А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Әдебиетті оқыту әдістемесі мен әдебиеттану ғылымдары



Pdf көрінісі
бет12/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Әдебиетті оқыту әдістемесі мен әдебиеттану ғылымдары.
Осыған 
дейін әдістемені жеке ғылым деп тануға деген кӛзқарас та жан-жақты болып 
келді. Әдістемені ғылым деп танудан кӛрі жеке дарын, ӛнер деп бағалаушы 
кӛзқарас үстемдік етіп келді. Әр пәнді оқытуда жоғары нәтижеге жету сол 
пәнді оқытушы мұғалімнің жеке дарынына, қабілетіне сол пәнді білу 
дәрежесі мен түсінуі, түйсінуі, жанымен сүюіне қатысты деп білді. Оқылатын 
білімнің ӛзін жете білмей тұрып, сол пәнді оқыту әдістемесімен бар істі 
тындыруға болмайды деп түсінді.


19 
Бұл кӛзқарас негізсіз де емес. Себебі оқу процесінде мұғалімнің рӛлі 
үлкен. Солай бола тұра, айтылған пікір бір жақты. Тек педагогикалық талант 
пен тәжірибе білімнің сапалы болуын қамтамасыз ете алмайды. Бір де бір 
мамандық тек талантқа ғана сүйеніп дамып, ӛркен жая алмайды. Бұл туралы 
әдіскер-ғалым А.С.Макаренко: /«Разве мы можем положиться на случайное 
распределение талантов? Сколько у нас таких особенно талантливых 
воспитателей? И почему должен страдать ребенок, каторый попал к 
неталантливому педагогу? Нет. Нужно говорить только о мастерстве, то есть 
о действительном знании воспитательного процесса, о воспитательном 
умении. Я на опыте пришел к убеждению, что решает вопрос мастерство, 
особенное на умении, на квалификации»/
1
- деген ұтымды ой білдіреді. 
Бұл тарапты айтылған пікірлердің барлығы әдістеме ғылымының 
бірнеше негізге сүйенетіндігін анықтай түседі. Солардың бірі әдебиеттану 
ғылымы. Әдебиетті оқытуда негізгі оқу материалы әдебиеттің ӛзі. Мектеп 
оқулығында ұсынылған, сыныпта, сыныптан тыс оқылатын шығармалардың 
барлығы да «әдебиеттану» деген үлкен ғылымның жемістері.
Әдебиеттану ғылымының проблемалары әдебиеттің тарихилығы, 
әдеби кезеңдер, оқылатын шығармадағы тарихи кезең немесе, керісінше 
айтқанда, тарихи кезеңнің әдебиеттегі кӛрінісі, әлеуметтік кӛзқарастардың 
кӛрінісі, әдеби бағыттар, олардың белсенді кезеңдері, әдебиеттегі дәстүр мен 
жаңашылдық, тарихи-әдеби үрдіс, жазушы стилі, қазақ әдебиетінің ұлттық 
және әлемдік әдебиеттегі орны туралы кең ой қалыптастыру керек. Әрине, 
әдебиетті оқыту әдістемесінде әдебиеттану ғылымының негізгі қағидалары 
мен негізгі бағыттары жетекші рӛл атқарып отырады. Әдебиеттану 
ғылымдарының заңдылықтары мен даму бағытын дұрыс бағдарлау арқылы 
ғана әдебиетті ӛз мәнінде оқыту мүмкіндігі туады.
Әдебиеттанудағы мазмұн мен форманың бірлігі мәселесі әдебиет пәнін 
оқытудың да негізгі арқауы болып отырады. Әдеби шығарманы талдауда да, 
кӛркем шығарманың образдар жүйесін талдауда да мазмұн мен форма бірлігі 
негізгі басты ұстаным болып есептеледі. Мазмұн мен форма тұтастығы 
кӛркем шығарманың басты тірегі болуы себепті кӛркем шығарманы жан-
жақты тану, талдау үшін әдебиеттанудың негізгі ұстанымына жүгінуге тура 
келеді.
Кӛркем шығармадағы кейіпкерлер, образдар, характерлер, типтер 
мәселесі де терең тануды, танытуды қажет етеді. Әдебиеттану ғылымдары-
ның түсіндіруі бойынша тип пен типтендіру мәселесі қалай астасып отырады, 
талдаудағы шығармада алынған тип, характер сол шығарманың ӛзіндік 
ерекшелігі ме, жоқ болмаса сол әдеби кезеңге, әдеби үрдіске тән ерекшелік пе 
мұны да әдебиеттану ғылымы түсіндіріп бере алады. Әдебиет пәні мұғалімі 
әдебиеттану ғылымдарынан терең білім алу арқылы, сӛз ӛнерін жете түсінуі, 
жете білуі арқылы ӛзі де сӛз зергері, сӛз шебері ретінде кӛркем шығарманы
терең танып, талдай алады, әдеби ұғымдарды, шығармаларды, құбылыс-
тарды, образдарды, детальдарды – жалпы айтқанда кӛркем шығарманың 
1
Макаренко А. С. Сочинения / Собр. соч.: в 1 т. – М., 1986. 115 с.


20 
барлық компоненттері мен табиғатын салыстырып, саралап, салғастырып 
оқушысына да мазмұнды білім қалыптастыруға мүмкіндік алады. Кӛркемсӛз 
шеберінің бұл қасиеті суретшінің сан түрлі түстердің ерекше үйлесімін 
тауып, әсем ӛрнек жасағаны сияқты немесе шебер орындаушының домбыра 
пернелерінде саусақтарын құйқылжытқан қимыл әрекеті сияқты десе де 
болады. Кӛркем шығарма тұтастай алғанда антропоцентристік құрылым 
болып танылады. Әр кӛркем шығарманың ӛзегінде тілдік құрылым ӛрнектел-
ген. Бұл күрделі құрылымның негізінде мәдени құндылықтардың жүйесі, 
адам мен оның эстетикалық бағдары, адамгершілік тұғыры жатыр. Әдебиетті 
оқыту әдістемесі осы күрделі құрылымды әрекетке түсіруші, іске қосушы рӛл 
атқарады. Әдебиетті оқыту әдістемесі де — антропоцентристік жүйе. Барлық 
іс-әрекет пен мақсат адамға бағытталған. Адамның адамгершілік, эстетика-
лық, танымдық әрекеттерін жүйелі ұйымдастыруға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет