199
Шешімі:
тұмардағы бір уыс қиыршық тастың туған жер топырағына
түсуі.
Шығарма идеясын мәтінмен тұтастықта қарастыра отырып талдаған
орынды. Авторлық ұстанымды айқындайтын тұстарына оқушы назарын
аудару керек.
«О, туған жер. О, қасиетті ата мекен. Торқадай топырағыңды қия
гӛр адасқан ұлыңа... Ел шетіне бір жеткізсең, екі дүниеде де арманым жоқ
деген сертім бар еді. О, Алла, аманат жанымды бүгін алсаң да разымын», –
деді тәңірге жалбарынып.
«Айналайын, туған жер, сені де кӛретін күн болады екен-ау!» – деп
тұншыға күбірлейді. Қалтыраған қолымен кӛңірсіген дымқыл топырақтың
бір уысын алып, бетіне басады, танауына апарып, қайта-қайта иіскей
береді...
Қарт шекпенін асықпай шешіп, бір бұрышқа қойды. Сонан соң
кӛйлегінің түймесін ағытып, жалаңаш етіне асып қойған бойтұмарын алды.
Барқыттан тігілген кәдімгі үшбұрыш тұмар. Қарт тұмарды ерніне
жақындатып тәуеп етті. Сонан кейін қалтасынан бәкісін алып, тұмарды
сӛкті де, тӛңкеріп сілікті. Тұмардың ішінен термен байланып қалған бір уыс
қиыршық топырақ түсті жерге. Бұл – осыдан қырық жыл бұрын жат
ӛлкеге аттанарда туған жерден түйіп алған топырақ еді»
деген үзінділерде
шығарманың идеялық мазмұны айқын танылады.
Осы үзінділерді сыныпта
қайталап оқыту арқылы шығарманың тақырыптық, идеялық мазмұнын
айқындайтн сұрақтар қойған орынды.
Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінің тақырыбы – ӛнер
құдіреті. Күйші Естемес тағдыры.
Шығарманың тілі жеңіл, оқиғасы қызғылықты.
Шығарма оқылғаннын
кейін әңгімедегі кейбір түсініксіз қазақтың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне,
тӛрт түлік малға қатысты пассив қолданыстағы сӛздермен жұмыс жүргізу
керек.
Мағынасын айқындайтын сӛздер: «тізгін» – аттың басын тежеу, игеру
үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан
байланған қайыс; «шылбыр» – жүгеннің шығыршығына бір жағынан
тағылған жіп; «түндік» – киіз үйдің шаңырағына жабылатын тӛрт
баулы киіз;
«қолқа салу» – дос, жолдас адамдардың бір-бірінен бір нәрсені қалауы;
«тулақ» – үстіне жүн сабау үшін немесе тӛсеніш үшін жүні алынбай қаты-
рылған шикі тері; «аңғырт» – аңғал, аңқау; «мүсәпір» – бейшара, байқұс;
«әудем жер» – кӛз кӛрім жер, жақын ар; «сағақ» –
жылқының сағалдырық
тұратын тамағының астыңғы жағы; «шыңырау» – биік құз, таудың ұшар
басы; «аруана» – екі ӛркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы; «інген» – қос
ӛркешті түйенің ұрғашысы; «мая» – жалғыз ӛркешті түйенің інгені; «нар» –
бір ӛркешті түйе т.б.
Шығармада кездесетін кӛркемдік тәсілдер: эпитет – «
ӛткір қоңыр
кӛзді», «мүсәпір бейнесі», «жұмсақ әуен бояуы», «жалаңаш тау»;
теңеулер –
«
жібектей майысып», «балшықтан құйғандай», «сүйріктей саусақ»,
«балапандай».
200
Тұрақты сӛз тіркесі: «
Секем алды, тӛбе құйқаңды шымырлатып»;
ауыспалы мағынадағы сӛздер: «
кӛзі шалып қалды», «кӛзін қадап қалды»,
«дүниенің табалдырығы», «салшы ӛнеріңді»
т.б.
Шығарманың композициясы:
Оқиғаның басталуы: Екі салт аттының жолға шығуы. Күйшілердің
әңгімесі.
Оқиға байланысы: Жапанда жалғыз нардың кезігуі, ботасы ӛлген
аруананың зары. Естеместің
домбырасына тіл бітіруі, жолаушылардың
жалғыз қараша үйге келуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Қыздың «екі күйші ӛнерлеріңді бірдей
салыңдар», - деп қолқа салуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Естемес күйшінің ӛнері, «Нар идірген»
күйінің дүниеге келуі.
Оқиғаның шешімі: Естеместің жолын жас жігітке беруі.
Шығармадағы образдар жүйесі: Естемес -
жасы елуді алқымдырған,
әдемі, дӛңгелек қара сақалды, кішілеу ӛткір қоңыр кӛзі биік қабағының
астында терең ұялаған қағылез кісі.
Оразымбет -
астында жалын ӛрген қылаң бесті, үстінде ӛңіріне зер
ұстаған кӛк мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай
буған, тӛбесін кӛк мақпалмен тыстаған құндыз бӛрік киген жас жігіт.
Жаңыл -
жасы он алты - он жетілер шамасында. Қою қара қасты,
мӛлдіреген қара кӛзді, дӛңгелек жүзді, қара торының сұлуы.
Кейіпкердің күйініші – «...
күйімді үлгі етсең де, ӛмірімді үлгі етпе.
Жас елуге келді. Менің ӛмірім тұрлаусыз болып барады. Қанша ел кӛрсем де,
қайтып оралар бір қазығым жоқ. Жар сүймей, бала сүймей кетіп барам.
Енді бір айналғанша қарттық келеді. Нағыз от басының жылуын аңсайтын
кез сонда болар».
Сүйініші
Достарыңызбен бөлісу: