасы, 
ықпалы, өзгешелігі.
Негізінде әдебиетті оқыту әдістемесінің қалыптасуына 
негіз болған педагогика ғылымы. Педагогика ғылымының дидактика саласы 
жекелеген пәндерді оқыту жолдарын қарастырады. Дидактика — гректің
«dіdasko», яғни білім беру мен оқытудың теориясы деген мағынадағы 
сӛзінен шыққан. Дидактика оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, 
оқытудың басты ұстанымдарын және әдіс-амалдарын қарастырады. 
Жекелеген пәндерді оқыту жолдары дидактикалық негіздер мен ұстаным-
дарға сүйенеді. Әдістеме ғылымы әртүрлі пәндерді оқыту жолдарын жеке-
жеке ӛз зерттеу аясына қарай қарастыратын болса, дидактика барлық 
пәндерді оқытудағы негізгі ортақ ұстанымдарды, заңдылықтарды белгілейді.
Педагогикалық ізденістердің әдістемелік теориясында педагогикалық 
зерттеулердің әдіснамалық негізін қалыптастыратын педагогикалық филосо-
фия болады. Яғни, педагогикалық әрекеттердің, ізденістердің теориясы, 


18 
логикасы, негізгі мәні жасалады. Осы арқылы педагогика ғылымының әдіс-
намалық негізінде білім берудің, тәрбиелеу мен дамытудың философиялық 
мәні ашылып, педагогикалық үдерістер мен құбылыстардың теориясын 
жасайтын педагогикалық зерттеу әдістері айқындалады. Осыдан келіп білім 
беру жүйесінің педагогикалық тұжырымдамалары айқындалады. Аталған 
зерттеу кӛздері мен білім тұжырымдамасы уақыт ӛзгерісімен дамып, 
жетілдіріліп отырады.
Әдебиетті оқыту әдістемесі педагогиканың дидактика саласы аясында, 
ішкі мазмұнында педагогикалық зерттеулер мен жаңа ізденістер легімен 
толығып, ӛсіп, жетіліп отыруы заңды құбылыс. 
«Әдебиет әдістемесі – педагогикалық ғылымдардың саласына жататын 
ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте 
әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың ӛзара қарым-
қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы 
қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты 
мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек кӛркем 
әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие 
мәселелерін ғана ӛз шеңберінде алып баяндайды», - деген пікір білдіреді 
әдіскер-ғалым А.Кӛшімбаев. Әдебиетті оқыту әдістемесі қолданбалы ғылым 
екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, ӛзіндік арнасында 
дамитыны туралы Ж.Аймауытұлы маңызды пікір білдіреді.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізгі нысаны педагогикалық үдеріс 
бола отырып, педагогика ғылымдарының бір бӛлігі ретінде зерттелмей, жеке 
ғылым саласы ретінде қарастырылады. Себебі педагогика ғылымы әр пәнді 
оқытуға байланысты ортақ тұжырымдар мен принциптерді белгілеп бер-
генімен, жеке ғылымдардың ішкі ерекшелігін толық аша бермейді. Педаго-
гика ғылымының ауқымы кең. Мысалы, педагогика ғылымы баланың саяси-
әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін, ақыл-ой тәрбиесін, 
Отанға, туған елге, адамдарға деген сүйіспеншілікке басқа да тәрбие 
бағыттарында оқушыға білім беру, жеке тұлға қалыптастыру міндеттерін 
қамтиды. Педагогика ғылымының түпкі мақсаты жан-жақты жетілген қоғам 
адамын, жеке тұлғаны қалыптастыру болса, аталған міндетті жеке пәндерді 
оқыту әдістемесі ӛзінің қарастыратын материалы негізінде жүзеге асырады. 
Әдебиетті оқыту әдістемесі кӛркем шығарма арқылы қоғамды, қоршаған 
ортаны, адамгершілік ұстанымдарды, сӛз ӛнерінің эстетикалық күшін, 
адамдар әлемін таныту арқылы, адамды рухани байытуға, ӛзіндік кӛзқарастар 
қалыптастыруға, жан-жақты дамытуға күш салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет