Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


й[y] дауыссыз дыбысы  құрылымның (модельдің) бір бұрышын ұстап тұр. Егер  й[y]



Pdf көрінісі
бет159/225
Дата27.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#110632
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   225
й[y]
дауыссыз дыбысы 
құрылымның (модельдің) бір бұрышын ұстап тұр. Егер 
й[y]
дауыссыз 
дыбысы жоғалатын болса, онда пішіндеме (модель) түгел қаусап 
түседі. Бұл – тіл дыбыстарының құрамынан бір дыбыс жоғалса, бүкіл 
жүйесі (системасы) бұзылады немесе бір бөгде дыбыс енетін болса, 
тілдің дыбыс жүйесі (системасы) түгелдей бүлінеді деген сөз.
Алайда академиялық еңбектердің нәтижесі әзірге оқулықтар 
мен оқу-құралдарына жетпей жатыр. Сондықтан да, көпшілікті 


243
шатастырмас үшін 
й[y] 
таңбасының іргесіне [
y]
таңбасын қосақтап 
й(y)
деп көрсетіп отыруға мәжбүрміз (орыстың дауысты 
«у»
таңбасымен 
шатастырмау керек).
Сонымен бұл өзі неғылған дыбыс болып шықты? Оның 
академиялық мазмұны:
Анықтамасы: 
тілшік (тіл ортасы) жуысыңқы үнді 
Мәртебесі:
жүйеқұрауыш
Қызметі:
көсемшенің көрсеткіші
 
Тіркесімі:
тек дауыстыдан кейін
 
келеді
Шеп орналасымы:
сөз басында кездеспейді
Жиілігі:
жиі кездеседі
Ұқсастығы:
орыс, ағылшын тілінде бар.
Тағы да ғылыми негізге жүгінетін болсақ, Халықаралық 
Фонетикалық Әліпби (ХФӘ немесе МФА – Международный 
Фонетический Алфавит) үлгісі бойынша бұл дауыссыз дыбыстың, 
өзінің жасалымына (артикуляциясына) лайық, әліпби таңбасы 
латынның [
y]
болуға тиіс. Бұдан әрі қарай осы таңбаны тұрақты 
пайдаланатын боламыз.
Енді неге «шала дауысты» болып жүргеніне тоқталайық. Өйткені: 
бірінші, оның жасалымы (артикуляциясы) дауыстыға ұқсайды, себебі 
ауыз қуысында кедергі жоқ; екінші, оның тілдегі қызметі дауыссызға 
ұқсайды, себебі буын құрай алмайды. Тіл жүйесінде оның екінші 
қызметі басым болып есептеледі, сондықтан да ол дауыссыз дыбыс 
болып саналады.
Дауыссыз 
й[y]
дыбысын жоғалтып жүргеніміздің тағы бір себебі 
«жалған естілім» болып табылады. Қазақ тілінде сөз басында кезде-
спейтін бес дауыссыз дыбыстың бірі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет