А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


«Жеті қат жер», «жеті қат аспан» деген ертеден айтылып келе  жатқан ұғымдар



Pdf көрінісі
бет84/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   118
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

 
«Жеті қат жер», «жеті қат аспан» деген ертеден айтылып келе 
жатқан ұғымдар.
 
Аспан мен жер қабатының ғылымдағы атауы мен ерек-
шеліктері зерттелмей тұрып-ақ, халық табиғат ерекшеліктерін зерделей 
алғандығын ақын халқымыздың ұшқыр қиялы мен даналығына жориды. Ата-
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А., 
Атамұра 2013. -213 б.


165 
бабамыздың «ертеңін ергегісінде» болжаған парасат, пайымына сүйсінген 
ақын, халықтың ғылым мен ӛркениет жолындағы қарым-қабілетінің молды-
ғына сенеді.
 
«Барлығы да сендердікі» ӛлеңі ақынның кейінгі ұрпаққа қалдырған 
ӛсиет-аманаты деуге болады. Ӛлеңде ақынның айтпақ ойы ашық, бүкпесіз 
тура мағынасында берілген. «Ӛмір, қоғам, заман, дала, қала» – ата ұрпақтың 
болашаққа қалдырған мұрасы. Ақын ӛлеңінің ӛзегінде «жаңа атқан таң нұры» 
– болашаққа сүйіспеншілігі сезіледі, сонымен бірге сенім жүктейтіні де 
аңғарылады. «Болашақты жалғау үшін болашақ» үлкен жауапкершілік 
керектігін танытады. Ақынның айтпақ ой алғашқы тармақта-ақ ашық 
ұсынылған.
Мектепте оқылатын шығармалардың тақырыптық қырлары.
Әр 
шығарма ӛзіндік даралығымен ерекшеленеді дедік. Аталған сыныптың ӛзінде 
оқытылатын ӛлең мәтіні бір-біріне ұқсамайды. Жанры, тақырыбы жағынан 
ұқсас шығарманың ӛзі айтпақ ойы, құрылымы, тілдік ерекшеліктері жағынан 
алуан түрлі болып келеді. Мәселен, 5-сыныпта М.Жұмабаевтың бірнеше 
ӛлеңі берілген. Автордың әр ӛлеңі ӛзіндік болмысымен дара. Ақынның 
«Қысқы жолда» атты ӛлеңі сыртқы формасына қарағанда табиғат 
лирикасына жататын сияқтанғанымен, ішкі мазмұны мен құрылымы біршама 
күрделі. Авторлық ұстаным айқын кӛрінбейді.
Ӛлеңнің композициялық құрылымына талдау жасай отырып, тақырыбы 
мен идеясын айқындауға болады. Ӛлеңнің алдыңғы фонына 
мекеншақ 
ұғымы шығады:
«Қараңғы түн» → «сары дала» →«Жолды басқан құр сорап». 
Келесі кезекте 
желдің образы
іс-әрекет түрінде айқындалады. 


166 
Келесі кезекте 
жолаушының жай күйі
сипатталады: 
Астымдағы жануар 
Құлағын қайшыландырып, 
Зорға борт-борт желеді... 
Боранын тәңір ашпады, 
Жол білінбей бастады, 
Кӛрінген бір жарық жоқ, 
Босаңсыды Қаракӛк... 
Сар далада адасып, 
Суық кебін жамылып. 
Қаларын кім біледі?..
1
Ӛлеңде қаһарлы қыстың сипатын ашатын «боран», «ызғарлы жел», 
«суық кебін» сияқты тіл бірліктері кездеседі. Ӛлеңде авторлық ұстанымды 
меңзейтін «сары дала» тіркесі ерекшеленеді. Қыс пейзажына сәйкеспейтін
сияқтанған «сары дала» ұғымын оқушының ӛз түсініктеріне салып кӛру 
автордың ойын тануға жетелейді. Қазақ ұғымында «қоңыр», «қара», «ақ», 
«сары», «сұр» сӛздерінің концептуалды мағынасы мен қызметі ескерілуі 
керек. М.Жұмабаевтың «Сағындым» ӛлеңіндегі оймен сабақтастыру тиімді 
болмақ.
М.Жұмабаевтың 6-сыныпта оқылатын «Қазақ тілі» ӛлеңінің мәтінін
талдауда қабылдаушыны, яғни оқушыны алдын ала даярлау қажеттігі 
танылады.
Күш кеміді, айбынды ту құлады, 
Кеше батыр – бүгін қорқақ бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады. 
Қыран құстың қос қанаты қайрылды, 
Күндей күшті, күркіреген ел тынды. 
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ, 
Батыр, хандар – асқақ жандар ұмытылды! 
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың 
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... 
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! 
Жарық кӛрмей жатса да ұзақ, кең тілім, 
Таза, терең, ӛткір, күшті, кең тілім. 
Тарап кеткен балаларыңды баурыңа 
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! 
1
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А., 
Атамұра 2013. -147 б.


167 
1913 жылы жазылған ақынның бұл ӛлеңінде Ресей империясының 
отарлық билік жүйесіне наразылығы айқын танылады. Қазақ жерінің орыс 
мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, қазақ жерінің талан-таражға түсуі, 
Ресейлік әскери монархияның басқару жүйесі қазақ елінің еркіндігі мен 
ӛзіндік билігінен айырып келе жатқандығы ақынның кӛкірегіндегі шердің 
ұлғайып, жан айғайы мен ащы зарының шығуына себеп болады. Азаттық 
идеясы Мағжан Жұмабаев шығармаларының басты ӛзегін құрайды. Жоғары 
сыныпта оқытылатын ақынның «Батыр Баян» поэмасының идеясы бұл 
ӛлеңмен тікелей қабысып жатыр. Әрине, 6-сыныптың оқушыларына бір ӛлең 
кӛлемінде ақынның азаматтық толғанысын танып, шығарма астарындағы 
азаттық идеяны жете түсіне алады деу қиын. Мағжан шығармашылығы 
монографиялы оқылатын жоғары сыныптың ӛзінде ақын шығармаларының 
табиғаты мен қайраткер азаматтың болмысын тану оңайға соқпайды. 
Ӛлеңдегі жекелеген сӛздерді таңба ретінде танып, оған герменевтикалық 
талдаудың тәсілдерін пайдаланғанда ғана аталған ӛлең ӛз ойын оқушы 
санасында сәулелендіре алады.
Ӛлең мәтінінің алғашқы үш шумағында бірнеше ұғымдарға оқушы 
зейінін аударып, ӛз таным, түсінігін айқындау қажеттігі туындайды. Мәселен,
«Күш кеміді, айбынды ту құлады» деген тармақта ақын нені меңзейді?
Қандай күш туралы сӛз етіліп отыр, ақын қай туды айтып отыр? 
Келесі тармақтағы ойға нысан болып отырған кім? «Ерікке ұмтылған 
ұшқыр жаны кісенде деген тармақтағы ақын ойын қалай түсінесің?» деген 
сауалдар арқылы оқушы ойын түсіну ӛлеңнің идеясын айқындауға жәрдем 
етеді. Кӛркем шығарманы тану мен қабылдауда оқушының дүниетанымы, 
ұстанымдары мен кӛзқарастары ерекше рӛл атқаратыны белгілі. Негізінен 
кӛркем мәтінді талдап танудағы іс-әрекет те осы мәселеге тӛңірегіне 
шоғырланады. 20-жылдарда жазылған шығармаларда жиірек ұшырасатын 
ерекшелік мәтін астарына ой бүкпелеу, астарлай айту, оқырман танымына 
жүгіну тәсілдері болып есептеледі. Бұндай ерекшелік М.Әуезовтің осы 
жылдардағы шығармаларында да молынан ұшырасады. Автордың 
дүниетанымы мен дәуірі, құндылыға мен бүгінгі оқырманның әлеміндегі 
байланысты зерделеу амал-тәсілдері болғанда ғана мәтінді ұғыну 
мүмкіндіктері туады. Ӛлеңнің алғашқы шумағындағы ой келесі тармақтарда 
да ұласады. «Қыран құстың қос қанаты қайрылды» мен «Күндей күшті, 
күркіреген ел тынды» деген тармақтарды алғашқы шумақтағы ойдың дамуы 
ретінде қабылдауға болады. Ал, «Асқар Алтай – алтын ана» метафоралық 
қолданысы ақын дүниетанымын кӛрсетеді. 
Кӛптеген аңыздарда Алтай Түркі әлемінің кіндігі саналатыны белгілі. 
Алтайдан тараған ел бүгінде басқа құрлықтарға да қоныстанған деседі. Бұл 
түркі тілдер тобына жататын елдерге қатысты, жан-жаққа тарап кеткен 
елдердің ортақ белгілеріне қатысты айтылғаны байқалады. Келесі «Алтын 
Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!» 
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 6 сыныбына арналған оқулық. А., 
Атамұра 2013. -91 б.


168 
немесе «Тарап кеткен балаларыңды баурыңа», «Ақ қолыңмен тарта аларсың 
сен, тілім!» деген тармақтардағы ой да ақынның мақсат-мүддесін айқындай 
түседі.
Ӛлеңнің тақырыбы туған тілге қатысты деп қана тану ақын ойын терең 
түсінбеуге соқтырады. Мағжан Жұмабаев шығармаларында кең ауқымда 
кездесетін азаттық, азамматтық мүдде, елдік арман идеялары бірнеше 
шығармасын қатар алып, сабақтастыра отырып талдауды қажет етеді.
Ӛлеңдегі «жауыз тағдырдың» талайына жұтылып отырған «Ерлік, елдік, 
бірлік, қайрат, бақ, ар» сияқты концептуалдық ұғымдар да ӛлең шумағында
кездейсоқ аталып ӛтуі біздің осы кӛзқарасымызды дәлелдей түседі. 
Сондықтан ӛлеңді оқушы жете түсініп, ӛзінің таным, түсінік деңгейінде 
қабылдай алсын десек, оқулыққа ұсынылатын әрбір шығармаға жіті кӛңіл 
бӛліп, мұғалімнің ӛзі ӛлең мәтінін алдын ала талдау қажет. Оқушы 
дүниетанымына сай келер, келмесін бағдарламай, бүгінгі күні ӛзекті болып 
отырған қазақ тілі мәселесі кӛтерілген екен деп қана аталған ӛлеңді оқулыққа 
енгізу ағаттық болған болар еді.
Мағжан Жұмабаевтың
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет