А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Әдебиетті пән ретінде оқытудың мақсат, міндеттері



Pdf көрінісі
бет8/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Әдебиетті пән ретінде оқытудың мақсат, міндеттері.
Дәрісті 
ӛзектілеу мақсатында студенттерге «Әдебиет пәні жалпы білім беретін 
мектепте оқытудың басты мақсат-міндеттері не деген сауал тастасаңыз, сан 
алуан пікірлер мен кӛзқарастарды туғызасыз. Пікірлер бір-бірінен мағыналық 
жағынан алшақ болмағанымен, бір-бірін қайталамайтындай сан қилы болып 
келеді: «Әдебиет пәнін оқудағы басты мақсат халқымыздың бай әдеби 
мұрасын білу», «Әдебиет пәнінің басты мақсаты туған еліңнің тарихын 
таныту», «Оқушыларды кӛркем шешен сӛйлеуге үйрету», «Әдептілікке, 
жақсы, жаманды айыра білуге үйретеді», «Салт-дәстүрімізді танытады», «Ел 
әдебиетін, мәдениетін білгізеді», «Тарихи кезең мен әдеби үдерістен хабар 
береді», «Ақын-жазушыларымызды насихаттайды», «Ақын-жазушылары-
мыздың кӛркем сӛз айшықтарын танытады», «Оқушылардың сӛздік қорын 
молайтады», «Әдеби нормада сӛйлеуге тӛселдіреді», «Әлем әдебиет 
білгізеді», «Әр ғасыр әдебиетімен таныстырады», «Елжандылыққа, Отаншыл-
дыққа тәрбиелейді», «Адамгершілікке тәрбиелейді», «Оқушылардың ӛзіндік 
пікірі мен кӛзқарасын қалыптастырады», «Оқушылардың эстетикалық 
талғамын тәрбиелейді», «Оқушыларды логикалық ойлауға үйретеді» деген 
сынды пікірлерді тыңдайсыз. Әрине, барлық пікірмен де келісуге болады. 
Себебі әр пікір айтушы белгілі нысанға әр қырынан келіп, әркім ӛз түсінігі 
мен қабылдауы аясында анықтама беруге талаптануда. Айтылған пікірлердің 
ішінде әдебиет пәнінен басқа пәндердің құрамына енетін оқу-тәрбие маз-
мұны бар екендігі де байқалады. Мәселен, туған халқымыздың тарихын тарих 
пәні арқылы да білуге болады, кӛркем сӛйлеу мен сӛз мәдениетіне үйрететін
басқа да пәндер бар емес пе?! Ал оқушылардың логикалық ойлауын дамы-


13 
татын математика сияқты жаратылыстану цикліндегі пәндерді айтуға 
болады. Сонымен әдебиет пәнінің басты мақсат-міндеттерін қандай оқу-
тәрбие үдерісі жатады деген сауалды тағы да пысықтау қажет болады. Себебі 
кез-келген мұғалім ӛзінің оқытатын пәнінің мақсат-міндеттерін жете түсініп, 
түйсінгенде ғана нәтижелі еңбекке бағыт алады. Кейбір сабақтарда мұғалім-
нің ӛз мақсаты мен міндетін жете түсінбеуі кӛптеген олқылықтарды туында-
тады. Ол мұғалімнің сабақты ұйымдастыруындағы іс-әрекетінен танылып 
жатады. 
«Әдебиетші мұғалім ең алдымен кӛркем сӛз сипатын ашатын 
заңдылықтарды білуі керек. Сондай-ақ кӛркем туындыны талдаудың ғылыми 
әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім 
мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, ӛнерпаздық 
орын алуға тиіс»,
1
– дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева. 
Бұл пікірге қосарымыз, мұғалім шығарманың кӛркемдік әлемі мен 
авторлық ұстанымды, шығармадағы ой қатпарларын терең танып, оқушыны 
кӛркем таным сүрлеуіне дұрыс бағыттай білуі керек. Сонымен әдебиет пәнін 
оқытудың мақсат, міндеттерін топтастыра отырып саралап кӛрейік. Әдебиет 
пәнін оқытуда мұғалімге бірнеше міндеттер жүктеледі. 
Әдеби білімнің алғашқы сатысы бастауыштан басталады. Бастауыш 
сыныптарда оқитын ана тілі сабақтары кӛркем шығарманың танымдық
бағытын негізге алады. Жыл мезгілдері, оның қоршаған орта табиғатына, 
адамдар тіршілігіне әкелетін ӛзгерістері, туған ӛлке табиғатының ерекше-
ліктері, ата-ана, адамдық ізгі қасиеттер т.б. ұғымдарды жас шәкірт санасына 
сіңіруде ақын, жазушылардың шығармалары оқу материалы ретінде 
жұмсалады да, әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру басты мақсат 
етілмейді.
Әдебиет жеке пән ретінде 5-сыныптан басталады. Яғни 5-9 сыныптар 
базалық негізгі білім мазмұнын құрайды. Бастауыш сыныпта оқу дағдысы 
қалыптасып келген кӛркем мәтіндерді жүргізіп, мақамдап оқуға дағды-
ланады.
Алғашқы міндет
 — 
кӛркем шығарманы оқушының оқуы мен эстетика-
лық тұрғыдан қабылдауын ұйымдастыру. Кӛркем әдебиет-адамзат қауымы 
ғасырлар бойы жасаған ӛнердің бір саласы. Сондықтан әдебиетті оқытудың 
басты міндетінің бірі – оқушының ой-танымына, сезіміне ықпал ету, сӛз 
ӛнері туралы ұғымдарын қалыптастыру, ӛнердің басқа түрлерінің ішіндегі 
әдебиеттің ӛзіндік ерекшеліктерін таныту.
Кӛркем шығарманы оқу мен ӛзіндік таным-түсінік аясында жеткізуде 
бірнеше оқу міндеті қойылады:
 
кӛркем шығарманы мәнерлеп оқу дағдаларын 
қалыптастыру, бейнелі және зерделі ойлауға, ой-түсінігін жүйелі жеткізуге 
үйрету, авторлық кӛзқарас пен танымды терең түсіне білуге үйрету, оқушы-
лардың жан әлемін рухани-адамгершілік құндылықтармен байыту, сӛз 
1
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.– А., Рауан,1997. 


14 
мәдениетін жетілдіруге ұйытқы болу, оқушылардың кӛркем шығарманы ӛз 
бетімен оқуға деген қажеттілігін туғызу. 
Осы міндеттерді айқындай отырып, қазақ әдебиетін оқыту ӛз алдына 
бірнеше мақсат қояды:
 
Танымдық мақсат:
әдебиет пәні арқылы қоршаған орта сырлары
адамдық құндылықтар, адамгершілік, ізгілік, мінез-құлық, іс-әрекеттерді 
саралап тану, шығармадағы кӛтерілген басқы тақырып пен қамтитын жанама 
тақырыптарын, шығарманың негізгі ой-түйінін, авторлық ұстанымды таны-
ту, кӛркем шығарма арқылы оқушының дүниетаным белсенділігін арттыру, 
оқушылардың сезімталдық, байқағыштық, аңғарымпаздық, сӛйлеу, ойлау 
қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік мақсаты:
әдебиеттің тәрбиелік қызметі аса ауқымды. 
Әдебиет адамтану құралы ретінде оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге жол 
ашады. Әдебиет арқылы адамзаттық сананы, ізгілік дүниетанымды, елжан-
дылық пен ұлтжандықты, отандық мәдениет пен имандылық, еңбексүйгіштік 
қасиеттерге тәрбиелеуге болады. Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген 
ұлттық сезімдерін тәрбиелеуге, бүкіл адамзат қауымының тілі, әдебиетіне 
деген қызуғышылығын туғызуға, тіл мәдениетін қалыптастыруға болады. 
Әдебиет пәні арқылы тәрбие түрлерінің барлығын дерлік қамтуға мүмкіндік 
мол.
Дамытушылық мақсат:
 
оқушының кӛркем шығарманы сезімталдықпен 
қабылдауын, образды ойлау жүйесі мен шығармашылық қиялдауды, логика-
лық ойлау жүйесін дамыту, оқырмандық мәдениетті қалыптастыра отырып, 
кӛркем шығарманы ӛз бетімен оқуға деген рухани қажеттілік пен сұранысын 
дамыту, жүйелі ойлау мен сӛйлеу дағдыларын дамыта отырып, ӛзіндік дүние-
таным мен кӛзқарасын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын, қазақ әдеби 
тілін сауатты қолдана алу қабілетін, оқушының шығармашылық қабілетін, тіл 
мәдениеті мен сӛздік қорын дамыту. 
Дидактикалық мақсаттар аясында әдебиет пәнін оқытудың міндеттері 
де саралана түседі. Атап айтқанда: 

Кӛркем шығарма мазмұны мен құрылысындағы кӛркем заңдылық-
тарды терең танып, ӛмірлік шындық пен кӛркем шындықтың ара жігін 
ажырата білуге уйрету;

 К
ӛркем шығарманың тақырыптық-идеялық бірлігін таныту, сюжет-
тегі, образ жасалуындағы типтік байланысты ұғындыру, әдебиеттану ғылы-
мына кіріспе теориялық білім қалыптастыру

Қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын жан-жақты ұғынып, түрлі ұлттар 
әдебиетіндегі ұқсастықтарды ажырата білуге, басқа ел әдебиетінің кӛрнекі 
үлгілерімен салыстыра білуге үйрету, ӛзіндік талғамын қалыптастыру. 

Қазақ әдебиетінің ғылыми негізі жайлы алғашқы түсінігін қалыптас-
тыру; автордың кӛркем әлемін таныту, шығармашылық бейнелілікті, шығар-
маның кӛркем компоненттерін талдап таныту арқылы рухани-эстетикалық 
талғамын қалыптастыру. 


15 

Әдебиеттің ӛзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы 
дәстүр мен жаңашылдық, әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз 
байланысы туралы білімдерін қалыптастыру; 

Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді танып, туған әдебиеттің ұлттық 
ерекшелігі, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының кӛрінісін, жанрлық, стиль-
дік ерекшеліктерін, кӛркем туындының идеялық-адамгершілік мәнін түсін-
діру, адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі ұлттық әдебиеттің орны туралы 
ұғымдарын толықтыру, жетілдіру.

Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттің – 
тұлға қалыптастырудағы маңызы туралы білім беру.
Түптеп келгенде қазақ әдебиетін оқытудағы басты мақсат – жан әлемі 
жетілген, рухани түсінігі мол жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалып-
тастыру болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет