Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет123/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   225
айыл,
өзбектің 
ағыл
сөздерінің жазылы-
мын мақтап өтеді. Қазақ сөзінің төл дыбыс құрылымын білмеу мен 
маңдайға жазған орыстақы емле ережеден бейхабарлықтың салдары 
ғой. Болмаса, қырғыздың 
аЙыл
сөзі 
й
дауыссызымен, өзбектің 
аҒыл
сөзі 
ғ
дауыссызымен, қазақтың 
аУыл
(дұрысы – 
ауұл) 
сөзі 
у[w]
дауыс-
сызымен (оның жасалым анықтамасы төменде беріледі) бір текті ғой. 
Әттең, орыстың 
у 
дауысты таңбасы
бәрімізді естен тандырып, дауыс-
сызымызды дауысты етіп елестетіп тұр ғой. Біз бастан кешіп отырған
орыстақы орфографияның «көз елес» азабы бір бұл емес. Кірме таңба-
ны (әріпті) қазақтың дыбысы деп өзеурегендерді, олардың ішінде фо-
нетист-мамандар да бар, әлі көп кездестіретін боламыз. Өз ағайында-


194
рымыздың өзінен 
қазақтың бар дыбысын жоқ деп, жоқ дыбысын бар
дейтін уәжді де әлі көп еститін боламыз. Құлаққа сіңген орыс тілінің 
дыбыстарынан, көз үйренген орыс тілінің әліпбиінен, қол жаттыққан 
орыс тілінің әріптерінен арылтып алу оңай болмайды. 
«Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады» деп, өзімізді алдаусы-
ратып, жұбатып қоямыз. Сөйтіп шыдам танытып, шыдас беріп келеміз.
Бүгінгі қазақ жазуына, тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегей-
лі реформа керек деп жүргенім сондықтан. Реформа бір ғана әліпби 
ауыстырумен тынбайды. Реформа үш мәселені – дыбыс, әліпби және 
айтылым емле ереже (орфоэпия) – бірдей қамтиды: дыбыс – өзге тіл-
дерден бөлектеп тұратын тілдің тұрпат-тұрқы; әліпби (таңба) сол 
дыбыстың қауызы, басқаша айтқанда, қорғаны мен оққағары; емле
ереже – дыбыстардың басын біріктіріп, сөзді қазақы етіп құрап тұра-
тын дәнекері. Осы үш мәселе бір-бірімен байланысты және қатар 
шешілмей төл жазу қалыптаспайды. Ал әліпби ауыстыру қазақ жазуы-
на реформа жасаудың алғы шарты және ең төте жолы болып табылады. 
Егер латын таңбаларын баптап қабылдай алсақ, онда көптеген тіл бұ-
зар әріптер мен емле ережелер өзінен-өзі түсіп қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет