233
үндесім әуезі, морфем құрамы, буын жігі, тасымал реті мен сөйлеу
ырғағы үйлесімді шығады. Қазақ (жалпы түрік) тілінің өзге тілдердің
жазу үлгілерінен басты ерекшелігі осы болып табылады.
Қазақ әліпбиінің құрамында дыбыс тіркестерін белгілейтін
таңбалардан (әріптерден) басқа кірме жеке таңбалар (әріптер) бар. Ол
таңбалардың да дыбыс мәнін өз алдына талдауға тура келеді.
Бірінші, қазақ (жалпы түрік) тілінде көмей дыбыс жоқ. Соған
қарамай араб дәстүрімен енген
һ
таңбасы әліпби құрамынан шықпай
келеді. Ал осы таңбаны жасанды дыбыстап келеміз. Өйткені қазақ
тілінің артикуляциялық базасында көмей дыбыстың жасалымы жоқ.
Сондықтан
һ
дыбысы деп тілшік арқылы дыбысталатын тоғысыңқы/
жуысыңқы қатаң дауыссызымызды айтқан болып жүрміз. Әдетте
төл дыбыс еш артикуляциялық дайындықсыз еркін айтылады, ал
һ
таңбасын арнайы артикуляциялық дайындықпен күш жұмсап барып
айтамыз. Осының өзі таңбаның (әріптің) бөгде (кірме) екенін көрсетеді.
Екінші, қазақ әліпбиінің құрамындағы арнайы тоқтала кететін
тағы бір таңба
Достарыңызбен бөлісу: