230
бұзар емле ереженің бастау сәті де белгілі – 1957 жыл, белсенділері де
белгілі – сол кездегі аты әйгілі тіл мамандары.
Ендігі шешім не болмақ? Қазіргі естияр ұрпақты «олай емес,
былай» деп сендіру қиын болып отыр.
Бұрын бір ескерткеніміздей,
қазақтың өзіне «қазақтың бар дыбысын бар деп,
жоқ дыбысын жоқ
деп» сендіре алмайтын кезеңде тұрмыз. Біз, қазіргі ұрпақ, шамасы, сол
«и-у-я-юлап» өтетін тәріздіміз. Амал жоқ, күйінесің-күйесің, іс өнбесін
білесің...
«Әліпби жаңғыруды» мектептен, тіптен,
бірінші сыныптан
бастамаса болмайтын түрі бар. Сол ұрпақ өсіп жетілгенде ғана
қазақ сөзінің қазақы жазылымы мен
айтылымы кірме таңбалардың
машақатынан тазаратын болады. Бірақ ұрпақ дайындығын бүгіннен
бастау керек. Мұндай дайындық ең алдымен сауат ашудың бастау кө-
зінде тұратын мұғалім-ұстаздарға керек. Көзі ашық сауатты қауымның
да игеріп алғаны артық болмайды. Өйткені болашақ қабылданатын
латын әліпбиінің құрамы мен емле ережесі бүгінгі кемшіліктерден
арылып жаңаратын болады.
Сонымен, кірме таңбалардың
дыбыс құрамын таратып, көрнекі
«әліпби» моделін құрастырып шығамыз. Қазақ грамматикасында буын
түрлерінің атаулары бар. Сол үлгіні дыбыс тіркестерінің талданымына
да пайдалануға әбден болады. Буын түрлері мен тіркес түрлерінің
дыбыс құрамы бірін-бірі қайталайды.
Алғашқы тіркес түрін «ашық тіркес» деп атадық:
дауыссыздан
(шартты түрде - Дз) басталып, дауыстыға (шартты түрде - Дт) бітеді:
Дз+Дт.
й
а
ә
231
Тіркестің бірінші сыңары дауыссыз
Достарыңызбен бөлісу: