А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет82/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

 
Ана туған
 
Мен – таулықпын! 
Таудан мен жаратылғам
.
Киік
тің сүтін еміп ержеткенмін, 
Қуат алып 
қыранның қанатынан

 
Мен таулықпын! 
Таудан 
мен 
жаратылғам. 
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам. 
Күн алғашқы
сәулесін 
маған шашып, 
Маған келіп түнейді 
қара тұман

 
Тау ұлымын, 
Тау 
– менің дәу 
бесігім,
Мен оның әуресімін, сәулесімін. 
Асқар шыңдар желпиді бесігімді, 
Бір орамын ағытып сәлдесінің. 
 
Мен – таулықпын! 
Таудан 
мен
 жаратылғам.
Тау 
деген Ана туған,
 дара тұлғам, 
...
Тауға барып, 
Кӛкке ұшып кетсем бе екен, 
Ұстап алып қыранның қанатынан
...
1
Ӛлеңде тау заттық ұғымнан символдық белгіге айналған. Тау – ӛрліктің 
биіктіктің, тазалықтың, даралықтың белгісі. Ӛлеңдегі мағыналық фонды 
құрайтын заттық ұғымдарда «тау», «бұлт», «қыран», «жай оғы», «асқар шың» 
– таудың символдық бейнесін айқындайтын бірліктер. «Тау – дәу бесік» - 
қолданысы ұлттық болмысқа қатысты концепт. Ал, «Асқар шыңдар желпиді 
бесігімді, Бір орамын ағытып сәлдесінің» - деген тармақтардан таудың 
кӛркем бейнесінің ақын қиялымен астасып, кӛркем образды қолданыс тап-
қанын кӛреміз. Бұл қолданыста «тау» — «асқар шың» –– «бұлт» образдары 
айқындалады. Сонда ақын қиялында «тау — бесігін» асқар шыңдар ағытқан 
«бұлт — сәлдесімен» желпиді. Ӛлеңде мекеншақты танытатын «Күн алғаш-
қы
 
сәулесін
маған шашып, Маған келіп түнейді 
қара тұман» 
сияқты тар-
мақтар бар. Екі тармақта антитезалық қолданыстар арқылы күн мен түн, ақ 
пен қара, жарық сәуле мен қараңғы түнек ұғымдарын туындата отырып, уа-
қытты да, кеңістікті де қамтыған. 
 
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. –А., 
Атамұра, 2013. 


162 
Ӛлеңде тау сияқты басқа да табиғат перзенттері: «киік» пен «қыран» 
таңбаланады. «Киіктің сүтін еміп ер жетуі» ақынның табиғаттың киелі 
кәусарынан сусындап, арман-қиялының асқақтығына «қыранның қанатынан 
қуат алуы» жеткізгені ӛрнектеледі. Мұнда да жер мен кӛк мекеншақ ұғымын 
тудырады. Табиғат – биологиялық, рухани қуат кӛзі ретінде таңбаланады.
Ақын да тау кейіптес, тау мінездес, «бұлт бүркенеді», «жай отын ала 
туады». Ақынның «мені» мәтінде тау ұғымымен қабаттасады («Күн алғашқы 
саулесін маған шашып, Маған келіп түнейді қара тұман»). Ӛлеңде ақынның 
эмоциялық күйін танытатын пофосты сӛз қолданыстары – «таудан мен 
жаратылғам», «Тауға барып, 
Кӛкке ұшып кетсем бе екен,Ұстап алып 
қыранның қанатынан...» 
ұшырасады. Биіктен биікке ӛрлеу, қиялдың қанат 
қағып, ӛрге самғауы осы шумақтарда еркін танылады. Ӛлеңнің ассоциативті-
мағыналық фоны «Тау деген Ана туған, дара тұлғам» тармағында бейне-
ленген. Ана → Тау→ дара → тұлға немесе тау - дара, тау - алып жүрек, 
тау- тұлға, тау дәу бесік. Cонымен қатар табиғат – Ана – тау–перзент ұғым-
дары ӛріледі.
Автордың ассоциативті-психологиялық күйі ӛлең мәтінінде еркін 
танылады. Мәселен, ақын таулық, тау мен ол бір-бірінің иелігінде. Ақын мен 
тау егіз ұғым ретінде ұсынылады, яғни тау – мекен, тау – жаратылыс негізі. 
Ой қайталана отырып ӛрбиді.
Адам жаратылысында табиғатқа тәуелді. Барлық күш-қуатын, несібесін 
қоршаған ортадан алады. Адамның рухани күшінің қайнар кӛзі де табиғатта.
Табиғат тылсымын жүрекпен болжап, бағамдайтын ақынның қай-қайсы да
мұны жырмен ӛрнектейді.
Мұқағали шығармаларында символдық қолданыстар кӛптеп кездеседі. 
Мәселен, тау, тау ӛзені, түн, қыран, дала, жел сияқты ұғымдардың адам 
жаратылысына әсер-ықпалы, одан туындайтын шабыт-күй ақын шығар-
маларында ӛзгеше ӛрнек құрайды. Адам да табиғат перзенті ретінде рухани 
қуат пен шабытты туған жер, ӛскен орта, қоршаған табиғи дүниелерден 
алатынын аңғартады. Ақын шығармашылығында ӛскен ӛлкеге деген шексіз 
сүйіспеншілігін, ынтықтығын сездіріп отырады. Аспан таулар аясында 
дүниеге келген Мұқағали бір шоғыр ӛлеңінде тауды жырлайды: «Хантәңірі», 
«Жігіттер, демалайық тауға барып», «Біздің таулар кемедей шұбатылған», 
«Таудай болғым келеді», «Тауда ӛстім», «Ілініп түн тұр тауларға», «Тау бір 
аңыз», «Түсіме тау кіреді», «Ығысыңдар, ей таулар, ығысыңдар», «Мен 
таулықпын» т.б. Осындай кӛркем суретті, сыршыл ӛлеңі «Мен таулықпында» 
ақын табиғаттың әсемдігін жырлай отырып, сол табиғатқа деген ӛзінің 
ынтызар кӛңілі мен ой-толғамын білдіреді. Ӛлеңнің басты тақырыбы – ӛрлік, 
биіктік, асқақтық. Ақын табиғат перзенті – таудың қасиетін айта отырып
адам баласының жан дүниесіне бойлайды. Адам табиғатындағы, іс-әреке-
тіндегі ӛрлік, биіктік, асқақтық, ірілікті дәріптейді. 
Ӛлеңнің тілдік формасын (поэтикалық мәтіндегі тіл бірліктері ӛрнегінің 
жиынтық жоспарын) зерделеу жекелеген тіл бірліктерінің жүйесін, ӛлеңнің 
композициялық құрылымын тануға жол ашады.


163 
Ӛлеңдегі тіл бірліктерінің семантикалық мәнін айқындағаннан кейін 
олардың ӛлеңдегі құрылымы мен жүйесін аңғаруға болады. Ӛлеңнің 
композициялық құрылымы қайталаулар арқылы шеңбер түзеді. Курсивпен 
берілген сӛздер әр шумақтағы мағыналық фонды, экспресивті-эмоциялық 
күйді танытады.
Әрине, 5-сыныптың оқушысына ӛлең мәтінін дәл осы теориялық 
ұғымдар арқылы түсіндіру немесе сипаттату орынсыз. Тиімді әдіс-тәсілдерді, 
бағыттаушы сұрақ-тапсырмаларды пайдалана отырып сӛздің мәнін ашу, кей 
сӛздердің символдық белгі екендігін таныту қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет